Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Гумбольдт А.Ф.

Гумбольдт А.Ф. Александр Фон Гумбольдт (1769- 1858 жж.), саяхатшы-ғалым

1769 жылы 14-қыркүйекте Берлин қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы географиялық ашулар заманымен тұспа-тұс келеді. Франкфурт-на-Одер және Геттинген университеттерінен білім алады. 1790 жылы Франция, Нидерланды, Англия қалаларына өзінің алғашқы саяхатын жасайды.
Парижге оралған соң алғашқы еңбектерін жаза бастайды. Көп кешікпей оның есімі тек Францияда ғана емес, оның шеткері аймақтарына да кеңінен тарайды.
Америкаға жасаған атақты саяхатын А.Гумбольдт 1799 жылы бастаған. Ол Латын Америкасы, Мексика, Куба, Амазонканың біраз бөлігін, Ориноко, Атабапо, Касикьяре елдерін аралаған. 5 жылдан соң, Гумбольдт экспедициядан оралғаннан кейін оның есімі батыл саяхатшы ретінде әлемге танылған еді.
Ол жылдар бойы Ресей мен оның шалғайына барып қайтуды мақсат етті. Орыс тау-кен инженері В.Ю.Соймоновпен танысқан соң ғалымның Ресейге деген қызығушылығы арта түседі. Ол 1827 жылы желтоқсан айында ғана Ресей еліне саяхат жасауға келісім алады. Гумбольдт экспедицияға әзірленіп, Ресей елінің тарихы, географиясымен танысты.
16-мамырда Гумбольдт бастаған экспедиция Мәскеуден ары Екатеринбург, Тобольскі, Барнаул және одан ары Қазақстанның шығысына жол тартады. Ғалымдар Алтай таулы округының басты кендерін көруді көздеп, алтын мен күміске бай Риддер кен орындарын зерттеді. Сондай-ақ, Алтай өлкесіне танымал Зыряновскі шахтасына да барды. Ол кезде Зыряновскі кені 500 пуд күміс берген, ал жұмысшылар саны 700 болған.
Черемшанка тұрғындары ауыл шаруашылығымен айналысып, әсіресе, бал өнімімен көзге түскен.
ҒалымдарБұқтырмабекінісінежетуүшін бес ауылданөтті: Ульбинская, Феклистовка, Северная, Александровка және Березовка.Бұлөңірлерде ара шаруашылығымен, бақшамен, аң аулау мен айналысатын қазақтар мекендеген.
8-тамызда экспедиция Өскемен қаласынан Семейге жол тартады. Сібірдің біршама қалаларын аралап, Каспий теңізінде болған Гумбольд Мәскеуге 1829 жылы қарашада келеді.
Гумбольдт пен оның серіктері Ресей жеріне саяхат жасап, біршама жаңа мәлімет пен зерттеу жұмыстарын жинақтаған соң Отанға оралып, материалдарға өңдеу жұмыстарын жүргізді.
1859 жылы 6-мамырда тоқсан жасқа толар шағында көз жұмады.

ӘДЕБИЕТ:

Алексеенко Н. Бдительный городничий: (О пребывании Гумбольдта в Вост. Казахстане) - Знамя коммунизма. - 1961. - 15 окт.
Скурла Г. Александр Гумбольдт: Пер. с нем. - М.: Молодая гвардия, 1985. - 239 с.: ил. - (Жизнь замечательных людей).
Цыбульскийбольдт // Цыбульский В. В. Научные экспедиции по Казахстану. - Алма-Ата, 1988. - С. 22-64.