Известные имена

Есімдер

Шпатлевка стен под обои. Быстрая шпатлевка стен своими руками. Стоимость шпатлевки стен. Штукатурка стен цена. Быстрая штукатурка стен своими руками. Отделка стен штукатуркой. Декоративная отделка стен. Качественная отделка стен декоративным камнем. Отделка стен своими руками. Мини токарный станок своими руками. Как сделать токарный станок своими руками. Настольный токарный станок своими руками. Облицовка дома кирпичом. Качественная облицовка дома кирпичом фото. Наружная облицовка дома. Как начать бизнес с нуля. Быстро начать бизнес без вложений. Начать бизнес с нуля идеи. Канализация в частный дом. Хочу сделать канализация своими руками. Водоснабжение и канализация дома. Строительство фундаментов цены. Быстрая строительство фундамента своими руками. Технология строительства фундамента.

Өскенбайұлы Қ.

0000Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1886 жж.) - қоғам қайраткері.

Кұнанбай қажы – би, аға сұлтан, көрнекті қоғам қайраткері, Абайдың әкесі.

1804 жылы бұрынғы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауында дүниеге келген.

Экспедиция құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Құнанбайдың қайраткерлік тұлғасы туралы: «Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. Ғажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған» - деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979).

1834-1856 жылдары Күшік-Тобықты болысының старшинасы болып сайланады. 1846 жылы Ұлы жүз қазақтарының Ресейге бағынуы бойынша генерал Вишневскийдің экспедиция жұмыстарына қатысқан.

Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашады. 1846 жылы патша өкіметіне сенімді қызметі үшін хорунжий атағы беріледі. 1849-1852 жылдары Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайланады. Қарқаралыда мешіт салғызады. 1874 жылы Меккеде қажылық етіп, 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Құнанбай қазақтардың дәстүрлі құқығына сүйене отырып шешім қабылдаған. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Құнанбай әулеті үлкен болды. Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден - Құдайберді, екінші әйелі Ұлжаннан - Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан - Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Құнанбай Абайға ерекше үміт артқан, оны 13 жасынан бастап бірге алып жүріп ел басқару ісіне араластырған.

Халық арасында Құнанбай туралы көптеген әңгімелер бар. Мұхтар Әуезов Құнанбайдың өмірі мен қызметі туралы көптеген мәліметтерді жинап, оларды талдап, «Абай жолы» эпопеясында Құнанбайдың жарқын бейнесін қайта қалыптастырған.

Абайдың әкесі Құнанбайдың бейіті Ақшоқы маңында қара тастан қашалып салынған.

Материалды ШҚО Абай атындағы кітапхана ұсынды (ШҚО Семей қаласы).

Қ. Өскенбайұлы туралы әдебиет

Литература об Оскенбайулы К.

 

Бейсенбаев М. Абай және оның заманы [Мәтін] : (Абай ізімен) / М. Бейсенбаев, 1988. - 136 с. Байжанов С. Архив-айғақ [Мәтін] / Байжанов С., 1988. - 240 б.

Шәкәрім [Мәтін] : энциклопедия / бас ред. Е. Сыдықов ; жауапты ред. Т. Шаңбай, 2008. - 864 б.

Білгенге маржан [Мәтін] : қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер / құраст. А. Қ. Керімтаев, 2010. - 416 б.

Қазақстан композиторлары [Мәтін] : анықтамалық / ред. А. Қоныс, 2011. - 216 б.

Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жылдығына арналған "Құнанбай: дара тұлға және көркем бейне" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары [Текст], 2014. - 377 б.

Щербаков, Б. Жидебайдың жұлдызды даласы [Мәтін] / Б. Щербаков , 2017. - 342 б.

Зиманов, С. Абай-ұлы билердің соңғысы және оның бітім биліктері туралы [Мәтін] / С. Зиманов // Абай туралы естеліктер. - Алматы : Қаламгер, 2018.- Б.454-489

Абай [Мәтін] : республикалық фольклорлық-этнографиялық әдеби- көркем журнал. №2, №2. - Семей: PRІNTMASTER, 2019. - 95 б.

Абайдың киелі даласы [Мәтін] : фотоальбом. - Өскемен: ИП Бейсембаева С.В., ИПФ Артекс, 2020. - 148 б.

