Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Панкратьев Д.Г.

Панкратьев Дмитрий Гордеевич (1867-1956) - натуралист.

Дмитрий Панкратьев 1867 жылы 23 сәуірде Тобол губерниясы Татар уезі Илю Карга селосында туған. Селода мектеп болған жоқ. Табиғатынан зерек Дмитрий алты жасынан бастап жер аударылып келген тұтқынан сауат ашып, дыбыс таныған. Көп ұзамай Панкратьевтар отбасы Семей қаласына қоныс аударады. 1899 жыл Дмитрий патша армиясы 0атарына әскери борышын өтеуге шақырылады. Әскери бөлімше біраз уақыт Өскемен қаласында тұрады. Өскемен бекінісі, қала оған ұнайды. Көп ұзамай, әскери бөлімше Зайсан қаласына ауысады. Осы жерде Д. Панкратьев алғаш рет бақ өсірумен айналысады, кейін осы іске бүкіл өмірін арнайды.

1988 жылы мамыр айында ол Өскемен қаласына келген сапарында бұрынғы саяси жер аударылған, кейін омарта ісімен шұғылданғын Александр Николаевич Федоровпен танысады. Федоровтың омартасында оқу курсынан, тәжірибеден өтеді. Д.Г. Панкратьев көптеген омарта көрмелеріне, омарташылар сьезіне қатысады. 1911 жылы бірінші Батыс –Сібір ауылшаруашылық көрмесінде, оның 12 жылғы Федоровпен бірлескен жемісті еңбегі мен омарта шаруашылығындағы жаңашылдығы үшін Кіші алтын медальмен марапатталады. Панкратьевтің омартасында А.Н. Федоров омарташылар курсын ұйымдастырады. Оның тыңдаушылары халық арасында рамалы омартаны дамытуды насихаттайтын шаруалар, оқушылар, мұғалімдер мен семинария тәрбиеленушілері еді. Әдетте сабақ Панкратьевтің қолайлы әрі ірі омартасын аралаумен аяқталатын. Панкратьев А.Н. Федоровтың көмегімен практикалық сабақтар өткізетін.Ал Густав Александровия Вистениус Дмитрий Гордеевич Панкратьевті бақша өсіруге үйретті. Г. Вистениус Өскеменде бақ өсірген еді. 1906 жылы әскери лазареттің дәрігері- отставкаға шығып, қаладан кетуге бел байлайды. Оның қаладан кететіні, бау-бақшасын сататыны туралы хабар қалаға лезде тарады.Сатып алуға тілек білдіргендер өте көп бюолды. Курочкин деген саудагер он мың рубльге алмақшы болды. Бірақ Вистенитус оған келіспеді. Ол бағын Панкратьевке беруді ұйғарады. Өз бағына иелік ететін бірден бір адам Панкратьев деп білді. Бағын беріп қана қойған жоқ, қалалық кітапханаға 15 жыл бойы жыл сайын 100 рубль көмек көрсетуін міндеттеді. Панкратьев алғашқы жылдары бақты игеру, жеміс ағаштарын отырғызу, бақша өсіру туралы кітаптар оқыды.

Д. Панкратьев 15 сотық жердегі Вистениус бағының өнім беруден гөрі, коллециялық жағы басым екенін байқады. Кейбір сорттар бір данадан ғана, өнім алуға жарамайтынын ұқты. Сондықтан Д. Панкратьев Ресей мен Сібір губернияларынан сәндік өсімдіктер мен жеміс ағаштарының әртүрлі сорттарын әкеп жерсіндіріп, жергілікті жерде өсіп, өнім беретін жабайы жидектерді үй жағдайында өсіре бастады. Сөйтіп, 70-ке жуық өсімдіктерді баптап, оларды қалай күтудің негізін жасады, бау-бақша өсірудің жергілікті агротехникасын жасады. Сәндік, жеміс ағаштарының, бұталардың шыбықтарын, жидектер мен жемістердің тұқымын қала маңындағы әуесқой бақшашыларға таратты. Панкратьев бағында алма ағашы 10 000 түпке жеті. Соғыс алдындағы жылдарда Панкратьев бағынан өскемендіктер дастарханына жыл сайын 7-10 т. таңқурай, қара қарақат, шие, тошала т.б. жидек түрлері түсті.

1939 жылы Ертіс өзеніндеӨскемен су элетр станциясын салу қолға алынды. Бақшашы өзінің мичуриндік еңбегін Аблакеткаға ауыстыруға мәжбүр болды. Ол жерде көпшіліктік көмегімен тағы бір бақшаның негізін қалады. Саябақ жасады, құрылысшылар поселкесін көгалдандыруға күш салды. Соғыс жылдарында халықты жеміспен, көшетпен қамтамасыз еткен жылыжай шаруашылығын қолға алды. Дмитрий Гордеевичтің еңбектерінің ең маңыздысы - Аблакеткадағы жүзім бағы. Алғаш рет жүзім өсіруді Д. Панкратьев революциядан бұрын қолға алған еді. 1917 жылы Симбирск губерниясынан Саратов қаласынан жүзімнің ерте пісетін сортын жаздырып алған. Көшеттердің көпшілігі жерсінгенімен,1921-22 жылдары олардың өнімі ұсақ, қышқыл, пісіп үлгермеген өнімдер бере бастады.Кейін қыс қатты болған жылдары түгелдей дерлік үсіп қалды.

