Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Ғайса С.

Ғайса Сәкен Жүнісбекұлы (1964 ж.) - қоғам қайраткері.Gaisin

Ғайса Сәкен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бестерек ауылында дүниеге келген. Осы ауылда бастауыш мектептің табалдырығын аттап, онжылдықты 1981 жылы Алмасай ауылындағы Абай атындағы мектептен бітіреді.

Әскери борышын 1982-1984жылдары Ленинград қаласында өтейді.

Әскерден соң Өскемен педагогикалық институтынан оқуға түсіп, 1989 жылы тарихшы мамандығын алып шығады.1989-1992 жылдары мектеп және қалалық кәсіптік-техникалық училищесінде тарих және қазақ тілі пәндерінен сабақ береді.

1992-1993 жылдары депутаттардың облыстық Кеңесі аппаратында аудармашы, баспасөз-хатшысы лауазымдарын атқарады.

1993-1995 жылдары Үлбі әкімдігінде ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1995-1996 жылдары облыстық Спорт, туризм және жастар комитетінде жастар бөлімінің меңгерушісі, 1996-1998 жылдары облыстық мәдениет басқармасының «Тарихи мұраларды қорғау» инспекциясының бастығы қызметін атқарады.

1998 жылдан 2009 дейін «Тұрмысы төмен азаматтарды қорғау» жөніндегі аймақтық қордың менеджері болып қызмет атқарды.

2009 жылдан қазіргі күнге дейін «Шығыс шапағаты» қоғамдық қорының директоры.

2006 жылы Ортаазия университетін тамамдап, заңгер мамандығын игерген.

Отбасылық жағдайы: жұбайы - Раушан, қыздары - Құралай, Назерке.

2015 жылы «Көкпен таласқан Көктауым киелі мекенім Ақбауыр» атты кітабы жарық көрді.

Биыл, 2020 жылы автордың «Күшбірлік» атты жаңа кітабы жарыққа шықты. Автор кітабында Ұлан өңірін жоңғар шапқыншылығынан бері қоныс еткен ата-бабалар тарихы, Кеңес өкіметін құру жылдарындағы адамдардың жанкешті еңбегі, Ұлы Отан соғысына қатысқан даңқты жерлестері, қуғын-сүргін құрбандары, қазіргі замандастары жайында баяндайды. Кітапқа өлке тарихының куәгерлеріне айналған адамдардың фотосуреттері, атасы мен әкесінің, олардың замандастарының фотосуреттері енген.  

С. Ғайсаның шығармалары

Произведения С. Гайса

Кітаптар – Книги

  

Ғайса, С. Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр [Мәтін] / С.Ғайса. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2017. - 272 б.

Ғайса, С. «Күшбірлік» [Мәтін] / С. Ғайса. - Өскемен, 2020. - 186 б.

 

***

Ғайсин, С. Бірлік ертеде басталған [Мәтін] / С. Ғайсин // Коммуниз туы. - 1990. - 30 қаңтар.

Ғайсин, С. "Қасқырға қой жайғызбасақ" [Мәтін] / С. Ғайсин // Дидар. - 1992. - 28 мамыр.

Ғайсин, С. Тілге қамқоршы халықтың өзі [Мәтін] : [Өскемен қаласында қазақ тілін өрістету шаралары туралы] / С. Ғайсин // Дидар. - 1995. - 14 ақпан.

 

***

Гайсин, С. Дело особой важности [Текст] : [о подготовке Уланского района к 50-летию победы в Великой Отечественной войны] / С. Гайсин // Рудный Алтай. - 1995. - 11 февр.

Гайсин, С. Улице - имя учителя [Текст] : [центральной улице села Ахмирово присвоено имя Г.Аязбаева] / С.Гайсин // Рудный Алтай. - 2003. - 14 янв. - С. 1.

 

Өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер

Литература о жизни и творчестве

Әміренов, М. Нардың жүгін арқалаған азамат [Мәтін] / М. Әміренов // Айқын. - 2017. - 6 қазан. - Б. 8. - Өскемен қаласының тұрғыны Сәкен Ғайсаның "Көкпен таласқан Көктауым, киелі мекенім Ақбауыр" кітабы жарыққа шықты.