Известные имена

Есімдер

Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

Бердус И.В.

berdusБердус Иван Васильевич (1906 -1970) – еңбек сіңірген энергетик.

Иван Бердус 1906 жылы 23 қаңтарда Чернигов губерниясы Новозыбкопский ауданы Карповичи селосында шаруа отбасында туған.

15 жасынан Славгород қаласындағы  көлік материалдық басқармасында сынықтар тасушы көшір болып істеген. 17 жасында Омск индустриалды техникумына оқуға түскен. Студент кезінде токарь, от жағушы, фрезеровщик т.б. қосымша жұмыстар атқарған. 1928 жылы техникумды аяқтай салысымен Риддер қаласына жұмысқа жіберіліп, станцияға электромонтер болып қабылданды.

Революцияға дейін Риддер қаласының бар энергетикасы 40 аттық күші бар «Вольф» атты бу қозғалтқышынан және 100-200 квт. Күші бар ағаш тірекке бекітілген су турбинасынан  тұратын. Алғашқы күнен бастап Иван Васильевич жұмысқа бар ынта- жігерімен кірісті.

Бастамашыл, принцпшіл, жігерлі жас қиын сәттерді әсіресе апат жағдайында ауыр жұмыстарға бел шеше кірісіп, басқаларға үлгі бола білді. Өз пікірін жалтақтамай ортаға салатын.

1928 - жылдың 14 маусымында Қазақстандағы алғашқы Хариузов су электр станциясын (СЭС) іске қосқан күні басқару тетігінде кезекшілік атқарды. Быструшинск станциясы мен бу турбинасында меңгеруші көмекшісі, кейін екеуінде де бір мезгілде меңгеруші болып жұмыс істеді.

1933-жылдан Жоғары және Төменгі Хариузов СЭС-ның меңгерушісі. Ұлы Отан соғысы жылдарында апатсыз үздіксіз жұмыс істегені үшін СЭС-ның бір топ қызметкері марпаттқа ие болды. Иван Бердус  «За доблестный труд в Великой отечественной войне» медаліне ие болды. 

Хариузов және Тишинск СЭС -ының директоры(1947-1954жж). Күз, қыс маусымдарда СЭС-ның қызметін пайдалану барысында тау өзендерінде пайда болатын мұз қабыршақ тарына қарсы күресте айтулы маман ретінде танылды.

1954 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, құрамында 1937 жылы іске қосылған Үлбі СЭС бар Лениногорск сарқырамасындағы СЭС-сы директоры қызметін атқарды. Тың және тыңайған жерлерді игеру басталған кезде Иван Васильевич тыңға қөмек ретінде каскадтан бірнеше көлік  бөліп отырып,  СЭС-ның  қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. 1957ж. «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталды. 1966 ж. Ленин орденімен, 1970 ж. В.И. Лениннің туғанына 100  жыл  мерейтойлық  медалімен марапатталды. И.В. Бердус басқарған өнеркәсіп 42 жыл бойы апатсыз жұмыс істеді. 1990 жылы И.В. Бердус қайтыс болған соң   өндірістік-техникалық бөлім бастығы, бас инженер В.С. Комов: «Иван Бердус – су электр станциясының барлық энергетикалық құралдарының апатсыз, сенімді жұмыс істеуіне үлкен еңбек сіңірді. Ұйымдастырушылық қабілеті күшті, қиын жағдайда жігерлі, батыл шешім қабылдайтын,  өзгелерге үлгі болатын, мейірімді, елгезек жан еді...  –деп жазды. »

Иван Бердус қайтыс болған соң 30 жыл өткеннен кейін Хайрузов СЭС-на  Қазақстандағы тұңғыш, КСРО-дағы Волхов СЭС-нан кейін  -И.В. Бердустың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. И.В. Бердус 1928 жылы 14 маусымда Хайрузов СЭС іске қосу сеніміне ие болған еді.

Оның өмірбаяны мен қызметі туралы ақпарат «Ресей  энергетиктері» атты энциклопедияда жазылған.

И.В. Бердустың «Первые электростанции Казахстана. Лениногорский каскад ГЭС» атты еңбегі Ресей ұлттық , Санкт-Петербургтегі  Н.А.Некрасов атындаға көпшілік, Мәскеу энергетикалық институтының кітапхана қорларында сақталған. Қазақ ССР-не  еңбек сіңірген энергетик.

Бердус И.В. еңбектері:

Бердус И.В. Первые электростанции Казахстана.Лениногорский каскад ГЭС [Текст] / Бердус И.В. - Усть-Каменогорск : РИА "7ДНЕЙ", 1997. - 40 с.

Бердус И.В. Первые электростанции Казахстана [Текст] : Лениногорский каскад ГЭС / Бердус И.В. - Усть-Каменогорск : Изд-во ВКГУ, 2003. - 108 с.

Бердус И. В. туралы:

Курносова Ю. Иван Васильевич Бердус. 1906-1970 [Текст] : Очерк / Курносова Ю. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2003. - 72 с.

Немцев М. С. "Лениногорск литературный" [Текст] : биографический справочник / Немцев М. С. - Лениногорск : Полиграф-Сервис, 2002. - 167 с.

Немцев М. С. Литературный Риддер [Текст] : биографический справочник / Немцев М. С. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2012. - 245 с.

Поломошнова Л. Первый среди многих: [О заслуженном энергетике Казахстана, бывшем директоре Лениногорского каскада ГЭС Иване Васильевиче Бердусе]// Рудный Алтай.- 2001.-10 нояб.-С.7

Интернет-ресурстар:

http://biografia.kz/famous/1425

http://www.akimvko.gov.kz/ru/culture/istoricheskie-lichnosti/istoricheskie-lichnosti-3.html

http://ridder.asia/clubs/16_leninogorskii-kaskad-gyes.html