Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Гросс С.С.

Северин Северинович Гросс (1882- - социал-революционер, ұлты- поляк,  отставкадағы коллеж секретарі, Репша алпауыт қожасы, (Тельшев уезі, Ковен губерниясы)

С. Гросс 1882 жылы 7 қазанда Ковен губерниясында дворяндар әулетінде дүниеге келген. 1877 жылы құқық кандидаты ғылыми атағымен Петербор университетін бітірген. 

1878 жылы наурыз айында С. Гросс астанадағы аумақтық сотқа қызметке кіреді. Көп ұзамай Польша жастарының жасырын революциялық ұйымына қатысқаны үшін Батыс Сібірге жер аударылады.

Бұл ұйым 1878 жылы  Петербургта  құрылған  бір топ студент-поляктардың білім көтеру үйірмесі негізінде құрылған. Ал 1880 жылдан Петербургтегі озық ойлы поляк жастарының гмин деп аталатын жерлестік орталығына айналды. Осындай озық ойлы поляк жастарының ұйымдары 1880 жылы Мәскеу, Киев, Вильне қалаларында ұйымдастырылды.  Сол жылдың маусым айында партия бағдарламасын жасау үшін Варшава қаласында барлық гминдердің өкілдері қатысқан сьезд өтіп, оған Северин Гросс та қатысады. 1881 жылдың басында патша өкіметі осындай жасырын ұйым барын біліп, тез арада  құртып, көзін жоюды тапсырады. Сол жылы наурыз айында С. Гросс және басқа да Вилен гминінің жетекшілері тұтқындалып, бір жылға абақтыға жабылады.  С. Гросқа Вилен гминін басқарды, жасырын жиналыстарға, Варшавадағы сьезге  қатысты, шетелдегі поляк социалистерімен байланысы бар, ұйымға қаржылай көмек көрсетті деген  бірнеше айып тақты.  1882 жылдың қаңтар айында патша жарлығымен С. Гросс және басқа да Вилен гминінің жетекшілерін әкімшілік жолмен, ал С. Гросты  Батыс Сібір генерал –губернаторының  ерекше бақылауына, бес жылға жер аударды.

Алғашында С. Гроссты полиция  жасағы Есілге жеткізеді. 1882 жылы С. Гросс 1880 жылы Киевтен «саяси  сенімсіздігі мен қылмысты істерге қатысы бар», жер аударылып келген,  полицияның бақылауындағы  саяси тұтқын - Анна Скалацкаяға үйленеді. 

1883 жылы С. Гросс әйелімен Семей қаласына қоныстанып, сол жердегі полиция бақылауында болады. С.Гросты Семейге жер аударар  кезде Тобыл генерал –губернаторы «Есіл қаласында полиция бақылауында болған жер аударылған Северин Гросс және оның әйелі Аннаның жағымсыз қылықтары болған жоқ, бірақ олар екеуі де саяси сенімсіз, әсіресе С. Гростың ой-пікірлері  зиянды.» - деп көрсеткен.

Саяси жер аударылғандардың жан-жақты қоғамдық қызметінің бір саласы Алтайды ғылыми тұрғыдан зерттеу болса, оған С. Гросс белсене қатысқан. С. Гростың ғылыми –зерттеу қызметінің жарқын бір көрінісі 1878 жылы  Семей қаласында құрылған  статистикалық комитеттің жұмысына араласуы.   Қазақтың ескі әдет-ғұрыптарын зерттеп, 1883-1885 жылдары Канонер, Үлкен Нарын, Владимир елді мекендерін, Дон, Семияр станицаларын аралаған.

Гросс туралы халықшыл С.П. Швецов «Гросс- сол кезеңде  Далалық өлкеге  саяси жер аударылғандардың ішіндегі ең ірісі... Үзеңгілес жолдастары арасында  жас жағынан да  ерекшеленеді, қырықтар шамасында... Өте білімді,  төзімді, мінезі ұстамды, »- деп өз пікірін білдірген.

С. Гросс жинақтаған материалдар 1886 жылы жарық көрген  «Материалы для изучения юридических обычаев киргизов. Материальное право» деп аталатын зерттеулердің  бірінші басылымына енген. Семей қаласында С. Гростың басқалар да пайдаланған бай кітапханасы болған. Өлкетану мұражай үйінің құрлысын салу ісіне де белсене араласқан.    

1884 жылы  маусым айында С. Гросс бір ай бойы Шыңғыс болысындғы  Абай ауылында болады. Ұлы ақын мен С. Гросты бұрынырақта Е.Михаэлис таныстырған болатын. 1880 жылдарыдың аяғында-ақ  Абай Северин Гросспен  достасқан еді.  Ұлы ақын  айдауда жүрген полякқа қазақтың әдет –ғұрпы туралы мол ақпарат  берген. 

С.С.Гростың еңбектері:

Труды С. Гросса:

Матеріалы для изученія юридическихъ обычаевъ киргизовъ [Электронный ресурс]. Вып. 1. Матеріальное право / Семипалатинскій областной статистическій комитетъ ; сост. П. Е. Маковецкий. - Омскъ : Типография окружного штаба, 1886. - 88 с.

Ол туралы:

Литература о С. Гроссе:

Альжанова, А. Б. Западная публицистика о казахах в период царизма [Текст] / Каз. нац. ун-т им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ университетi, 2011.- 122 с.

Ауэзова, Л. М.  История Казахстана в творчестве М.Ауэзова [Текст] : Учеб.пособие / Ауэзова Л.М. - Алматы : Санат, 1997. - С. 240.

Книги, которые читал Абай [Электронный ресурс] :  Абай Кунанбаев : сайт. - Режим доступа:http://www.abay.nabrk.kz/index.php?page=content&id=78

Никулина,  И.Л. Польские ссыльные 80-90-х гг. xix в. на Алтае [Электронный ресурс] / Л.И. Никулина // Политические ссыльные в Сибири (18-начало 20 века).  - Новосибирск, 1983. - С. 198-214.

Резонтова, М.М. История заселения поляков на востоке Казахстана [Электронный ресурс] : ВКОЕМ: сайт. - Режим доступа: http://www.vkoem.kz/index.php/2010-03-09-08-54-46/85-2010-03-09-10-07-22/706-rezontova-mm-istoriya-zaseleniya-polyakov-na-vostoke-kazaxstana