Известные имена

Есімдер

Как выбрать внешний диск. Внешний жесткий диск как выбрать самый подходящий. Какой внешний диск выбрать. Какой принтер выбрать. Какой выбрать лазерный принтер сегодня. Какой цветной принтер выбрать. Готовые программы на java. Изучаем java с нуля быстро. Как начать программировать на java. Бесплатные игры для планшетов android. Качественный samsung android планшет. Планшет android цена. Отдых в турции отели. Самый лучший отдых в турции. Отдых в турции отели цены. Wow дк гайд. Лучший wow фрост дк гайд. Wow дк танк гайд. Рабочие программы на языке python. Изучаем python с нуля. Язык python для начинающих. Бесплатые плагины для Joomla. Скачать joomla плагины бесплатно. Где скачать самые последние плагины на joomla.

Коншин Н.Я.

Коншин Н.Я. Коншин Николай Яковлевич (1864- 1937 ж.ж.)

Ақсүйектер әулетінен шыққан Николай Яковлевич Коншин 1864 жылы Тверьде дүниеге келген.

Ол гимназияда оқып жүрген кезінде "Современник" және "Отечественные записки" журналдарынан Добролюбов, Писарев, Михайловский, Некрасов шығармаларымен танысып, санасына революциялық идеялар қалыптаса бастады.

Тверь гимназиясын бітіргеннен кейін Коншин Москва университетіне түседі.

Медицина факультетінің екінші курсынан кейін студенттер қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі ретінде оқудан шығарылады.

1885 жылы Ярославтың Демидов юристік лицейіне оқуға түсіп, бір айдан кейін студенттердің революциялық үйірмесінің мүшелігіне кіріп, "Халық еркі" ұйымымен тығыз байланыс жасайды.

1886 жылы жазда студенттер ұйымы полицейлердің қолына түcіп, Николай түрмеге қамалады да, кейін Бутырлуға жіберіледі. Осы жерден дала өлкесі Зайсанға жер аударылады. Н.Я.Коншин мұнда қазақ халқының тарихын, әдет-ғұрпын зерттейді. Сөйтіп халқымызбен жақындасып кетеді. Зайсанда жиған материалдары кейін дала өлкесі жайлы жазған очерктеріне арқау болады.

1896 жылы қазан айында Семейге келіп өмірінің соңғы күніне дейін осында тұрады. Осы жылдары қазақтың ұлы ақыны Абаймен танысып, қарым-қатынастары үлкен достыққа айналады. Николай Яковлевичтің өтініші бойынша Абай "Орта жүз қазақтарының тарихы" атты материал дайындайды.

Сондай-ақ Ф.М.Достоевскийдің Семейде болуы жөнінде деректер жинастырады. "Семей облысындағы татарлардың бастауыш білімі туралы" деген еңбек жазады. 1899 жылы Зайсанда айдауда бірге болған досы Н.Ватсонның поэмасын, "Сибирская жизнь" газетіне жариялатады.

1898 жылы Семейде география қоғамының бөлімшесін құру жайында мәселе көтереді. Осы жылдың июль-август айларында Коншин Өскемен уезін аралайды. Негізгі мақсаты - елді - мекендердің жағдайымен танысу еді. Алайда уақытының тығыздығына байланысты ол тек: Геогргиевка, Александровка, Марийск, Николаевск, Михало-Архангельск (қазіргі Сағыр), Қараш және Шұбар-Қайың елді-мекендерін ғана аралап үлгереді. Жинаған материалдары негізінде 1899 жылы "Переселенческие поселки в Усть-Каменогорскому уезду" атты очеркін жазады. Осы жылы тағы қазақ ауылдарында болып ел тұрмысына байланысты материалдар жинақтайды. Н.Коншиннің 1901 жылғы "Очерк экономического быта киргиз Семпалатинской области" атты еңбегі осы саяхатының қорытындысы іcпетті.

Коншин журналистикамен ерте айналысады. 1905 жылы орыс революциясының қызып тұрған шағында оның басшылығымен "Семипалатинский листок" газеті шықты. Шығыс Қазақстанда Октябрь революциясы орнағаннан кейін архив іcін жүргізу үшін оны жақсы білетін адамдар керек еді. 1920 жылғы 29 мартта губерниялық ревкомның мәжіліcінде Н.Я.Коншин архив бюросының меңгерушіcі болып тағайындалады. Николай жаңа жұмысты зор шабытпен атқарды. Ол атқару комитеттерінің тапсыруымен саяси жер аударылғандар және өлкенің экономикасы жайлы материалдар жинады. Осы кезде ол "Семейдің архиві өлкетану үшін не береді?" деген еңбегін жазды. Ақмола және Семей облыстарында 1881-1905 жылдардағы саяси жер аударылғандар жөнінде фотоальбом жасады. Онда 203 сурет бар еді. Н.Я.Коншин архив бөлімінде 1925 жылға дейін істеді. Ол "Семей облысы ескерткіш кітапшасында", одан кейін "Семипалатинские областные ведомости" газетінде редактор болды.

Н.Я.Коншиннің халқымыздың тарихы, экономикасы, этнографиясы жайлы жазған еңбектері күні бүгінге дейін құнын жайған жоқ.

Николай Яковлевич аса білімдар еді. Ол неміс, ағылшын және француз тілдерін білген.
Дала өлкесінің тарихы жайында жазған еңбектері үшін және Семейде географиялық қоғамының бөлімін ашқаны үшін Орталық география қоғамының күміc медалімен марапатталған.

Н.Я.Коншин 1867 жылы 1 тамызда 73 жасында дүниеден қайтты.