Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Әбеулов М.

Abeulov Mukatay Әбеулов Мұқатай  (1917-1945) - Кеңес Одағының Батыры.

1917 жылы Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Шұбартау ауданы Сарықамыс ауылында дүниеге келген. Білімі - орталау мектепті бітірген. 1938-40 жылдары Қызыл Армия қатарында әскери борышын өтеген.

Қызыл Армия қатарына 1941 жылы тамыз айында Семей облысының Бело-Ачинск аудандық әскери комиссариатынан шықырылған. 1944 жылдан КПСС мүшесі. Майдан даласында үш рет жараланып, қайтадан соғысқа кірген.

1941 жылдың тамызынан майданда болды. 152-гвардиялық танкіге қарсы артполктің зеңбірек нысанашысы (4-гвардиялық кавалерия корпусы, 2-Украина майданы), қатардағы жауынгер Әбеулов Венгрияны жаудан азат ету шайқасында көзге түсті.

1944 жылдың күзінде совет әскерлері румын-венгр шекарасына жетіп, Венгрия аумағында шабуылға шықты. Генерал Плиевтің бөлімшесі Венгрияның ірі өнеркәсіп орталығы Дебрецен қаласын азат етуге кірісіп, жаудың күшті қарсылығына тап болды. 30 танк, әуе десантының қолдауымен жау әскері біздің әскерлерге тылдан шабуыл жасады.

Шабуылды қайтаруға дайындалған батарея 152-гвардиялық танкке қарсы артиллерия полкі көп шығынға тап болып, күшті қаруланған жау әскерімен шайқасуға мәжбүр болды. Осындай сын сағатта Мұқатай нысанашы болып істейтін зеңбірекшілер тобы жау танктерінің жолын бөгеуге тапсырма алады. Жаудың күші басым, тең емес ұрыс басталды. Мұқатай нысанасын дәлдеп жаудың жақындағанын күтті. Танк пен зеңбіректің арасы жақындай түсті. Көп кешікпей мотор үні өшті. Тура көздеген снаряд оғы жау танкісінің шынжыр табанына тиіп қозғалтпай тастады. Мұқатай зеңбірегінің алдында төрт танк, төрт бронетранспортер отқа оранды, 50 гитлерші жер құшты.

Артиллеристің ерлігі туралы хабар корпуска тез тарады. Аз ғана зеңбірекшілер тобы фашист танктерінің жолын бөгеп, біздің бөлімшелердің шабуылына жол ашты.

Бихор-Урваи, Епископиа-Бихор, Тепе елді мекендерін, Надькалло қаласын жаудан босатуда ерен ерлік үлгісін көрсетті. Кескілескен шайқаста жаяу әскерді бүркемелей отырып, 8-26 қазан аралығында өз зеңбірегінен үш үлкен калибрлі зенит қондырғысын, екі танк, екі миномет батареясын, үш пулемет, алты автомашина 60-қа жуық фашистің көзін құртқан. Мұқатайдың жеңіске қосқан үлесі осындай еді.

Мұқатай Әбеулов 1944 жылы 16 желтоқсанда Венгрияның Мохора елді мекенінде (Будапешт қаласынан солтүстік-шығысқа таман 50 км.жерде) болған шайқаста танк шабуылына тойтарыс беру кезінде ерлікпен қаза тапты. Махора селосының орталығында жерленген.

28 сәуір 1945 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен гвардия казагы Әбеулов Мұқатайға Кеңес Одағының батыры (қаза тапқаннан кейін) атағы берілді. М. Әбеулов Ленин, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Батырдың туған жерінде мүсін-ескерткіш орнатылған.

Деректер

Источники

 

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.15.

Жақыпбаев, Т. Мұқатай Әбеулов [Мәтін] /Т.  Жақыпбаев. -  Алматы: Жазушы.-1971. - 21 б.

 

Мақалалар-Статьи

 

Нұрпейісов, М. Отан үшін от кешкен аягөздіктер [Мәтін] /М.Нұрпейісов // Аягөз жаңалықтары. - 2009. - 2 мамыр. - С. 4.

Төлемісов, К. Батырға мың құрмет те артық емес [Мәтін] : [Кеңес Одағының Батыры, семейлік Мұқатай Әбеулов туралы] / К. Төлемісов ; әңгімелеск. Е. Қабыш // Ертіс өңірі. - 2010. - 28 сәуір.- Б.19.

Ұлы Отан соғысы: қазақтан қанша батыр шықты? [Мәтін] // Егемен Қазақстан. - 2011. - 7 мамыр.- Б.4-5.

Щеглов В. Стартовала акция [Текст] : [об акции «Ерлігі елге өнеге, ұрпаққа ұран болған ардагерлер», посвященной Герою Советского Союза, уроженцу Аягозского района ВКО Мукатаю Абеулову] / В. Щеглов // Усть-Каменогорск. - 2015. - 26 февр. - С. 8.

Давайте, люди, никогда об этом не забудем ! [Текст] // Вести Семей. - 2015. - 10 февраля. - С. 4

Таргынский, Кир. Посвящалось герою [Текст] / К. Таргынский // 7 дней. - 2015. - 5 марта. - С. 2

 

Интернет-ресурсы

Интернет-ресурстар