Жұртбай Т. Кешегі өткен би Құнанбай... [Мәтін] / Т. Жұртбай. - Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2020. - 416 б.

 Құнанбай Өскембайұлы [Мәтін] // Мәңгілік тұлға -Ұлы Абай. - Алматы : Алматыкітап баспасы, 2020. -  С. 8-25

Сужикова А. У. Мәңгілік тұлға - ұлы Абай [Мәтін] / А. У. Сужикова, М. С. Қайрамбаева. - Алматы: Алматыкітап баспасы, 2020. - 295 б.

Кәрімхан, З. Толағай [Мәтін] : тарихи-танымдық толғаныстар / З. Кәрімхан. - Нұр-Сұлтан: Qyt balasy ҚҚ, 2021. - 188 б. 

***

Касымбаев, Ж. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение [Текст] / Ж. Касымбаев. - 2- изд, пер.- Алматы: Кітап, 2004.- 208 с.

Янушкевич, А. Дневники и письма из путешествия по казахским степям [Текст] / А. Янушкевич, пер. с польского и предисл. Ф. Стекловой. - Алма-Ата : Казахстан, 1966. - 267 с.

Сыдыков, Ерлан. Кунанбай / Е. Сыдыков. - М. : Молодая гвардия, 2019. - 351 с. - (Жизнь замечательных людей).

 

Мақалалар – статьи

Абай [Мәтін]. Абай : тәуелсіз әдеби-көркем журнал. №7(19), 1993. - 96 б.

Қайсенов З. Құнанбай мен Башық; Құнанбай мен Кеншімбай; Қаратай мен Құнанбай; Құнанбай мен Сүгір; Абай мен ұстазы хазірет; Абай мен Қуандық [Текст] : әңгімелер / З. Қайсенов // Дидар. - 1995. - 5 тамыз.- Б.2.

Дала данышпаны Құнанбай қажы [Мәтін] // Ертіс өңірі . - 2017. - 20 қыркүйек.- Б.1,10.

Садықова Ш. Семейде Құнанбай қажы көшесі болса... [Мәтін] / Ш. Садықова  // Ертіс өңірі. - 2018. - 31 қазан.- Б.5.

Есім, Ғ. Құнанбай бейнесі [Мәтін] : Жазушы Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романы бойынша эссе. / Ғ. Есім // Ақиқат. - 2019. - №10.- Б.45-51.

Қасым, А. Құнанбай қорымы мемлекет қамқорлығына  қашан алынады ? [Мәтін] / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2019. - 16 шілде.- Б.1, 6

Құнанбай мен Абай ескерткішін ашып қайтты [Мәтін] : [Қарқаралыда Құнанбай мен Абайға ескерткіш ашылды] // Дидар. - 2019. - 6 маусым.- Б.3.

Ер тілегі болса, қалсын, ел тілегі болса келсін (Құнанбай қажының Меккеге баруы) [Мәтін] // Ертіс өңірі . - 2019. - 20 ақпан.- Б.16.

Ахмер, Б. Құнанбайдың мөрі [Мәтін] / Б. Ахмер  // Қазақ әдебиеті . - 2019. - 15 наурыз.- Б.19.

Құнанбай мен Абай ескерткішін ашып қайтты [Мәтін] : [Қарқаралыда Құнанбай мен Абайға ескерткіш ашылды] // Дидар. - 2019. - 6 маусым.- Б.3.

Кенжеханұлы, М. Аяулы мекен Ақшоқы [Мәтін] / М. Кенжеханұлы // Дидар. - 2019. - 18 шілде.- Б.21,24.

Қасым, А. Құнанбай қорымы мемлекет қамқорлығына  қашан алынады ? [Мәтін] / А. Қасым // Егемен Қазақстан. - 2019. - 16 шілде.- Б.1, 6

Оразамбай, Ү. Көреген көсем, парасатты шешен ел қамқоры - Құнанбай [Мәтін] / Ү. Оразамбай // Ертіс өңірі. - 2020. - 4 наурыз.- Б.14.

Тоққараұлы, Д. Құнанбай және ұлы дала мектеп-медресесі [Мәтін] : ақын Абай Құнанбайұлының туғанына - 175 жыл / Д. Тоққараұлы // Ертіс өңірі. - 2020. - 8 қаңтар.- Б.12.

