Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Буров П.П.

Буров П.П. Павел Петрович Буров (1902-1944 гг.)

Өскемен қаласындағы Буров атындағы көше 1945 жылға дейін Медвежья көшесі деп аталып, сол кезде бұл қаладағы шеткі көшелердің бірі болған. Көше Медвежья (кейін Пионер) аралынан басталғандықтан солай аталған екен. Ұзақ жылдар бойы бұл көшедегі әдемі үй - Риддер темір жол басқармасының ғимараты болған.

1940 жылы бұл ғимаратқа Кенді Алтайдың геологиялық орталығы деп есептелген "Алтайцветметразведка" тресі орналасқан. Осында бас инженер болып П.П.Буров қызмет еткен-ді.
Буров Павел Петрович 1902 жылы 4 наурызда шаруа жанұясында дүниеге келген. 1929 жылы Ленинградтағы тау-кен институтын бітіріп біздің өлкемізге жас маман ретінде жолдамамен келген екен.

Студенттік кездегі геологиялық - барлау партияларында жұмыс істеп, жиған тәжірибелері ескеріліп, тау инженері П.П.Буров Риддер геологиялық-барлау партиясына бастық етіп тағайындалған. Ол кезде Риддер қаласы көңілге жағымсыз, көшелерін батпақ басып жататын, үйлері аласа, көріксіз қала болған. Геологтың жұмысы да оңай емес, оның қиындығына төзген, соған шын көңілін берген адам ғана істейтін жұмыс. Ол уақытта геология жұмысында өзіндік қиыншылықтар да болған, шет ел концессионерлері зерттеулерінің қорытындысы қанағаттанарлықсыз, ал одан басқа геологиялық деректер жоқтың қасы.

Міне, осындай кезде біздің өлкеге келген, өлкеміздің жер қойнауындағы бағалы қазба байлықтарын барлау іздестіру жұмыстарын қолға алып, оған тікелей басшылық еткен азамат П.П.Буров болған еді.

1931 жылы П.П.Буров басқарған геологиялық - барлау партиясы Риддер комбинатына қарасты еді. Буровтың ұжымы осы ауданның қазба байлықтарын, жаңа кен көздерін барлау, іздестіру жұмыстарын атқарған. Риддер, Сокольный кен көздері ашылғаннан кейін, Белоусов пен Зыряндағы кен көздерін барлау жұмыстары белгіленіп, оған басшылық ету Буровқа тапсырылған. Осы жылы Зырян концессиясы таратылып, Зырян кен басқармасы құрылған. Зырян кен басқармасы кен көздерін іздестіру-барлау жұмыстарын үнемі Риддер комбинатымен бірлесіп атқарған да, сол жауапты жұмыстың басы-қасында Буров болған, ол бірде техникалық басқарушы, бірде бас геолог немесе геологиялық-барлау партиясының басшысы болып істеді.

Алтайдың ескікөз геологтарының бірі, геология-минерология ғылымдарының кандидаты К.Ф.Ермолаевтың естелігінде:
"Буров өткен зерттеу жұмыстарының нәтижесін терең оқып - меңгеріп, кен-өнеркәсіптік шоғырлану байланысын орнатып, зерттеудің жаңа әдістерін қолданып, тау-геометриялық анализдер жасап, геологиялық-барлау жұмыстарын кешенді түрде іске асырған. Осының нәтижесінде Риддер және Сокольный кен көздері түсті металл қорының молдығы жөнінен Одақ бойынша бірінші орында тұр", -деп жазылған.

Кейінгі жылдары зерттелген қорлар санының өсуі Риддердегі кенді жазықтың құрылысы туалы П.П.Буров пен Н.Н.Куректің жасаған қорытындыларын және олардың зерттеу-барлау жұмыстарының нәтижесін растап берді. Бұл жөнінде олар жазған ғылыми еңбек "Риддерская группа полиметалических месторождений" деп аталған. Қос автордың "Риддерское рудное поле" деген монографиялық еңбектері де бар.

Геология саласындағы еңбектері үшін Буров бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, 1935 жылы "Қазақстанға-15 жыл" белгісімен марапатталған. 1940 жылы геологиялық-барлау жұмыстарындағы жетістіктері үшін П.П.Буров "Түсті металлургия халық комиссариатының социалистік жарыс үздігі" белгісімен марапатталған.

1940 жылы Лениногор геологиялық -барлау партиясының базасында "Алтайцветметразветка" тресі құрылды. Кейіннен Өскемен қаласына көшірілген осы тресте П.П.Буров бас инженер, трест басқарушысының орынбасары болған. Тәжірибесі мол геолог П.П.Буров Николаевтан жаңа кен көзі табылған соң дереу геологиялық-барлау партиясын құрып, асқан қызығушылықпен бұл жұмысты қолға алған.

П.П.Буров 1944 жылы сәуір айында Москва қаласындағы конференцияға баяндама алып барып, осы іссапарында жүріп, конференцияға бір-екі күн қалғанда 6-сәуірде кенеттен қайтыс болды.

П.П.Буров өз өмірін Алтай жеріндегі кен көздерін барлау, зерттеу жұмыстарына арнаған азамат. Осы жұмысқа бар күшін сарп еткен ол қоғамдық жұмысқа да, ғылыми еңбекке де уақыт тапқан. Оның педагогикалық еңбегінің өзі-келешектің қамы, одан үйренген, оның тәжірибесіне ден қойған геологтар П.П.Буровтың ісін жалғастырып, Кенді Алтайда тұрып жатыр. Ол артық сөзі жоқ, көпшілікке қадірлі, кең мінезді жан болған, таулардың сырын түсінген, жер қойнауындағы байлықтың көзін ашқан адам. Оның маңдай тері мен мол еңбегінің нәтижесінде біздің Кенді Алтай өлкесінің мәртебесі өсіп отыр.

42 жасында өмірден кеткенмен П.П.Буровтың Кенді Алтай жерінде және осы өлкенің тарихында есімі мәңгілікке қалды. 1945 жылдан бері қаламызда оның есімімен аталатын көше бар.