Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Зайсанов Х.

Зайсанов ХамзаЗайсанов Хамза (Мүдәріс), генерал (1912-1965)

Зайсанов Хамза 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданына қарасты өңірде дүниеге келген.
8-9 жасында татар саудагерлеріне жалданып, Моңғолияға өтеді. Сол елдегі бір ауылда қолбала болып ержетеді. Кейін Қобда, Ұлан-Батордағы балалар үйінде тәрбиеленеді. Моңғолия үкіметі оны КСРО-дағы ұшқыштар даярлайтын училищеге оқуға жібереді.
1939 жылы әскери ұшқыш Хамза Зайсанов Халхин-Гол шайқасы кезінде ерекше көзге түсіп, бірнеше жапон ұшақтарын атып түсіреді.
1941 жылы Кеңес Одағы мен Германия арасында соғыс басталған кезде өз еркімен майданға сұранады. Бірақ Моңғолия үкіметі тәжірибелі офицерді жібермейді және 1942 жылы оған генерал-майор атағын беріп, Моңғалия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы етіп тағайындайды.
1950 жылдары ол Қазақстанға қоныс аударғысы келеді, бірақ Кеңес үкіметі оны қабылдамаған.
1965 жылы 53 жасында Ұлан-Батордағы әскери госпитальде дүние салды.
Моңғолия астанасындағы «Алтын биік» зиратына жерленді.
Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Батырдың есімі Баян Өлгий аймағының Қызылқайың елді мекеніндегі орта мектепке берілген.
Моңғолия Қорғаныс министрлігі жанындағы әскери-ғылыми зерттеу институты генералдың өмірі мен қызметі зерттеп, моңғол тілінде кітап шығарған.

Зайсанов Хамза туралы әдебиет

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурс 

Центр Азия -http://www.centrasia.ru/person2.php?&st=1195920040