Известные имена

Есімдер

Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.

Кеннан Дж.

Кеннан Джордж – американдық журналист, саяхатшы, жазушы, Сібір және Сібірге жер аударылғандар туралы кітап авторы, Қазақстан Алтайын зерттеуші.Кеннан Джордж (1845-1924) – американдық журналист, саяхатшы, жазушы, Сібір және Сібірге жер аударылғандар туралы кітап авторы, Қазақстан Алтайын зерттеуші.

1845 жылы 16 ақпанда, АҚШ, Огайо штаты Норволкте дүниеге келген. 12 жасында мектептегі оқуын тастап, теміржол телеграфында шабарман болып, кейін телеграфист жұмысын атқарды. Дж. Кеннанды орыс-америка телеграф компаниясы АҚШ-тан Ресейге Аляска, Беринг бұғазы, Чукотка мен Сібір арқылы телеграф жүргізу үшін зерттеу жұмысына қабылдады. Ол Чукотка мен Камчаткаға екі жыл саяхаттап, кейін Петербург арқылы Америкаға қайтып оралды. 1870 жылы өзінің саяхаты туралы «Tent Life in Siberia» атты кітабы жарық көрді. 1870 ж. Ресейге (Кавказға) жаңа саяхатқа аттанып, ол жерге Петербург арқылы жетті. 1871 ж. Ресейден қайтып оралған соң Мединеде (Нью-Йорк штаты) банк қызметкері болып жұмыс істеді, бірақ өз мамандығына көңілі толмай жазушы, публицист болғысы келді. 1876 жылы маусымда әдебиет саласында карьера жасау үмітімен Мединеден Нью-Йоркқа ауысты. Алайда Кеннан алғашқы жылы қолайлы жұмыс таппады, 1877 ж. жазында «Mutual Life Insurance Company» атты сақтандыру компаниясына жұмысқа тұруға мәжбүр болды. 1878 ж.қарашада Дж.Кеннан Нью-Йорктан Вашингтонга көшті, ол жерде Associated Press тілшісі болып орналасты.

1885 ж. мамыр - 1886 ж.тамызы аралығында Дж. Кеннан Бостондық суретші Джордж Фростпен Сібірге барып каторга және жер аудару жүйесімен танысты. Бұл жерде ол көптеген саяси жер аударылғандар және абақтыда отырған адамдармен танысты. Семейде болғанда (қазіргі Семей, Шығыс-Қазақстан облысы) А.Блек, А.Леонтьев, С.С.Гросс, П.Д.Лобановский және тағы басқа адамдармен танысты. А.Леонтьев және С.С.Гросспен сұхбатында Абай Құнанбаев жайлы көп естігенімен, кездесу сәті түспеді.

АҚШ-қа оралған соң, 1887-1889 жж. Дж.Кеннан «Century» журналында патша үкіметін қатты сынап, революционерлер туралы бірқатар мақала жариялады. Ресей үкіметінің халыққа қысымын ашып көрсету Дж. Кеннанды кеңінен танымал етті. Ол «Century» басылымымен қатар «The Outlook», «The Nation», «Forum» тәрізді маңызды қоғамдық-саяси журналдарда белсенді басыла бастады. Сондай-ақ, АҚШ пен Англияда көптеген ақылы көпшілік лекциялар оқыды. Дж.Кеннан ерекше әсер беру үшін аудитория алдына жиі-жиі тұтқын киімін киіп және кісенмен шығатын.

Дж. Кеннанның 1890 ж. Англия мен АҚШ-тағы іс-әрекетінің нәтижесінде «Еркін Ресей үшін» қозғалыстары және «орыс бостандығының достары» атты қоғамдастықтар пайда болды. 1891 ж. сәуірінде Орыс бостандығының америкалық достары қоғамының құрылуына қатыспаса да, «Free Russia» қоғамдастығының басылымдарына қомақты сома бөліп, қолдады. 1891 ж. Дж.Кеннан «Сібір және жер аудару жүйесі» («Siberia and the Exile System») деген кітабын жариялады. Бірақ кітаптың жетістігі оның мақалалары мен сібірге жер аудару туралы баяндамаларына қарағанда аздау болды.

Ресейге деген қызығуы біраз азайған соң ол басқа да маңызды оқиғаларға мән бере бастады. 1898 ж. Дж. Кеннан испан-америка соғысында тілші болды. Соғыс аяқталған соң «Campaigning in Cuba» атты кітабы жарық көрді. Осы уақыт ішінде ол ресейлік– Волховский, Кропоткин және басқа саяси эмигранттармен хат-хабар алмасты. 1901 ж. шілдесінде Дж.Кеннан Ресейге келіп Петербургте тоқтады, бірақ, бірнеше аптадан кейін қуғын-сүргінге ұшырап, елден кетті.

Орыс-жапон соғысы кезінде әскери қимылдар туралы біршама мақала жариялады, кейін ол Жапонияда ол орыс тұтқындары арасында үкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізумен айналысқан.

1904-1910 жж. Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық мәселелері бойынша бірқатар жұмыстар жариялады.

Дж.Кеннан 1917 ж. Қазан төңкерісін қатты сынға алды, оны жаңа үкіметтің «патшаны құлату кезіндегі үлкен мәселелерді шешуде білім мен тәжірибенің жетіспеуі» деп бағалады. Ол Вудро Вильсон интервенциясының большевизмге қарсы күресте әлсіз шара екенін айтып сынады.

Дж.Кеннан 1924 ж. 10 мамырда дүниеден озды.

 

 

 

Дж. Кеннанның еңбектері

Труды Кеннана Дж.

 

Kennan, G. Tent life in Siberia, and adventures among the Koraks and other tribes in Kamtchatka and Northern Asia [Text] / G. Kennan. - N.Y., G.P. Putnam & sons; L., S. Low, son & Marston, 1870. -425 р.

Kennan, G. Siberia and the Exile System [Text] / G. Kennan. - N.Y., The Century co., 1891. 2 vols.

Kennan, G. Campaigning in Cuba [Text] / G. Kennan. - N.Y., The Century co., 1899. - 269 p.

Кеннан, Дж. Сибирь и ссылка [Текст] / Дж. Кеннан. - СПб. : Издание В. Врублевского, 1906. - 458 с.

Kennan, G. The Chicago and Alton case [Text] : a misunderstood transaction / G. Kennan.- Garden City, N.Y.: Country Life Press, 1916. - 58 p.

Кеннан, Дж. Сибирь и ссылка. В двух томах [Текст] / Дж. Кеннан. - СПб. : Русско-Балтийский информационный центр «БЛИЦ», 1999.

 

 

Дж. Кеннан туралы әдебиет

Литеретура о Кеннане Дж.

 

Меламед Е. И. Джордж Кеннан против царизма [Текст] / Е. И. Маламед. - М., 1981.

Меламед Е. И. Русские университеты Джорджа Кеннана [Текст] : судьба писателя и его книг / Е. И. Маламед. - Иркутск, 1988.

Ауэзова, Л. История Казахстана в творчестве М. Ауэзова [Текст] : [на материалах эпопеи «Путь Абая» и «Лихая година»] / Л. Ауэзова. – Алматы : Санат, 1997. – С. 259-262.

Карпачев, М. Д. Американский публицист Дж. Кеннан о революционном движении в России / М. Д. Карпачев, Т. В. Логунова // История СССР. - 1988. - № 5. - С. 189-199.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Кеннан Джордж [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/Кеннан,_Джордж (30.01.2018)