Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Сәтпаев (Зейінов) Ә. З

Сәтпаев (Зейінов) Әбікей Зейінұлы – ірі педагог, Семей Губерниялық Халыққа білім беру бөлімі төрағасы, Фрунзе педагогикалық институтының  оқытушысыСәтпаев (Зейінов) Әбікей Зейінұлы (1881-1937) – ірі педагог, Семей Губерниялық Халыққа білім беру бөлімі төрағасы, Омск жұмысшылар факультеті, мұғалімдер семинариясы, Фрунзе педагогикалық институтының  оқытушысы, «Алаш Орда» ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы. 

1881 жылы Павлодар уезі Ақкелін болысы Шадра аулында (қазір Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ.И.Сәтпаев атындағы совхоз) дүниеге келген. 1920 жылдан бері Коммунистік партия мүшесі. 

1908 ж. Семей мұғалімдер семинариясын орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. 1908-1910 жж. Павлодар уезі болысында оқытушы,  ал, 1910-1917 жж. Павлодар екі класты училищесінде қызмет етті. 

1917 ж. Орынбордағы Бірінші жалпықазақ сьезіне қатысты, Құрылтай жиналысында Петроград Жалпы мұсылман Одағына делегат және Алаш партиясы атынан Ақмола, Семей облыстары депутаттығына кандидат болып сайланған. 1918-1920 жж. – Семей облысы Земство басқармасы мүшесі, Білім беру бөлімінің меңгерушісі, Семей облысында Алашорда Одағы мүшесі және Сібір Уақытша үкіметінің Алашорда Әскери штабы өкілі міндеттерін атқарды.

1920-1921 жж. Губерндік халыққа білім беру бөлімі төрағасы, Семей мұғалімдер семинариясында оқытушы қызметтерін атқарды. 1922-1927 жж. Семей педагогика техникумының директоры. 1927 ж. соңына дейін Омск жұмысшы факультетінде оқытушы болды.

1937 жылы алашорда қозғалысына қатысқаны үшін, ату жазасы үкім етілді.

1930 ж. ауқатты отбасынан шығуы, алаш қозғалысы мүшесі, ықпалды педагог статусы болуы себепті НКВД органдарының қуғын-сүргініне ұшырады. Сондықтан, Қырғызстанға көшіп Бішкек педагогика институтында жұмыс істеді. «Таң» («Утро») және «Сана» басылымдарында халық ағарту мәселелері бойынша мақалалар жариялады.

 

Ә . Сәтбаев туралы әдебиеттер

Литература о Сатбаеве А.

 

Кітаптар – Книги

 

Кереку - Баян кітапханасы  Рухнама Кітапта [Мәтін] : биография (автобиография). 12-кітап. Әбікей Сәтбаев. - Павлодар : С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. - 2003. - 109 б.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс баспасы, 2009. - 544 б. – Сәтпаев Әбікей Зейінұлы: б. 285.

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін] : 10 томдық. Т. 6 : Ұлттық тәлім-тәрбиелік ғылымдардың дамып, қалыптасу тарихынан : 1920-2000 жылдар. - Алматы : Сөздік - Cловарь, 2009. - 400 б.

Әлемдік педагогикалық ой-сана [Мәтін] : 10 томдық / Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы. Т. 10 : XV-XX ғғ. қазақ ойшыл оқымыстыларының тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері. - Алматы : Таймас, 2010. - 400 б.

Алаштың білім ордасы [Мәтін] / бас ред: Ш. А. Жанаева. - Семей : Тенгри, 2013. - 293 б.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. – Алматы : Сардар, 2014. – 528 б. – Сәтпаев Әбікей Зейінұлы: б. 357-358.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]: энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. – Сәтбаев Әбікей Зейінұлы: б. 673.

 

Мақалалар – Статьи

 

Садыкова, К. Ж. Әбікей Зейінұлы Сәтбаев [Мәтін] / К. Ж. Садыкова, А. М. Садыкова // Ғылыми журнал С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. - 2004. - № 1. – Б. 32-42.

Жақсыбаев, С. Есімі ел есінде [Мәтін] : [Ә. Сәтбаев туралы] / С. Жақсыбаев // Сарыарқа самалы. - 2008. - 19 ақпан. - С. 5.

Жанаева, Ш. А. Семейдің мұғалімдер семинариясы және Сәтбаевтар әулетінің үш өқілі / Ш. А. Жанаева // Қазақ әдебиеті. - 2009. -10-16 сәүір. - Б. 10.

Утюбаев, Е. Ш. Әбікей Зуйінұлы Сәтбаевтың өмірі мен қызметі/ Е. Ш. Утюбаев // Арнайы басылым Қазақстан педагогикалық хабаршысы "Мәшһүр-Жүсіп мұрасы : таным және тағылым" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның материалдар жинағы. - 2009. - № 2. – Б. 192-198.

Мұзафаров, Б. Н. Әбікей Сәтбаев аса көрнекті ұстаз-ағартушы [Мәтін] / Б. Н. Мұзафаров, Е. К. Рахимов // Академик Қ. И. Сәтбаевтың 110-жылдығына арналған "Ғылым және білім : іргелі негіздері, технологиялары және инновациялары" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Т. 2. - Павлодар : ПМПИ, 2009. - Б. 102-106.

Сәтбаев Әбікей – Алашорданың Семей облыстық комитетінің мүшес // Восточная Алашорда. Сборник документов. Составители Е.Б. Сыдыков и др. - Семей, 2010. - 425 с. - Сатбаев Абикей: с. 54,97.

Садыкова, К. Әбікей Сәтбаев - ұстаздардың ұстазы [Мәтін] / К. Садыкова // "ІХ Седельников оқулары. Көптілділік : қазіргі хал-ахуалы және болашағы" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. Т. 1. – Павлодар : ПМПИ, 2011. - Б. 309- 315.

Хамитова, М. А. Қазақ зиялылары және ұлттық рухани көзқарастар табиғаты [Мәтін] / М. А. Хамитова // Отан тарихы. - 2015. - № 3. - Б. 100-109.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Сатпаев Абикей Зеинович [Электронный ресурс] : [биография] //bibliotekar.kz – Казахская библиотека : сайт. – Режим доступа : http://bibliotekar.kz/svet-ochaga-shamshijabanu-satpaeva/satpaev-abikei-zeinovich.html (09.02.2017)

Просветители казахской земли - Муса Шорманов и Абикей Сатпаев [Электронный ресурс] : [биография] // ПАВЛОДАРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ : сайт. – Режим доступа : http://www.ppi.kz/pedagogi-prosvetiteli (09.02.2017)

Алаш партиясыныңқұрылуы мен мақсаты [Электрондық ресурс] : [Ә. Сәтбаев туралы ақпараты бар] //Bigox.kz : сайт. – Режим доступа : http://bigox.kz/alash-partiyasynyn-kuryluy-men-maksaty/ (09.02.2017)

Әбікей Сәтпаев [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/Әбікей_Сәтпаев (09.02.2017)