Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Өтепов Б.

Өтепов Б. Баяш Өтепов (1896-1968)

Өскеменнің бұрынғы революциялық комитетінің мүшесі, 1920 жылдан партия қатарындағы ардагер большевик, Яков Ушановпен бірге Шығыс Қазақстан жерінде Совет өкіметін орнатушылардың бірі.
Ұландық. Есір бұлағының бойында «Красный Алтай» совхозының жерінде 1875 жылы туған. Әкесі Өтеп Бапанұлы Терістаңбалы руынан.

1896 жылы күнкөрістің қамымен Өскеменнің іргесінде, Долгов селосында, Денисов деген кулактың жалшысы болған, малын баққан, соқасын айдаған.Ауыр жұмыстан шаршап, қашып келген кездерінде дәулет дегенде жалғыз қара шолақ сиырынан басқа мал бітпеген әкесі бірде ұрсып, бірде алдап өмір тауқыметімен ерте есейіп келе жатқан баласын қалаға қайта апарып тастайтын. 1914 жылдан бастап Риддерде, Пожидаев дегеннің кірпіш заводында қара жұмысшысы болды. Сол заводта жүргенде кадет, эсер, большевик деген сөздерді жиі естиді. Кедейді жақтайды дегенді естігеннен кейін бүйрегі большевиктерге бұра береді. Иванов, Шептунов, Беляев сияқты көзі ашық орыс жұмысшыларымен танысып достасады. Совет өкіметін орнатуға белсене қатысқан қазақ большевигі Жұбандық Болғанбаевпен жақындасып, танысуы азаматтық тұлғасының кемелденуіне жағымды әсер етеді. Орыс достары жаңа ғана аздап хат танып келе жатқан Баяшқа жасырын әдебиеттерді тықпалап оқытып, большевик, меньшевик, кадет пен эсерлердің ұстаған жолдарын оңашада түсіндіріп қоятын. Революциялық көзқарасының қалыптасуына бай баласының орнына, орыс оқуына жіберілген, кейін «мировой судьяда» істеген, тілмаш болған, Өскемен Совдепіне мүшелікке сайланған Шөки Бәшіков игі әсер етеді..

1918 жылдың басында Шығыс Қазақстанда Совет өкіметі орнайды. Өскеменнің Ғали деген татар саудагерінің жалшысы болып жүргенде ревком шақыртып алып, Совет өкіметін орнату жұмысына тартады. Жұмысшы табының саналы өкілі, жүрегі дұрыс, капиталистер мен байлар ата жауы еті тірі қазақ жігіті, өнеркәсіпте ысылған, нағыз пролетариат қаладағы жаңа өкімет құрушылардың көзіне тез шалынады. Қарабұжыр болысынан шыққан Тәңірбергеннің Жанұзағы да кәсіпкер революционер ретінде қалыптасуына себепкер болады. Большевик жазушы Павел Петрович Бажовпен бірге Қазаншұңқыр, Ақжал рудниктерін Мариновка, Георгиевка селоларын аралап, еңбекші бұқара арасында үгіт жұмысын жүргізді. Бірнеше айдың ішінде он бір болыс елдің басшылығын советтендіріп, қазақ кедейлерін ұйымдастырып, ауыл Советтер мен болыстық Советтердің айналасында сенімді активтерге топтастырады.

Штаб Колшак-Аннеков бандаларының арасында қазақтың бай саудагері ретінде барлауға да жібереді.
1919-1920 жылдары Б. Өтепов Өскемен уездік атқару комитеті қазақ бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. Осы қызметте жүріп партияға «тілектестік білдірушіліктен» мүшелігіне өтеді. Совдеп мүшесі ретінде ол өзіне тапсырылған істі бар шын пейілімен атқарып, республикамызда ертеректе Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталғандардың бірі болды.

