Известные имена

Есімдер

Взять ипотеку в банке. Хочу взять ипотеку без первоначального взноса. Какую лучше взять ипотеку. С чего начать изучение языка objective c. Новый язык программирования objective c учить. Язык objective c с нуля. Как зарабатывать в интернете. Учимся заработать на сайте много. Как создать сайт для заработка. Видео самоделки трактора. Самоделки трактора своими руками чертежи. Мини трактора видео самоделки.
Кредит наличными без справок. Как получить наличный кредит быстро. Выгодный кредит наличными. Какой автомобиль лучше. Какие лучшие марки автомобилей. Когда лучше покупать автомобиль. Как установить linux с нуля. Правильная настройка linux. Учимся как запустить linux. Теплый пол своими руками. Быстрый монтаж теплого пола своими руками. Отопление теплый пол своими руками. Где скачать модули Joomla. Бесплатные модули joomla скачать. Самые популярные модули для CMS Joomla.

Петровский Н.А.

petrjvskiyПетровский Никандр Александрович ( 1891 - 1968) - зерттеуші.

Никандр Александрович Петровский  1891 жылы 16 қыркүйекте Өскемен қаласында туған. Әкесі қазақ болыстарында хатшы болған, анасы - Сібір әскери казактарының отбасынан шыққан. Бала кезінде Никандр Петровский Өскемен қалалық училищесінде бүгінде атақты жазушы Е.Н. Пермитин мен А.М. Волковпен бірге оқып, «революцияшыл көңіл-күйі» үшін 6 класта оқудан шығарылған. 

1913 жылы Е.Н. Пермитинмен бірге бастауыш мектеп мұғалімі атағын алу үшін жедел емтиханды сәтті тапсырып шығады. Н.А. Петровский Біріншідүниежүзілік және Азаматтық соғысқа қатысқан. Соғыс біткен соң Украинада мұғалім болып қызмет істеген. 1927 жылы Петровский Ярослав педагогикалық институтының әдеби- лингвистика бөліміне түсіп, 1930 жылы бітіріп шыққан. Алған білімін азырқанған ол Ташкент медицина институтына түсіп, оны 1940 жылы бітіреді. 1957 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейінгі дәрігер,  одан кейін Орта Азияда, Шығыс Қазақстанда мұғалім болып істеген.   

Никандр Александрович жас кезінен тілтанумен әуестеніп, жаңа орыс сөздерін жинақтаған. 1947 жылдан өмірінің соңына дейін орыс есімдері мен ата тегін,  олардың шығу тарихын зерттеген.  Бірнеше шет тілін меңгерген Н. Петровскиге  әлемнің түкпір-түкпірінен ерікті көмекшілер  көмектескен. Ғылыми мекемелермен, газет-журнал редакцияларымен, ғалымдармен, жазушылармен, филологтармен, инженерлермен , студенттермен , Реформатский, Успенский сияқты атақты тілтанушы-ғалымдармен  хат жазысқан.   

Нәтижесінде 1967 жылы жүз мың тиражбен «Совет энциклопедиясы » баспасынан «Словарь русских имен» атты еңбек жарық көрді. Жеке есім жазылған 45 мың карточка кітаптың негізін құрады. Негізгі мақсаты – біздің заманымызда орыс отбасында жиі қайталанатын есімдерді тіркеу, басқа тілдерден келген кірме сөздерді анықтау, заман талабына сай өзгере отырып, бүгінгі күнге жеткен көне есімдерді көрсету  болды. 

Никандр Александрович Петровский 1968 жылы 8 қаңтарда қайтыс болды. Оның артында жеке мол мұрағаты қалған еді.  1975 жылы туыстарымен жазысқан көптеген хаттардың нәтижесінде зерттеушінің мұрағаты Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатына табыс етілді. 

Петровский Н.А. туралы:

Ескендиров М. Г. Архивы Восточного Казахстана [Текст] / Ескендиров М. Г.// Вестник 

университета "Кайнар".- 2005. - N 3/2. - С. 35-37

Вологодская Г. Тайна имени: [О составителе словаря имен,ученом-лингвисте из г.Усть-Каменогорска Н.А.Петровском]// Казахстанская правда.- 1999.-30 апр.

Розанов А. Учитель из нашего города// Розанов А.. Первороссийские мальчишки.- Алма-Ата: Жалын, 1988.- С. 95-125.

Интернет-ресурстар:

http://lib.rus.ec/a/82119

http://www.bankreferatov.ru/db/B/F8F221CE19A9C0B043257A08006EA3CB#.VnPkmV7kUyI

http://www.ezocat.ru/index.php/autors-m/790-petrovskii/3353-petrovskii-srli