Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Қоғабаев Т.

kogabaevҚоғабаев Төлеухан Құсайынұлы (1923-2010) – қоғам қайраткері, ақын.


1923 жылы 21 наурызда Зайсан ауданының Ақарал ауылында дүниеге келген. Оның балалық және жастық шағы Тарбағатай ауданының «Шілікті» кеңшарында өтті. Ол жас күнінен бастап өз замандастарынан белсенді азаматтық ұстанымымен, бастамашылдығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді.
Алғашқы еңбек жолын да 1940 жылы «Шілікті» кеңшарының фермасынан бастаған.
1942 жылдың жазында әскер қатарына шақырылып, екі рет жараланды. Соғысты 1945 жылы Латвияда аяқтады. 1950 жылдың шілде айында Тарбағатай ауданының «Шілікті» кеңшарына қайтып оралды. 1968 жылы Семей малдәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша оқып бітірді. Оның ұйымдастырушылық таланты мен тапсырылған іске аса жауапкершілікпен қарау қасиеті студент кезінде-ақ байқалған.
Т.Қоғабаев 1960-1969 жылдары «Ақжар» кеңшарының директоры, 1969-1985 жылдары облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі бөлімін басқарды.
Құрметті демалысқа шыққан соң да қоғамдық қызметпен белсене айналысып, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы соғыс ардагерлері комитетін басқарды, облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы халқы Ассамблеясының мүшесі болды. Төлеухан Құсайынұлы Өскемен қаласындағы «Даңқ» мемориалын салу бастамашыларының бірі еді.
Соғыстағы және еңбектегі ерен қызметі үшін «I дәрежелі Отан соғысы» орденімен, екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет Белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталды. Т.Қоғабаевтың бірқатар өлеңдері «Тарбағатай ақындары жырлайды» атты жинаққа енсе, 2003 жылы «Өзекті өмір өрімі» атты ойтолғаулар мен жырларының жинағы, 2005 жылы «Жақсыдан – шарапат» атты өмір жолы мен өлеңдерінен тұрған жинағы жарық көрген.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында жеңімпаз майдангерлеріміздің жарқын өкілдерінің бірі, ардақты азаматтың жүрегі соғуын тоқтатты. 2010 жылы 23 наурызда облысымызға танымал тұлға, Ұлы Отан соғысының ардагері Қоғабаев Төлеухан Құсайынұлы ұзаққа созылған науқастан дүние салды.

 

Т. Қоғабаев еңбектері

Труды Т. Қогабаева

 

Қоғабаев Т. Мешіт - имандылық ұясы/ Т. Қоғабаев, Мамырұлы К., Қарнақбайұлы И.. -Өскемен, 2001.-97 б.

Қоғабаев Т.Өзекті өмір өрімі : Ғұмырнама/ Қоғабаев Т.. -Алматы: Шұғылбаспа, 2003.-198 б..

Қоғабаев Т. Жақсыдан - шапағат/ Қоғабаев Т.. -Өскемен: Медиа-Альянс, 2005.-184 б.

 

Т. Қоғабаевтың мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары

Статьи Т. Когабаева на страницах периодической печати

 

Қоғабаев Т. Артында із қалдырған [Мәтін] : [Көп жылдар облыста басшылық қызметте болған А.К.Протозановтың 80 жасқа толуына орай] /Т. Қоғабаев // Дидар. - 1994. - 13 тамыз.

Қоғабаев Т. Бөрте лақ пен Саркүшік, Домбыра мен Ертоқым туралы хикая [Мәтін] / Т. Қоғабаев // Дидар. - 1999. - 27 наурыз

Қоғабаев Т. Он жетінші шабуыл [Мәтін] / Т. Қоғабаев . // Дидар. - 2004. -   13 қараша.- Б.2.

Қоғабаев Т. Қасиетті шаңырақты осылай көтергенбіз [Мәтін] / Т. Қоғабаев. // Дидар. - 2007. - 25 қыркүйек.- Б.2.

 

Т. Қоғабаев туралы кітаптар

Книги о Т. Когабаеве

 

Елубай О. Алтайым, алтын тамырым : Деректі әңгіме, очерк, публицистика,толғау./ Елубай О. -Алматы: Әл-Фараби, 2000.-181 б.

Жеңіс деп соққан жүректер: естелік кітап. -Өскемен, 2005.-240 б.

Ерлік - ұрпаққа мұра/ Оралхан Бөкей атындағы № 44 қазақ орта мектеп-лицейі. -Өскемен: Шығыс-Полиграф, 2010.-299 б.

Қапанов Б.Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров = Герой Советского Союза/ Б. Қапанов, С. Құдабаев. -Өскемен: ШҚМУ, 2010.-254 б.

 

Т. Қоғабаев туралы мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалар 

Статьи о Т. Қогабаеве опубликованных на страницах периодической печати

 

Омарханова Ғ. Өр ұрпақтың өкілі [Мәтін] : [Облыстың халық шаруашылығын өркендетуге өз үлесін қосқан Т. Қоғабаев жайында] / Омарханова Ғ. // Дидар. - 1999. - 10 сәуір

Қаңтарбаев Ә. Аман бол,ағаларым. [Мәтін] : [Өскеменнің бетке ұстар азаматы Т.Қоғабаев туралы ] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2000. – 4шілде

Байбатыров Ғ. Жүрек таза, көңіл ақ [Мәтін] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2004. - 6 сәуір.- Б.2

Байбатыров Ғ. Ғибрат [Мәтін] / Байбатыров Ғ. // Дидар. - 2006. - 18 наурыз.- Б.6