1927-1928 жылдарда жоғарыдан қоздырылған қысымтал құғын-сүргінге түседі. Мұның себебі ол ауқаттыларды тап жауы санап, қудалау саясатын қолдамайтынын жасырмайды. Партиядан шығарылып ісі сотқа түсіп, ізінше ақталады. Семейдегі тозақтан құтылғанымен ауылда сайлау хұқығынан айырылып, үй-ішімен «қара тізімге» жазылудан-қаралаудан құтыла алмайды. Салықтың астында қалып, колхозға да қабылдамайды. Ол жұмысшы мамандығын еске түсіріп , сол кезде салына бастаған Рубцовка-Риддер темір жолы құрылысын кірпішпен қамтитын қолөнерөндірістік артельге түсіп, мастер, аға мастер қызметін атқарған. Кілең орыстар жайлаған Черемшанка, Зимовье селоларында кірпішөндірісін ұйымдастырған. Ұланның қайсар ұланын Барнауылдағы «Сибстройиндустрия» комбинатының дирекциясы шақыртып алып, Томск темір жолының «Сибстрой» ағаш дайындау шаруашылығына тасымалдау бастығы етіп жібереді. Қауесет артынан мұнда да қуып жетеді. Қолында өзін ақтайтын күәліктер, анықтамаларын облаткомның алдына да көрсетіп, жаладан әзер құтылады.

Баяш Өтепов 1968 жылы 16 февральда 83 жасында қайтыс болды.

Өскемен қалалық атқару комитетінің 1986 жылы қабылданған шешімі бойынша
Өлкемізде Кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысқаны бағаланып, Өскеменнің жібек маталар комбинаты қалашығындағы жаңа көшеге Баяш Өтеповтің есімі берілген.

Өтепов Баяш туралы:

Жұмаханов Ж. Баяш қарттың бастан кешкендері [Мәтін] : очерк / Жұмаханов Ж. // Социалистік Қазақстан. - 1967. - 4 янв.- Б.
Мағзұмов М. Жалындап өткен жастық шақ [Мәтін] / Мағзұмов М. // Коммунизм туы. - 1980. - 5 июнь
Мәдиев Б. Азаматтық жол [Мәтін] / Мәдиев Б. // Жұлдыз. - 1967. - №10.- Б.107-112
Мәдиев Б. Қарт әңгімесінің сыры [Мәтін] / Мәдиев Б. // Социалистік Қазақстан. - 1960. - 29 июль
Мертенов М. Жалынды большевик жерлесіміз [Мәтін] / Мертенов М. // Коммунизм туы. - 1987. - 9 декабрь
Мусин М. Ұланның қайсар ұланы [Мәтін] : очерк / Мусин М. // Дидар. - 1992. - 7 сәуір
Сағымбеков Р. Алғашқы адымдар [Мәтін] / Сағымбеков Р. // Қазақ әдебиеті. - 1983. - 22 июль
Жұмаханов Ж. Баяш қарттың бастан кешкендері [Мәтін] : [Шығыс Қазақстанда Совет өкіметін нығайту үшін күрескен Б. Өтепов және Я. Ушанов туралы] / Ж. Жұмаханов // Социалистік Қазақстан. - 1967. - 5 январь
Сағымбеков Р. Алғашқы адымдар [Мәтін] : [Алтай өңірінде Совет өкіметін орнатушылар туралы] / Р. Сағымбеков // Қазақ әдебиеті. - 1983. - 22 июль
Мусин М. Ұланның қайсар ұланы [Баяш Өтеповтың өмір жолы туралы очерк]] / М. Мусин // Дидар. - 1968. - 7 сәуір
Мертенов М. Жалынды большевик жерлесіміз [Мәтін] : [Баяш Өтепов туралы] / М. Мертенов // Коммунизм туы . - 1987. - 25 декабрь
Мағзұмов М. Жалындап өткен жастық шақ [Мәтін] : [Өскеменде Совет өкіметін орнатуға тікелей араласқан Баяш Өтепов туралы] / М. Мағзұмов // Коммунизм туы . - 1980. - 5 июнь