Известные имена

Есімдер

Болезни глаз у человека. Известные болезни глаз лечение. Болезни глаз симптомы. Лечение простуды в домашних условиях. Самое быстрое лечение простуды. Простуда лечение лекарства. Хороший стоматолог отзывы. Самый добрый стоматолог отзывы. Ассоциация стоматологов отзывы. Занятия йогой дома. Быстрая йога для начинающих дома. Как правильно заниматься йогой дома. Обертывание в домашних условиях. Быстрое обертывание живота в домашних условиях. Обертывание в домашних условиях рецепты. Наборы спортивного питания. Вкусная спортивное питание для набора массы. Спортивное питание оптом. Как избавиться от перхоти. Хороший шампунь от перхоти отзывы. Как избавиться от перхоти навсегда. Зеленый чай для похудения. Главные свойства зеленого чая. Можно ли пить зеленый чай.

Сәрсенов Б.

Сәрсенов Биахмет – көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, Алаш үкіметінің мүшесіСәрсенов Биахмет (1885-1921) – көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, Алаш үкіметінің мүшесі.

1885 жылы Семей облысы, Нарын болысы (қазір Ақсуат ауылы, Шығыс Қазақстан облысы) Зайсан уезінде дүниеге келген. Семей мұғалімдер семинариясын бітірген. Семинариядан кейін ауыл мектебінде мұғалімдік қызмет атқарды. Кейіннен болыс төрағасы кезінде бастауыш мектептер ашқан. Ақпан және Қазан төңкерісі жылдары біраз уақыт ұлтшылдық ықпалында болды. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет жұмысына қатысты.

Б. Сәрсенов 1917 жылы күзде Алаш қайраткерлерінің шақыруымен Семейге келіп, облыстық комитет мүшесі болып қызмет істейді.

1917 ж. қарашада Семей уезінің Земство жиналысына интеллигенция өкілдері Ш. Құдайбердиев, А. Ермеков, Х. Ғаббасов, Б. Сәрсенов, А. Молдабаев, А. Қозыбағаров, Р. Мәрсеков, Н. Құлжанова, К. Жанатаев, И. Қазанғапов, М. Малдыбаев т.б. қатысады.

1918 жылы желтоқсанда Биахмет Сәрсенов Орынборда өткен екінші жалпы қазақ съезіне қатысады, онда арнайы оқу комиссиясы құрылды. Комиссияны Ахмет Байтұрсынов басқарды, оның құрамында   М. Жұмабаев, Е. Омаров, Б. Сәрсенов, Т. Шонанов т.б. болды.

Бұл кезде Семей Алашорда үкіметі құрамына қарайтын, ал, Биахмет Сәрсенов халық ағарту ісі бөлімін басқарды. Ол мектептер ашу және оларды қаржыландыру, қазақ балаларын оқыту және оқулықпен қамтамасыз ету мәселелерімен айналысты. Сонымен бірге, ол мұғалімдер курсында әртүрлі пәннен сабақ берді.

Биахмет Сәрсенов қаланың мәдени өміріне белсенді қатысты, «Қазақ» және «Сарыарқа» газеттеріне мақалаларын жариялады.

1920 жылы Биахмет Қазақ автономиялық республикасының астанасында білім саласы бойынша әртүрлі қызметтер атқарды. Сол кезеңде Орынбордағы мұғалімдер курсы және Қазақ халыққа білім беру институтында (КИНО) ұстаздық етеді. Мұрағат мәліметтері бойынша Б.Сәрсеновке физика, математика оқулықтарын әзірлеу ұсынылады. Дегенмен ол жүзеге аспады. Б.Сәрсенов 1921 жылы 22 тамызда Орынбор қ. 36 жасында аурудан қайтыс болады.  

Б. Сәрсеновты есте қалдыру үшін Ж.Аймауытов пен М.Тұрғанбаев «Қазақ тілі» (қазір «Семей таңы») газетіне «Бияш» атты мақала жариялаған.

1937-1938 жж. Биахмет Сәрсеновтың әкесі (Шегедек) де, оның жалғыз ұлы Ғалихан да репрессияға ұшырап, қуғын-сүргін азабын тартқан.  

 

Б. Сәрсеновтің мерзімді басылымдардағы мақалалары

Публикации Сарсенова Б. в периодических изданиях

 

Сәрсенов, Б. Ұлт қазынасы [Мәтін] : сарғайса да газеттің ақ парағы, өткен күндер тарих боп сақталады / Б. Сәрсенов // Ертіс өңірі. - 2004. - 2 қыркүйек. - Б. 27.

 

Б. Сәрсенов туралы әдебиеттер

Литература о Сарсенове Б.

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. – Сәрсенов Биахмет: б. 282-283.

Тілешов, Е. Алаш қозғалысы [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық / Е. Тілешов, Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Сардар, 2014. - Сәрсенұлы Биахмет: б. 354-355.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Сәрсенов Биахмет: б. 672.

«Қазақ» газеті [Мәтін] : Алаш азаматтарының рухына бағышталады / құраст.: Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сахов. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998. - HYPERLINK "http://yadi.sk/d/DNIf5cxLHy9bW"560 б. (Б. Сәрсенов туралы ақпарат берілген).

Сыдықов, Е. Биахмет Сәрсенов [Мәтін] / Е. Сыдықов // Шәкәрім және Алашорда : ғылымижинақ. - Новосибирск : Талер-пресс, 2008. - Б. 95-101.

Жанболатова, Р. Р. Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін] / Р. Р. Жанболатова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - 2009. - № 8. - Б. 7-10. (Б. Сәрсенов туралы ақпарат берілген).

Қуантайұлы, Н. Ахаңның оң қолы [Мәтін] : жерлесіміз, Алаш Орданың көрнекті қайраткері Б. Сәрсенов жайлы естелік / Н. Қуантайұлы // Дидар. - 2010. - 11 қараша. - Б. 7.

Смағұлова, С. Алаштың беймәлім қайраткері Биахмет [Мәтін] / С. Смағұлова // Дала мен қала. - 2011. - 30 мамыр. - Б. 10.


Жұртбай, Т. Алашордашылар дың мақсаты біртұтас қазақ мемлекетін құруеді / Т. Жұртбай; әңг. А. Кемелбаева // Жұлдыздар отбасы. Аңыз адам. - 2014. - № 24. - Б. 12-13.

Чарахметов, К. М. Тау тұлға – Биахмет Сарсенов (1885-1921) [Мәтін] / К. М. Чарахметов, В. К. Маратова // Білім әлемінде - В мире образования. - 2015. - № 6. - Б. 23-26.

Еңсенов, Қ. Алаштың арысы – Биахмет Сәрсенов / Қ. Еңсенов // Қазақ тарихы. - 2016.- № 4. - Б. 14-17.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Сарсенов Биахмет (1885-1921) [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=2898(09.02.2017)

Биахмет_Шигедекұлы_Сәрсенов [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : https://kk.wikipedia.org/wiki/Биахмет_Шигедекұлы_Сәрсенов(09.02.2017)