Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Қозыбағаров А.

Қозыбағаров Ахметжан – саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді қайраткеріҚозыбағаров Ахметжан (1867-1937) – саяси және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының белсенді қайраткері.

1879 жылы 1 мамырда Семей облысы Шыңғыстау болысында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы), Әтей ауылында дүниеге келген. Семейде мектеп-интернатты бітірген соң, Омбы қ. 4-жылдық фельдшерлік курста оқиды (1901-1906 жж.), қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысады. Омбыда Ахметжан Қозыбағаров «Бірлік» жастар қозғалысына қатысып, Әбілқайыр Досов, Жанайдар Сәдуақасов, Хамза Жүсіпбековтермен танысады.

Осы кезеңде Алаш қозғалысының ықпалымен Ахметжан Қозыбағаровтың саяси көзқарасы қалыптасып, ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз қалды. Ол Алаш идеясын берік ұстанған алаш ардагері еді.

Ахметжан Ресей империясына 200-ден аса жыл тәуелді болған қазақ халқының ауыр тағдыры туралы ойланатын.

Оқудан кейін 1906-1918 жж. Семей қ. губерндік ауруханасында фельдшер болып жұмыс істеді.

Әлихан Бөкейханов қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым – «Алаш» партиясын құрғаннан кейін, Ахметжан Қозыбағаров 1917 ж. наурыз-сәуірінде Семей қазақ комитетінің мүшесі болады (Облыстық қазақ комитеті кеңесі). 1917 жылы желтоқсанда Жалпықазақ сьезінде Қазақ автономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов осы тұңғыш Қазақ автономиясының төрағасы болып сайланады.

Сол кезеңде, 1917-18 жж. – Семей қалалық думасының мүшесі, 1-ші Семей облыстық қазақ сьезіне делегат ретінде қатысып, онда облыстық қазақ комитетінің мүшесі болып сайланады (сәуір-мамыр 1917 ж.).

1917 ж. шілдесінде Ахметжан Қозыбағаров Орынборда өткен І-Жалпықазақ сьезіне делегаттыққа ұсынылады, онда ол Семей облысы қазақтары атынан Ресей Құрылтай Жиналысына №8 - кандидат болып тіркеледі. Сьезд жұмысына Ә. Бөкейханов, Г. Потанин, Ә. Ермеков, Х. Ғаббасов, М. Боштаев, Ж. Ақбаев, Б. Сәрсенов қатысқан. Сьезде ұлттық автономия, мемлекеттік билік, сот, білім беру, ұлттық милиция, земства, дін және т.б. қоғамдық-саяси мәселелер қаралды.

«Қазақ» газеті Қозыбағаровтың фельдшерлік жұмысы туралы жазып, Семей уездік земство басқарма өз ұлтын, өз халқын шынайы құрметтеген азамат ретінде көрсетті. 1917 ж. желтоқсанынан 1918 ж. наурызына дейін Қозыбағаров төрағасы қызметіне ұсынылды (Төтенше уезд жиналысының 1-ші сьезінде 6-17.12.1917 ж. сайланды). 1918 ж. наурызынан – Алашорда атынан Семей уездік шаруалар мен қырғыз депутаттары Кеңесінің мүшесі.

Ахметжан Қозыбағаров қазақ мектептерін ашуға және ұлттық педагогика кадрларын дайындауға қатысты. Бұл жұмысқа Мәннан Тұрғанбаев, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Әбікей және Қаныш Сәтбаевтар қатысып, бірге атқарды. Бұл кезде екі қазақ мектебі, бір мұсылман және орта білім беретін әйелдер мектептері ашылды.

1918 ж. «Алаш» партиясының Семей облыстық кеңесінің мүшесі болып сайланды.

1920 ж. қарай жаңадан ашылған бастауыш мектептер саны жетпіске жетті. Дегенмен, педагогикалық кадрлар мен оқу құралдары жетіспеді. Ол жөнінде Ахметжан Қозыбағаров «Қазақ» газетінің 1918 ж. 16 сентябрь, № 265 санындағы «Оқу құралдары» мақаласында айтып жазған. 1921-22 жж. Шыңғыстауда Арқат дәрігерлік бөлімшесін басқарып, өз қаржысына емхана құрлысын салды. Емханада 16 бөлімше ашылды.  

