Известные имена

Есімдер

Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.

Жандосұлы К.

кенгирКеңгірбай Жандосұлы  (1735-1825) – Арғын руының ішіндегі Тобықтының атақты биі, ел басшысы, ұлы Абайдың 4-ші атасы.

Кеңгірбай Жандосұлы 1825 жылы Оңтүстік Қазақстандағы Кеңгір өзенінің бойында дүниеге келген. 17 жасында Абылай ханнан би атағын алған. Есімі елінің ұранына айналған. Тобықты жұртын Шыңғыстауға қоныстандырған адам. Сөзге шешен, ойға сұңғыла, көреген, қазақ халқының даналығын «Жеті жарғының» талабын жете меңгерген әрі берік ұстанған кемеңгер қайраткер.Ұлы Абай «Кеңгірбай би ел басшысы болмаса, Тобықты әркімге сіңіп, телім боп кетер еді» -деген екен. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Кеңгірбай туралы тарихи деректерде, естелік жырларда, дастандарда, шежіре жазбаларында көп айтылады. Абайдың Байкөкше ақынға жаздыртқан“Кеңгірбай би”дастанында да би өмірінен деректер молынан қамтылған. Сол сияқты “Абылай хан” тарихи дастанында:

“Кеңгірбай, Боранбай би ел үлгісі,

Ізбасты, Бұқар жырау сөз үлгісі.

Дұғагөй Шақшақ Жәнібектағы да бар,

Жан досы Абылайдың молда кісі”, - деп жазылған.Шәкерім,М.Әуезов, А.Құдайбердиев, С.Мұқанов, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин, т.б. көптеген белгілі ақын-жазушылардың шығармаларында Кеңгірбай тұлғасы жан-жақты сомдалған.

1996 ж. 22 тамызда Абай ауданында Кеңгірбай биге арналып үлкен ас берілді.Жидебайқорығында,Шидіңбойындағы билік төбе басынаҚұнанбай Өскенбайұлысалдырған (ХІХ ғасыр,1825)Кеңгірбай бикүмбезінің сырты бір жарым ғасыр өткеннен кейін, көпшілік кеңесімен, 1996 жылы жазда жаңадан қапталып, биіктігі 8, ені 4 метрлік зәулім кесене тұрғызылды. 1997 жылы Абай ауданы халқының қолдауымен ескерткіштің сырты ақ ұлытасымен қапталған. Кеңгірбай би мазары  жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Абай ауданында Кеңгірбай би атындағы ауылдық округ бар.

 

К. Жандосұлының өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве К. Жандосулы

 

Мың бір мақал, жиырма үш жоқтау [Мәтін], 1993. - 96 б.

Абай [Мәтін] : Республикалық тәуелсіз фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журнал. №4(32), 1996. - 96 б.

Төреқұл, Н. Даланың дара ділмарлары [Мәтін] / Н.Төреқұл, 2001. - 592 б.

Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы [Мәтін]. Т. 4 : XV-XVIII ғғ. билер мен ақын-жыраулар тағылымы, 2007. - 464 б.

Жанболатұлы, М. Би ата [Мәтін] : (Кеңгірбай би Жандосұлы) / М. Жанболатұлы, 2008. - 342 б.

Макин, Қ. Тобықты-Ырғызбай, Есболат шежіресі [Мәтін] / Қ. Макин, 2009. - 87 б.

Макин, Қ. Шежіре [Мәтін] / Қ. Макин, 2013. - 44 б

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. /Бас ред. Б. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б:. - Б. 391.

Щербаков, Б. Жидебайдың жұлдызды даласы [Мәтін] / Б. Щербаков, 2017. - 342 б.

 

К. Жандосұлы туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

Статьи в периодических изданиях о К. Жандосулы

 

Қарамендина Ә. Кеңгірбай би [Мәтін] / Ә. Қарамендина // Жұлдыз . - 1997. - № 3. - Б. 204-205.

Ахметбекова, А. Өсер елдің баласы өткенін қастерлейді. [Мәтін] : [Кеңгірбай Жандосұлы Олжайтегі(1735-1825) жылдар аралығында Шыңғыстау өңірінде өмір сүрген. Аруақты адам болғандықтан Би ата деп атап кеткен] / А. Ахметбекова // Семей таңы. - 1999. - №20-26 мамыр.- Б.4.

Бұланбаева, Х. Кеңгірбай би [Мәтін] : [1735 жылдар шамасында Ұлытаудағы Кеңгір өзенінің бойында туған] / Х. Бұланбаева // Дидар. - 1999. - 21 тамыз.- Б.

Сейсенұлы, Д. Шежірелі Шыңғыстау [Мәтін] : [Ұлылар елі Семей өңіріндегі бабалар тарихынан дерек]. /Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2002. - 28 тамыз.- Б.12

Орынғожина, Л. Кеңгірбай бидің өмірі, өскен ортасы [Мәтін] / Л. Орынғожина. // Ертіс өңірі. - 2004. - 11 наурыз.- Б.31.

Шабданұлы, С. Кеңгірбай би [Мәтін] /С. Шабданұлы // Ертіс өңірі. - 2004. - 19 ақпан.- Б.28

Нұрланова Ә.Н. Тарихи шындықтың көркемдік ғұмыры [Мәтін] / Ә.Н. Нұрланова // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. филологическая . - 2009. - № 5/6. - С. 233-236 б.- Библиогр.: 16 атау.

Рақышев, М.. Кемеңгер Кеңгірбай би [Мәтін] : [Орта жүзге аты әйгілі Кеңгірбай би туралы.] / М. Рақышев // Ертіс өңірі . - 2013. - 8 мамыр.- б.13.

Анаш , Д. Дала даналары: Кеңгірбай би мен Шәкәрімге ескерткіш қойылды [Мәтін] / Д. Анаш // Егемен Қазақстан. - 2013. - 23 тамыз.- Б.10.

Жұртбай, Т. Құнанбай өз иығымен көтеріп, Абайды биікке шығарып тұр [Мәтін] / Ж. Тұрсын // Аңыз адам. - 2015. - № 13.- Б.16 -19

Әуезханов, Ә. Қилы заманның куәгері [Мәтін] : [Кеңгірбай бидің шөбересі Хауа Бұланбаева туралы.] / Ә. Әуезханов // Дидар. - 2018. - 27 қазан.- Б.4.

Интернет- ресурс

 

https://www.6alash.kz/kz/article/qunanbaydin-kengirbay-byden-bata-alui.html