Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  
Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Батиньков С.А.

Батиньков Сергей Алексеевич (1920 -1985) - Кеңес Одағының батыры.

Сергей Алексеевич Батиньков - 4-ші Украина майданының 8-ші әуе әскерінің 8-ші штурмалық авиациялық корпусының 227-ші штурмалық авиациялық дивизиясының 208-ші штурмалық авиациялық полкінің эскадрилья командирі, капитан.

1920 жылы Семей қаласында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы) қызметші отбасында дүниеге келген. Ұлты - орыс. КПСС мүшесі. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1940 жылы Армия қатарына шақырылады. 1942 жылы Әскери–авиациялық училищені бітіреді. Әскери ұшқыш, полковник.

1942 жылы маусым айынан майдан шебінде. 4-Украина майданына қатысты. 227-штурмдық авиация дивизиясының 208-штрумдық авиаполкі құрамында Брянск, Воронеж, Оңтүстік Батыс, 1-ші және 4-ші Украина майдандарында соғысқан. 1942 жылдың тамыз айының басында 9 «Ил-2» ұшақ тобымен бірге Коротяк аумағында дұшпанның 3 мыңнан астам әскер легіне шабуыл жасап, оларға көп шығын әкелді. Жауға кенеттен соққы беріліп, бірнеше жүз атты әскері жойылды. Ұрыстың қызу кезінде Батиньков аяғынан жараланып, самолеті зақымданды. Машинасы жана бастайды. Өмірі қыл үстінде тұрды. Не істеу керек? "Парашютпен секіріп, гитлершілердің қолына түсу керек пе... Жоқ, олай болуы мүмкін емес. Онан да өлген артық" - деп ұйғарады Сергей. Қайсарлық пен ерлік өз айтқанын істетіп, ол әзер дегенде жанған машинаны өз жеріне қарай бұрады. Сол кеште майдан командирі армия генералы Ватутин батырға алғыс жариялайды.

1942-43 жылдары ол өз тобымен Сталинград, Житомир, Бердичев, Львов, Станислав (қазіргі Иваново-Франковск қ.) т.б. қалаларды азат етуге қатысты. Батиньков 157 рет әуеге көтеріліп, әуежай, теміржол, жау өткелдерін шабуылдаған. Жаудың Доннан Одерге дейінгі өткелдеріне шабуыл жасаған.

Ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен каһармандығы үшін 1945 жылғы 29 маусымда капитан С. А. Батиньковқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін 1951 жылы КСРО Қарулы күштері Әскери-әуе академиясын бітірген. Мәскеуде оқытушылық қызметте болып, 1975 жылы запасқа шыққан. 1985 жылы 13 наурызда қайтыс болған. Мәскеуде Кунцевскі зиратында жерленген (9-2 учаске).

Марапаттары: Ленин ордені, Үш бірдей Қызыл Ту ордендерімен, екі мәрте І-Дәрежелі Отан соғысы, ІІ-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «ІІІ-Дәрежелі КСРО қарулы күштері қатарында Отанға сіңірген қызметі үшін» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

С. Батиньков туралы әдебиеттер

Литература о Батинькове С.

Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С. 99-101. 

Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 127.

Семипалатинцы - Герои Советского Союза// Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.9

Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б. – С. 31.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Семипалатинску 285 лет. - Семипалатинск, 2003. - С. 45.

Герои страны

Документы о присвоенном звании Героя Советского Союза