1973 жылы Арқатқа Ахметжан Қозыбағаровтың ұлы Алаш келіп, бұрынғы дәрігер Әзімжанмен кездеседі. Кездесу барысында Емхананың тек 1963 жылға дейін ғана жұмыс істегені айқындалады.

1923-1927 жж. Қозыбағаров кооперация басқармасының төрағасы, кейіннен төраға орынбасары қызметін атқарады.

1929-1932 жж. Қозыбағаров түрмеге қамалады, соңынан кінәсі дәлелденбей бостандыққа шығады. Осыдан кейін Қозыбағаров Алматы қ. келіп, 1932-37 жж. №2 кірпіш зауытының амбулаториясында меңгеруші болады.

Ахметжан Қозыбағаров 1937 жылы 25 тамызда Семей түрмесіне қамалып, ату жазасына кесіледі.

1957 жылы ақталған.

 

А. Қозыбағаровтың өмірі мен қайраткерлігі туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности Козбагарова А.

Кітаптар - Книги

Алаш қозғалысы [Мәтін] : құжаттар мен материалдар жинағы. Желтоқсан 1917ж. – мамыр 1920 жж. Т. 2. - Алматы : Алаш, 2005. - 496 б.

Алаш қозғалысы [Мәтін] : құжаттар мен материалдар жинағы. Сәуір 1920-1928 жж.  Т. 3. Кіт. 1. - Алматы : Ел-шежіре, 2007. - 304 б.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы : Арыс, 2009. - Қозыбағаров Ахметжан: б. 228.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Сардар, 2014. - Қозыбағаров Ахметжан: б. 275.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін]: энциклопедия. – Алматы : Қазақ энциклопедиясы. - 2014. - Қозыбағаров Ахметжан: б. 464.

***

 Алаш Орда[Текст]: сборник документов / сост. Н. Мартыненко. – Алма-Ата: Айкап, 1992. - 192 с.

Дарю тебе жизнь…[Текст]: управление архивов и документации Восточно-Казахстанской области. Центр документации Восточно-Казахстанской области.- Семей, 2007.- 34 с.

История Казахстана[Текст]: энциклопедический справочник. – Алматы: ТОО Аруна Ltci. – 2010. – 632 с. – Козыбагаров Ахметжан.

 

Мақалалар - Статьи

«Қазақ» газеті [Мәтін] : Алаш азаматтарының рухына бағышталады / құраст.: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сақов. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998. -Қозыбағар ұғлы Ахметжан: б. 407, 416, 514.

Сейсенұлы, Д. Алаштың Ахметжаны еді… [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Дидар. - 2000. - 3 маусым. - Б. 4.

Садырбаев, А. Ахметжан Қозбағаров [Мәтін] / А. Садырбаев // Аудан тынысы. - 2009. - 4 желтоқсан. - Б. 3. ; 11 желтоқсан. - Б. 3 ; 18 желтоқсан. - Б. 3 ; 8 қаңтар. - Б. 3.

Кенемолдин, М. Алаштың ардагер азаматы [Мәтін] : [А.Қозыбағаров туралы ] / М. Кенемолдин // Абай. - 2011. - № 1. - Б. 71.

Сыдықов, М. Қ. Жәкула және оның заманы мен замандастары [Мәтін] / М. Қ. Сыдықов. - Павлодар : Типография Сытина, 2013. - Б. 284. (Қозбағаров Ахметжан туралы ақпарат берілген).

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

Козыбагаров Ахметжан (1867-1937) [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная библиотека им. Абая : сайт. - Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=2884&lang=ru  (01.02.2017)

Козбагаров Ахмеджан [..1885 - 11.10.1937][Электронный ресурс] : [биография] // ЦентрАзия : сайт. - Режим доступа : http://www.centrasia.ru/person2.php?st=1231315274  (01.02.2017)

Ахметжан Қозыбағаров [Электронный ресурс] : [биография] // Уикипедия — ашық энциклопедиясы : сайт. - Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%B6%D0%B0%D0%BD_%D2%9A%D0%BE%D0%B7%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B2(01.02.2017)