Известные имена

Есімдер

Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.

Сүндетбаев С. С.

Самат Слямбекович Сүндетбаев (1929-1967) – тұңғыш дипломат-қазақ, қоғам қайраткері. Самат Слямбекович Сүндетбаев (1929-1967) – тұңғыш дипломат-қазақ, қоғам қайраткері.

1929 жылы 24 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Қарапайым ауыл баласы әкесінен жастай қалады. Ал, өгей әкесі Ұлы Отан соғысында қаза табады. Жасөспірім бала жастайынан тұрмыс тауқыметін тартып өседі.

1947 жылы орта мектепті алтын медальмен бітіріп, Семейдің сауда техникумына оқуға түседі. Техникумды үздік бітіріп, 1950 жылы Ленинградтың Энгельс атындағы сауда институтында оқиды.

1954-1958 жылдары ол – Гурьев, Ақтөбе облыстарында сауда басқармасы бастығының орынбасары, 1961-1963 жылдары – Қазақ ССР сауда министрлігі коллегиясының мүшесі, бөлім меңгерушісі. 1963 жылы Қазақстан Компартиясы ОК тағам және сауда өнеркәсібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып тағайындалды.

1964 жылы Қазақстан Компартиясы ОК жолдамасымен Мәскеудің Жоғары дипломатия мектебіне оқуға жіберіледі. С.Сүндетбаев Жоғары дипломатия мектебін үздік бітіріп, Йемен Халық Республикасына елшілік қызметіне жіберіледі. Кеңес дипломаты С.Сүндетбаев 1967 жылы Йемен Араб республикасында американың қолдау тобының қолынан қаза табады.

КСРО Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Үкіметінің ұйымдастыруымен елші елге жеткізіліп, Алматы қаласында жерленді. 1968 жылы 28 қазанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы дипломат Сүндетбаевты қайтыс болған соң Отанға сіңірген қызметі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапаттады.

Туған ауылы Қарауылда бір көше С.С.Сүндетбаев есімімен аталады, 1947-1950 жылдары дипломат оқыған техникумға мемориалды тақта орнатылды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылғанына 20 жыл толуына орай дипломатия қызметі музейінде Самат Сүндетбаевқа арналған стенд ашылды.

С. С. Cүндетбаев туралы әдебиеттер

Литература об Сундетбаеве С. С.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – С. С. Cүндетбаев : б.714.

Ақбердин, Т. Халқының сүйікті перзенті [Мәтін] / Т. Ақбердин // Ана тілі. - 2010. - 9 - 15 қыркүйек. – Б.7.

Жүнісжанов, М. Есімі енді белгілі болған елші : Абай ауданынан шыққан қоғам қайраткері, елші С. Сүндетбаев туралы [Мәтін] / М. Жүнісжанов // Егемен Қазақстан. - 2014. - 13 тамыз. - Б.10.

***

Акбердин, Т. Мужество дипломата [Текст] / Т. Акбердин // Мысль. - 2010. - №12. - С. 67-70

Кац, Г. Мужество дипломата [Текст] / Г. Кац // Наше дело. - 2016. - 18 февраля. - С.8.

Ыдырысов, Е. Дипломат Самат Сүндетбаев [Текст] / Е. Ыдырысов // Ертіс өңірі. - 2003. - 18 сәуір. - 27 б.