Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  
Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Бұзыбаев Т.

Бұзыбаев ТоқтасынБұзыбаев Тоқтасын, генерал (1949)

Бұзыбаев Тоқтасын, 1949 жылы 8 мамырда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Үлбі ауылында дүниеге келген.
1967 жылдың 1 шілдесінен Қарулы Күштер қатарында.
1971 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің жоғары шекарашылар командалық училищесін, 1981 жылы Мәскеудегі Әскери академияны бітірген.
Қазақстан Республикасы шекара әскерлері қолбасшысы қызметіне тағайындалғанға дейін (1997) Шығыс шекара округінде застава бастығының саяси жұмыстар жөніндегі орынбасарлығынан бастап, ҚР Шекара әскерлері қолбасшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрлігінің айырықша тапсырмалар жөніндегі офицері-адьютаннттар бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
1995 жылдан генерал - майор. Бірнеше жауынгерлік марапаттары бар.

Бұзыбаев Тоқтасын туралы:

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.
Исполнительный комитет СНГ официальный сайт : http://www.cis.minsk.by/news.php?id=197
Центр военно-политических исследований -http://eurasian-defence.ru/