Тоққараұлы, Д. Құнанбай және ұлы дала мектеп-медресесі [Мәтін] : ақын Абай Құнанбайұлының туғанына - 175 жыл / Д. Тоққараұлы // Ертіс өңірі. - 2020. - 8 қаңтар.- Б.12.

Нұғманбекова, Р. Құнанбайдың таңбалы мөрі [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. - 2020. - 31 наурыз.- Б.4.

Құрманбекұлы, М. Құнанбайдың Меккедегі тәкиясы туралы бірер сөз [Мәтін] / М. Құрманбекұлы // Ертіс өңірі. - 2020. - 11 наурыз.- Б.15.

Тоққараұлы, Д. Құнанбай салдырған мектеп-медресе [Мәтін] / Д. Тоққараұлы // Семей таңы. - 2020. - 25 ақпан.- Б.6.

Балтақайұлы, М. Құнанбай бабамыздың фотосуреті хақында [Мәтін] / М. Балтақайұлы // Ертіс өңірі. - 2020. - 27 мамыр.- Б.12.

Санақбекқызы, Н. Құнанбайдың әйелдері [Мәтін] / Н. Санақбекқызы // Айқын. - 2020. - 16 мамыр.- Б.6.

Шәкәрімұлы А. Құнанбай туралы [Мәтін] / А. Шәкәрімұлы // Адырна. - 2020. - №3.- Б.39-61.

Қасымжанұлы, С. "Құнанбайдың шынайы фотосы жарты ғасыр менде сақтаулы" [Текст] / С. Қасымжанұлы // Жас алаш. - 2020. - 19 маусым.- Б.8.

Кәрімов, М. Фотосуреттегі анық Құнанбай емес [Текст] / М. Кәрімов // Жас алаш. - 2020. - 30 маусым.- Б.5.

Санақбекқызы, Н. Құнанбай балаларының аналары [Мәтін] / Н. Санақбекқызы // Ертіс өңірі. - 2020. - 15 шілде.- Б.8.

Естаева, Г. Қарауыл ауылында "Құнанбай қажы" мешіті ашылды [Мәтін] / Г. Естаева // Дидар. - 2021. - 8 сәуір.- Б.14.

Құнанбайға қатысты қисса-дастан табылды [Мәтін] // Дидар. - 2021. - 13 мамыр.- Б.21.

Құнанбай әулетінің шежіресін қайдан табуға болады?- Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 14 шілде. - Б. 9.

Әубәкір, Ж.Құнанбай ашқан мектеп: киелі шаңырақ-"ескі там" / Ж. Әубәкір. - Мәтін // Ертіс өңірі. - 2021. - 28 шілде. - Б. 8.

***

Алтайский, К. Абай, сын Кунанбаева [Текст] : [к 125-летию со дня рождения] / К. Алтайский Детская литература. - 1971. - № 5. - С. 31- 33.

Асылбеков, Е. Кунанбаев в роли Кунанбая [Текст] / Е. Асылбеков // Казахстанская правда. - 1995. - 23 сентября.

Кабжалелова, С. Старший султан Кунанбай Оскенбаев [Текст] / С. Кабжалелов// Семипалатинские вести. - 2004. - 26 нояб. - С. 12

Касымбаев, Ж. Деятельность Кунанбая Оскенбаева : 1804-1886 по архивным данным [Текст] / Ж. Касымбаев // Абай. - 2004. - №2. - С. 40-49

Домбровые кюи [Текст] // Рудный Алтай. - 2010. - 31 мая. - С. 5.; 8 июня. - С. 5. 9 июля. - С. 7.; 19 октября. - С. 4.

Мырза, Р. Печать Кунанбая [Текст] / Р. Мырза // Наше дело. - 2014. - 18 декабря. - С. 3

Касенов, Ж. Экскурс в прошлое [Текст] / Ж. Касенов // Вести Семей. - 2015. - 15 мая. - С. 1

ТОО Шығыс Ақпарат Абайцы чествуют своих предков [Текст] : [об открытии памятника Кунанбаю Оскенбайулы. Скульптор: Нурбол Калиев (Семей)] / ТОО Шығыс Ақпарат // Рудный Алтай. - 2017. - 19 сентября. - С. 5.

Гуляева, Е.Удивительные приключения памятника [Текст] / Е. Гуляева // Наше дело. - 2017. - 21 сентября. - С. 3.