Известные имена

Есімдер

Снять квартиру посуточно. Быстро снять посуточно квартиру в казани. Снять однокомнатную квартиру посуточно. Помощь в получении ипотеки. Удобное получение ипотеки в сбербанке. Что нужно для получения ипотеки. Отопление частного дома. Как сделать отопление частный дом схема. Частный дом монтаж отопления. Восстановление жесткого диска. Быстрое восстановление информации с жесткого диска. Восстановление данных жесткого диска программа. Кредит с плохой историей. Быстрые кредиты онлайн с плохой историей. Срочный кредит с плохой историей. В какой сервер играть в WOW. Топ world of warcraft серверы. Wow серверы pandaria. Круглопалочный станок чертежи. Круглопалочный станок купить дешево. Самодельный круглопалочный станок. Кредит на покупку квартиры. На долго взять кредит на квартиру. Кредит на покупку квартиры.

Леонтьев А.

Леонтьев Александр Викторович – Алтай өңірін зерттеуші, Семенов полкі лейб-гвардиясының подпоручигі. Саяси жер аударылған.

Александр Леонтьев 1881 жылы Петербург қаласында  5 кластық гимназияны, астана университетінің құқықтану факультетін бітірген.  «За храбрость на сабле» деген жазуы бар  4-дәрежелі «Қасиетті Анна», «С мечами и бантом» деген  арнайы жазуы бар  3 –дәрежелі «Қасиетті Станислав» ордендерімен марапатталған.

 Далалық өлкеге, одан кейін Семей қаласына тау-кен институтының студенті С.П. Гудковпен бірге «Петропавлов бекінісінде отырған адамдармен байланысы үшін» жер аударылған.

Джорж Кеннан (солтүстік америкалық саяхатшы, репортер, зерттеуші 1885-1886 жылдары Ресей мен Сібір аймағына саяхат жасаған.) А. Леонтьевтің сырт келбетін: «Орта бойлы жасы 25 - тер шамасында, шашы ашық қызғылт қоңыр түсті, шошқа сақалды, келбетті бозбала. Көзқарасы ақылды, қыран тұмсықты,  иегі жұмыр»- деп суреттеп жазған.

Леонтьев Семейге келе салысымен көшпенділердің өмір салтын, тарихын, этнографиясын т.б. қырларын белсене зерттей бастаған. 

Дж. Кеннанның А. Леонтьевпен кездесуін Семей облыстық соты қызметін атқарған М. Маковецкий: «Осында  сізге таныстыратын тағы бір ерекше саяси тұтқын бар (Американдық саяхатшымен ең алғаш танысқан талантты суретші П. Лобановский болатын, оны тіпті Америкаға шақырған еді.) - ол  Леонтьев деген жас жігіт. Жергілікті сотта қызмет істей жүріп, қырғыздарға (қазақтарға) антропологиялық зерттеулер жүргізуде. Қазақтардың әдеп-ғұрып заңдарына арналған монография жазу үшін материалдар жинап жүр.»- деп суреттеген.

1885 жылы қаңтар айында Александр Викторович Екатерина Ивановна Михайловаға үйленеді.

Сол жылдың қазан айында білімділігі мен отбасылық жағдайын ескере отырып, губернетор оған Семей уездік сотына «ерікті жалдануға» рұқсат береді. Бұл уақытта оның Абаймен таныстығы  шын достыққа жалғасқан еді. Абайдың  Леонтьевпен алғашқы кездесуі жақын тәлімгерлері - оның ішінде Е.П. Михаэлис те бар, 1883 жылдың қыркүйегінде ашылған кітапханада өтуі мүмкін еді.

Оған мысал Дж. Кеннанның жоғарыда көрсетілген Леонтьевтің Абаймен кездесуін суреттейтін жолжазбалары. А. Леонтьев сияқты қатаң бақылаудағы «саяси қылмыскердің» қазақ тарихын зерттеуі  тікелей Абайдың ықпалынсыз жүзеге асуы мүмкін емес еді.  Оған нақты дәлел 1886 жылдың сәуір айында А. Леонтьевтің облыстық мұрағат материалдарын пайдалануға рұқсат сұрап, Семей полицмейстеріне хат жолдауы.

1886 жылдың 10 мамырында Семей облыстық әскери губернаторының резолюциясымен бір ай өткен соң Далалық генерал- губернатор Леонтьевтің өтінішін орындаудан бас тартады: «Губерния басқармасының ережелеріне сәйкес, саяси сеніміз адамдарға облыстық басқарма шенеуіктері пайдаланатын, шетел Министрлігі жағынан аса маңызды әрі құпия ақпараттары бар Семей облыстық басқармасының мұрағат материалдарын пайдалануға Леонтьевті жіберуден бас тартамын.- деп жазды Далалық өлкенің генерал –губернаторы, генерал лейтенант Г.А. Колпаковский. 

А.В. Леонтьев 1884 жылы қыркүйекте үш жылға жер аударылған еді. Оның мерзімі 1887 жылы қыркүйек айында ақталуы керек болатын. 1886 жылдың 28 қаңтарында Леонтьевтің  ішкі істер министрлігіне өзін Ташкент не Верный қалаларына ауыстыруды сұраған өтінішін полиция Департаменті мақұлдамады. Саяси сенімсіз, жер аударылған оның әйелі Екатерина Леонтьева өз мерзімі біткенмен күйеуінің мерзімі біткенше Семейде қалуға бел буады. А. Леонтьевтің одан арғы өмірі беймәлім. Кейбір мәліметтерге қарағанда А.В. Леонтьев С.С. Гроспен бірлесіп «Матеріалы для изученія юридическихъ обычаевъ киргизовъ» атты еңбекті жарыққа шығарған деседі.

Ол туралы

Литература о А.В. Леонтьеве

Альжанова, А. Б. Западная публицистика о казахах в период царизма [Текст] / Каз. нац. ун-т им. аль-Фараби.- Алматы: Қазақ университетi, 2011.- 122 с.

Ауэзова, Л. М.  История Казахстана в творчестве М.Ауэзова [Текст] : Учеб.пособие / Ауэзова Л.М. - Алматы : Санат, 1997. - С. 240.

Касымбаев, Ж. Старший султан Кунанбай Оскенбаев и его окружение [Текст] : посвящается 200-летию со дня рождения Кунанбая Оскенбаева / Касымбаев Ж. - Изд. 2-е, перераб. - Алматы : Кітап, 2004. - 208 с.

Книги, которые читал Абай [Электронный ресурс] : Абай Кунанбаев : сайт. - Режим доступа:http://www.abay.nabrk.kz/index.php?page=content&id=78