Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Мұстанбаев Ы.

Мұстанбаев Ыдырыс – Алаш қозғалысына қатысушы, әдеби сыншы, абайтанушыМұстанбаев Ыдырыс (1898-1937) – Алаш қозғалысына қатысушы, әдеби сыншы, абайтанушы.

1898 жылы 8 қарашада Шығыс Қазақстан облысы жарма ауданында дүиеге келген. Тінібай медресесін, екі кластық орыс-қазақ училищесін, Семей гимназиясын бітірген. Поштада телеграфист болып жұмыс істеген. 1918 ж. Семейде Алаш атты әскер полкын құруға қатысқан. 1919-1921 жж. Семей губревкомы мен губисполком мүшесі ретінде Семей, Өскемен, Аягөз, Зайсан уездерінде басшылық қызметтер атқарды. 1920 ж. КАССР Құрылтай сьезінде ЦИК мүшесі болып сайланды. 1921-1923 жж. – Орал облысы прокуроры; 1924-1925 жж. – Ақмола губерниясы прокуроры; 1925-1926 жж. – Сырдария губерндік атқару комитеті төрағасы, КазЦИК нұсқаушысы. 1926 ж. «Сырдария ісі» және «Шаян ісі» бойынша айыпталды. 1926-1927 жж. – КАССР байланыс наркомы; 1927 ж. Семей қаласында атаман Анненковтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болды.

Өмірінің соңғы жылдары – кеңестік, партиялық және шаруашылық жұмыстармен айналысты. Мұстанбаев жер мәселесі, ауылдағы тап күресі, байларды тәркілеу мәселесі бойынша партия және үкімет саясатымен, өлкелік үкімет басшысы Ф.И.Голощекиннің ұлттық саясатымен келіспеуіне қарай  бірнеше рет «сәдуақасовшыл» деген айыппен партия қатарынан шығарылды. 

Мұстанбаев Қазақстанның әдеби өміріне белсенді түрде қатысып, Абай, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтың әдеби мұрасын кеңестік және идеологиялық органдардың шабуылынан қорғады.  

Мұстанбаев Ыдырыс 1933 жылы 17 қаңтарда қамауға алынып, ОГПУ Коллегиясының 1933 ж. 4 шілде қаулысымен Еңбекпен түзеу лагеріне УК РСФСР 58 б. 2 пп. бойынша контрреволюциялық қызметі үшін  5 жылға айдалды.

Алматы облысы УНКВД үштігінің қаулысымен 1937 ж. 16 қарашада «антисоветтік ұлттық террорлық және шпиондық ұйымға қатысқаны үшін» ату жазасына кесілді.

Қазақ ССР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша Сот Коллегиясының  1959 ж. 9 мамыр  № 22/048н ұйғарымымен Алматы облысы УНКВД үштігінің Ы.Мұстанбаевқа қатысты 1937 ж. 15 қарашадағы қаулысы, оның қылмыстық ісі болмауы себепті  тоқтатылды. Ол 1991 жылы 18 ақпанда ақталды.  

 

Ы. М. Мұстанбаевтың мерзімді басылымдар мен жинақтардағы мақалалары

Публикации Мустанбаева И. М. в периодических изданиях и сборниках

 

Мұстанбайұлы, Ы. Біздіңталастарымыз [Мәтін] : [ақындардыңмінездеріжәнеСәбиттіңмінездері / Ы. Мұстанбайұлы// "Жаңаәдебиет", 1928. - № 5,6] // Жалын. - 1990. - № 4. - Б. 35-38.

***

Мустамбаев, И. Поэт Абай и его философия [Текст] : [по поводу статьи тов. Кабулова "Философия Абая и ее критика"] / И. Мустамбаев // Абай. - 1992. - № 2. - С. 61-65.

Мустамбаев, И. Речь общественного обвинителя : на судебном процессе по делу [атамана] Анненкова [в годы гражданской войны 1918- 1920 гг.] [Текст] / И. Мустамбаев // Абай. - 1993. - № 7. - С. 27-28.

Мустамбаев, Ы. Джумабаев и «Девяносто» [Текст] / Ы. Мустамбаев // Алаш ақиықтары: мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар. - Алматы : Алаш, 2006. - С. 153.

Мустамбаев, Ы. Роковое преступление [Текст] / Ы. Мустамбаев // Алашақиықтары : мақалалар, деректіқұжаттар, аудармалар. - Алматы :Алаш, 2006. - С. 144.

 

Ы. М. Мұстанбаевтың өмірі мен қайраткерлігі туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности Мустанбаева И. М.

 

Шәкеев, Н. Қандығатайдан шыққан қайраткер [Мәтін] : Ы. Мұстамбаев туралы мұрағат деректері / Н. Шәкеев // Жалын. - 2006. - № 5. - Б. 43-48.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы :Арыс, 2009. - МұстанбаевЫдырыс: б. 247.

Сағатова, Ш. Б. 1920 жылдардағы Ы. Мұстамбаевтыңсыншылдықкөзқарасы [Мәтін] / Ш. Б. Сағатова // ҚазҰУхабаршысы. Филология сериясы = Вестник КазНУ. Серия филологическая. - 2009. - № 5/6. - Б. 264-267.

Алшынбай, Е. Мұстамбайдың "бәйге шабары" [Мәтін] / Е. Алшынбай // Тұмар. - 2012. - № 1. - Б. 62-65.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Сардар, 2014. -Мұстанбаев Ыдырыс: б. 314.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Мұстанбаев Ыдырыс: б. 552.

***

Казахстан: национальная энциклопедия [Текст] : в 4-х т. Т. 4 / гл. ред. Б. Аяган. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2006. - Мустамбаев И. М.: с. 67-68.

Красный террор [Текст] :  политическая история Казахстана / сост.: М. К. Койгелдиев, В. И. Полулях, Ш. Б. Тлеубаев. - Алматы : Типография оперативной печати, 2008. - Мустамбаев И. М.: с. 164-174.

История Казахстана [Текст] : энциклопедический словарь. - Алматы : Аруна, 2010. - Мустамбаев И. М.: с. 426.

Мухамедхан, Д. Бывали хуже времена. Но не было подлей [Текст] / Д. Мухамедхан // Казахстанская правда. - 2013. - 31 мая. - С. 13. (о КаюмеМухамедханове, упоминается его фио).

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ресурсы

 

ГУБЕРНИЯ ПРОКУРОРЫ [Электрондық ресурс] : [Мұстанбаев Ы. туралы] // portal.kazntu.kz : сайт. – Режим доступа : http://portal.kazntu.kz/files/publicate/2013-09-28-1411_5.pdf  (03.02.2017)

Мустанбаев Идрис (1898-1937) [Электронный ресурс] : [биография] // alash.semeylib.kz : сайт. – Режим доступа : http://alash.semeylib.kz/?page_id=392&lang=ru (03.02.2017)

Мустамбаев Идрис (1898-1937) [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=2893&lang=ru (03.02.2017)