Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Сапожников В.В.

Сапожников Василий Васильевич (1861-1924) – өлке зерттеушісі.

Василий Сапожников -  Н.М. Пржевальский, П.К. Козлов, П.П. Семенов-Тян-Шанский т.б. сияқты саңлақтармен қатар, географиялық ашулар мен ғылыми зерттеулер арқылы әлемдік, отандық ғылымға үлкен үлес қосқан ғалым.  Томск университетінің профессоры, әрі ректоры, Сібір табиғатының  зерттеушісі В. Сапожников 1861 жылы 9 желтоқсанда Пермь қаласындағы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Пермь ерлер гимназиясын бітірген соң Мәскеу университеті жаратылыстану  бөлімінің физика-математика факультетіне түскен. Атақты ғалым К.А. Тимирязевтің шәкірті болған. 1893 ж. Томск университетінің профессоры болып қызмет істеп жүрген кезінде  «Белки и углеводы зеленых листьев» атты докторлық диссертациясын 1896 жылы Казань университетінде  қорғап, таулы Алтайдың флорасын, географиясын зерттеуге бел шеше кіріскен.  

1895 ж. В. В. Сапожников Таулы Алтайға  алғашқы саяхатын бастады. Экспедиция  нәтижесінде Алтай тауларындағы мұздықтардың даму барысы туралы қорытындылар жасады. 150 биіктік анықталып, өсімдіктің 415 түрі жиналды, алғаш рет 100- ге тарта фотосуретер түсірілді. Зерттеу жұмысының нәтижесін көрсететін, атқарылған жұмыстардың есебі іспеттес  фотосуреттермен толықтырылған «По Алтаю» атты кітап жарық көрді.

1897,1898 және 1911 жылдардағы экспедицияда  Сапожников Алтайдың таулы, орманды алқаптарындағы,  Катон өзенінің бас жағын, басты тау жоталарының флорасын зерттеді.

Мұзтау мен Шу жоталарының орталық бөлігін зерттей отырып, қазіргі кездегі  үлкен мұздықтардың (ежелгі мұздықтардың қалдықтарымен)  орналасу картасын жасады. Мұзтаудың биіктігін нақтылап, оған дейін анықталған биіктіктен Мұзтаудың 120 м. биік екендігін дәлелдеді.

 1897 жылғы саяхат Сапожниковтың ең ұзақ саяхаты болды. Осы Алтай сапарының қорытындысы -  «Катунь и ее истоки» кітабы жарық көрді. В.В. Сапожников атқарылған жұмыстар нәтижесінде мұздықтарды зерттеу мен бақылауды жүйелендірудің негізін қалады. Белгілі ірі мұздықтарды зерттей отырып, Алтайдың кіші мұздықтарының суреттемесі жасалды. Алтайға күрделі жолкөрсеткіштер жасаған автор қысқа әрі жарқын өмір сүрді. 

В.В. Сапожников 1924 жылы 11 тамызда Томск қаласында 53 жасында қайтыс болды. Томск университетінде 30 жыл қызмет атқарған ғалым ғылыми мақсатта  Сібір және оның маңына 20 экспедиция ұйымдастырған екен. 1919-1920 жылдары В. В. Сапожников Сібір зерттеу институтын басқарған. Елдің шығысында тұңғыш ғылыми мекеме кейіннен Сібір Ғылым Академиясы аталды.

В.В. Сапожников – энциклопедиялық білімді ғалым болғандықтан, өзін Сібір мен оның маңындағы Орта Азия облыстарының жан –жақты зерттеушісі екендігі көрсетті. Орыс Алтайынан бастап, оған  жалғасқан Саян, Монғол тауларымен, батысында Тарбағатай, Алатау, Тянь-Шань, Хан тәңірі, Іле Алатауы Орталық Түркістан таулы аймақтарында   өзінің ғылыми зерттеулерін жүргізді. Каспий облыстарын өтті. Азия жоталарына саяхат кезінде В.В. Сапожников ең алдымен осы таулардың мұздықтарына баса назар аударды. Бұрын белгісіз көптеген маңызды мұздықтарды ашып, оларды картаға кіргізді. Азия тауларының қарлы аймағын зерттей отырып, 1895-1899 жылдар аралығында Алтай тауларынан 40 мұздықты ашты. Монғол Алтайы мен Тянь Шаньдағы ашқан  қызықты жаңалықтары бір төбе. Сарыжаз тау тізбегіндегі бір шың Сапожниовтың есімімен аталады.

География ғылымының тарихына В.В.Сапожников экспедициялық жұмыстардың мықты маманы ретінде келді. Оның ботаникалық-географиялық еңбектері өте құнды, таулы аймақтың ендігі мен орман алқабының биіктігі туралы ереже қалыптастырды. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, ұлттық табиғи қорықтар құру, « табиғатты  қол тигізбеген»   қалпында сақтау, өсімдік экологиясы сияқты ойлары бүгінгі күні де аса маңызды болып отыр. Жан –жақты ғалым ретінде В.В. Сапожников  экспедиция  маршруты кезінде халықтың тарихымен, этнографиясымен жете танысып көптеген материалдар жинаған, археологиялық ескерткіштерге қызығушылық танытқан. Оның жинаған гербарлық жапырақтары, зоологиялық, минералогиялық коллекциялары, археологиялық және этнографиялық материалдары мен тапқан жәдігерлері күні бүгінге дейін Томск  университетінің мұражайында сақтаулы.  

Дереккөз:

Асқаров, Әлібек. Алтай алтын бесік, ата жұрт [Мәтін] : тарихи-танымдық тұрғыдағы саяхат (сафари) жазбалары / Ә. Асқаров. - Астана : Фолиант, 2009. - 290 б.

Сағатов  С. Алтайды зерттеуші ғалым [Мәтін] : [ғалым Василий Сапожников туралы] / С. Сағатов  // Коммунизм туы. - 1979. - 10 июль

Қалижанов, Ерназ. В.В. Сапожников -Шығыс Қазақстан мұздықтарын зерттеуші [Мәтін] / Е. Қалижанов // Мәдениет жаршысы  / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2011. - N 11. -  С. 15-16.