1941 жылдары Д. Панкратьевтің бақ өсірудегі тәжірибесі молайды. 1941 жылы Зайсанға барып, 2000 дана екіжылдық жүзім көшетін сатып алып, оны 1942 жылы көктемде Аблакеткаға әкеп отырғазады. Көшетердің жартысы өспей, жартысы жерсініп, өнім бере бастайды. Сөйтіп жылдан жылға жергілікті жерде жүзім өсіру агротехникасы өркендеп, жүзім плантациясы кеңейе түсті. Түсетін өнім де ұлғайып, әуесқой бағбандардың көңілін аудара бастады. «Панкратьевтің кереметін» көруге Барнаулдан, Змеиногорскіден, Семейден, Новосібірден, Ленинградтан Болгариядан бағбандар келді.

Панкратьев өз бағында жүзімнен басқа 1949 жылы үш тонна өнім берген маньчжур жаңғағын, емен, тоз, жөке ағаштарын,т.б. сәндік жеміс-жидектерді жерсіндіріп, өсірді.

Панкратьевтің омарта және бау-бақша ісін дамытудағы еңбегі туралы белгілі өлкетанушы, өлке зерттеушісі Борис Герасимов көп жазды. 30 жылдары Шығыс Қазақстанға үкімет тапсырмасымен Алтайдың өсімдік ресурстарын зерттеуге келген экспедиция басшысы, академик Б.А. Келлер Панкратьев бағын көріп, «Өскеменде бақ өсіру ісін дамытудың барлық жолдары Панкратьевке келіп тіреледі...» деген екен.

Дмитрий Гордеевич өлкедегі тұңғыш метеоролог болған. 1898-1959 жылдары Екатеринбург магнитті және метеорологилық обсерваториясынан ауа райын, табиғи құбылыстарды бақылап отырған. Оның жазбалары нақтылығымен, дәлдігімен ерекшеленген. 1913 жылы Бас обсерватория метеорологиялық бақылаушы Дмитрий Панкратьевті Романовтар әулетінің 300 жылдық мерейтойы қарсаңында ашық қола медальмен марапатаған. Кеудеге тағып жүруге болатын медальмен Дмитрий Гордеевичті көргендер аз, өйткені ол өте қарапайым еді. Қалалықтар ішінде оның достары, ғалымдар мен жазушылар өте көп еді. 1891 жылы оның мінездемесінде рота командирі «...адамгершілік қасиеті мол осындай адамды кездестіруім өте сирек. Атап айтқанда қарапайым, кішіпейіл, тақуа, үнемі ойланып жүретін адам... » деп жазған екен.

Дмитрий Гордеевич белгілі жазушы Г. Гребенщиковпен өте жақын достық қарым-қатынаста болды. Гребенщиков алғашқылардың бірі болып, Панкратьев еңбегінің қала және қалалықтар үшін қаншалықты маңызды екенін атап айтты.

1911 жылы болған бұршақ бақша мен омарта шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Қатты уайымнан Панкратьев ауырып қалды. Сонда Гребенщиков ұзақ сонар жұбату хатын жолдаған екен: «Сізге жұбату айтып жағымпазданғым келмейді, бірақ, шын көңілмен сіздің еңбегіңіз жергілікті тарихта тасқа қашалып жазылуға тиіс екенін айтқым келеді. Сіздің қажырлы жанқиярлық еңбегіңізге осыдан артық жоғарғы марапат болмас деп ойлаймын.»

Д.Г. Панкратьевтің өмірі мен еңбегі туралы әдебиет.

Литературы о жизни и творчестве Д.Г. Панкратьева

Кітаптар-Книги

Анов, Н.Ертіс нұры [Мәтін] /Н. Анов, Г.Молотков. - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1954. - 168 б. - Д. Г. Панкратьев туралы.

Кузьменко, Б. Ертіс өңірі  [Мәтін] = Прииртышье = Prііrtyshye./ Б. Кузьменко- Алма-Ата: Кайнар, 1982.- 184 с. - Д. Г. Панкратьев туралы.

Қасымұлы, А. Алтайдан ұшқан ақиық [Мәтін] / А. Қасымұлы. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б. - О Д. Г. Панкратьеве

***

Анов, Н., Молотков, Г. Огни на Иртыше  [Текст]. - Алма-Ата: Казгосиздат, 1953.- 155 с. - О Д. Г. Панкратьеве.

Черных С. С берегов Иртыша [Текст] / С. Черных. - Алма-Ата: Казахстан, 1981. - Панкратьевские сады. - с. 144-163.

Барышников, С.И. Пчелка  [Текст] / С. Барышников- Алма-Ата: Кайнар, 1985.- 96 с. - О Д. Г. Панкратьеве.

Черных, С. Одна, но пламенная страсть [Текст] / С. Черных. - Алма-Ата: Казахстан, 1986.- След на земле. - с. 94-120.

Кратенко, А.И. Беловодье... Потерянный рай  [Текст] / А. Кратенко. - Усть-Каменогорск, 1991. - 77 с. О Д. Г. Панкратьеве

Мақалалар – Статьи

 

 

Исатаев, Т. Сад, которому 100 лет [Текст] : [об истории создания Панкратьевского сада в г.Усть-Каменогорске] / Т. Исатаев // АиФ: Казахстан. - 1994.- N38. - С. 7.

Кущ, Г. Его именем назван сад [Текст] : [к 130-летию со дня рождения садовода Д.Г. Панкратьева] / Г. Кущ // Рудный Алтай. - 1997. - 13 февраля.

Черных,С. Панкратьевские сады [Текст] / С. Черных // Семь дней. - 1999. - 15, 22, 29 июля; 5 августа.

Шимолина, Н. Я знаю: саду цвесть! [Текст] : [Панкратьевский сад переживает третье рождение] / Н. Шимолина // Рудный Алтай. - 2002. - 5 сентября. - С. 2.