Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Седельников А.Н.

седельников александрСедельников Александр Никитич (1876-1919) – өлке зерттеушісі.

Александр Никитич Седельников 1876 жылы 30 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданында туған. Кейінірек отбасымен Ресейдің Орал, Пенза облыстарына, кейін Омбы қаласына қоныс аударған. Сол жерде бастуыш класты, уездік училищені бітіріп, мұғалімдер семинариясына оқуға түседі. Семинарияны бітірген соң Волчий поселкасына мұғалім болып орналасады. Көп ұзамай жаратылыс танумен айналысып, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, далалық өлкенің тарихы туралы материалдар жинақтай бастайды. Ертіс бойымен жүріп өтіп, Омбы, Павлодар маңайын зерттейді.

1896 жылы Седельников Юрьев университетінің еркін тыңдаушысы болу мүмкіндігіне ие болады. 1897 жылдың маусым, 1898 жылдың тамыз айларында ботаникалық бақтың тапсырысы бойынша өз Отанына – Батыс Алтайда болып, Нарым алқабында, Нарым жоталарын зерттейді. Бұқтырма бойында жасаған зерттеулерін толықтырып, өсімдіктер тізімі тіркелген «Геоботаническое описание Нарымской долины на Алтае» атты еңбегінде көрсетеді.  Ботаникалық жинаудан басқа Седельников Алтайдың оңтүстік-батыс  аймағына сапар кезінде өлке туралы да материалдар жинап, «О мараловодстве на Алтае» атты мақаласы 1909 жылы «Естествознание и география» журналында жарияланды. Университет бітірген соң Седельников Петербург ботаникалық бағында қызмет істеп жүрген кезінде гербарий өңдеумен айналысты. Осы жылдарда «Қырғыздар өлкесі» атты еңбектің сегізінші томын даярлап жарыққа шығаруға қатысты.

1900 жылы Александр Никитич Омбыға оралады. Үш жылдан кейін қайтадан Зайсан көлі мен Мұзтауды зерттеуге шығады. Экспедиция кезінде ғалым зоологиялық, ботаникалық, петрографикалық,  геологиялық т.б.  коллекциялар жинады. Жинақталған материалдар 1905-1906 жылдарға жалғасып, жаңа экспедицияларға жол ашты. 1908, 1910 жылдары  Седелников Зайсан көлінде қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Көп кешікпей  Зайсан қазан шұңқыры, көлдің пайда болу, аталу тарихы, көлемі, морфологиясы, климаты туралы  «Зайсан көлі» атты көлемді ғылыми еңбек дүниеге келді. Ғалым сонымен қатар көлдің әр жеріндегі,  түрлі тереңдіктегі  температуралық кестесін, судың тазалығы мен түсін зерттейді. Кітаптың Зайсан көлі жағалауындағы, Зайсан қазаншұңқырындағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, Зайсан өңірінің тұрғындарына, олардың шаруашылығы мен тұрмысына   арналған тараулары аса құнды. «Зайсан көлі» атты еңбектің ғылыми құндылығын  Орыс географиялық қоғамы Кеңесі  бағалап, 1912 жылы А.Н. Седельников алтын медальмен марапатталды. 

Зайсан көлінен кейін Седельников Марқакөл көлін зерттеуге кіріседі. Экспедицияның басқа да мүшелерімен көлдің тереңдігін, температурасын, тазалығын, судың қозғалысы мен түсін зерттеп, гербарий, зоологиялық, минералогиялық коллекциялар жинастырады.
1914 жылы А.Н. Седельников орталық Алтайдың оңтүстік-батыс аумағында жатқан Маралды, Черновое, Язовое, Арасан, Көксу, Перевальное, Круглое, Мараленок, Сібе сияқты   бір топ көлдерді зерттейді.

1917-18 жылдары ғалым Шығыс Қазақстанға тағы екі рет барып қайтады. Бөкен өзенінің құмды жағалауын, Өскемен мен Бұқтырма аралығындағы  Ертіс өзенінің алқабын зерттейді. Александр Никитич – Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімшесінің белсенді мүшесі ретінде Сібір мен Қазақстанның географиясы, ботаникасы, зоологиясы, геологиясы, археологиясы этнографиясы туралы бірнеше ғылыми еңбектер жазған. Омбы мұражайында жинақталған материалдарды бір ізге келтірген. Омбы, Семей, Өскемен қалаларында оңтүстік –батыс Алтайдың жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы лекциялар оқыған. 

Ғылыми жұмыспен қатар А.Н. Седельников мектеп өміріне де белсене араласқан. Уездік қалалық училищеде, кейіннен Омбы мұғалімдер семинариясында жаратылыстану мен физика пәндерінен сабақ берген.  

1916 жылы Батыс – Сібір оқу аймағы  мектептері үшін Ресейдегі тұңғыш отантану оқулығын басып шығарған. Іле- шала Семей облысы Семей, Зайсан, Көкпекті, Өскемен, Павлодар уездері туралы жазылған тағы бір оқулық дайындайды. Томск, Тобыл губерниялары туралы оқулық баспаға дайындалып жатқан кезде, 1919 жылы А.Н. Седельников сүзектен қайтыс болды. 

1967 жылы Омбы қаласындағы № 5 кәсіптік-техникалық училищесі  кезінде мұғалімдер семинариясы орналасқан ғимаратқа  салтанатты жағдайда біздің жерлесімізге арналған мемориалдық тақта орнатылды. «Бұл жерде Омбы мұғалімдер семинариясында 1907жылдан 1919 жылға дейін танымал географ, педагог-демократ Александр Никитич Седельников қызмет еткен» деген  ақ мәрмәр тасқа алтынмен жазылған жазу жалтырайды.

Седельников А. Н туралы:

Горбунов А.П. А.Н.Седельников - выдающийся исследователь природы Казахстана [Текст] / А. П. Горбунов // География в школах и вузах Казахстана. - 2013. - №1. -  С. 51-53

Ибраева Г. Н. Краеведческая работа Б. Г. Герасимова в Восточном Казахстане [Текст] / Г. Н. Ибраева // Отан тарихы. - 2009. - № 1. -  С. 49-54.

Деев В. Литературный Усть-Каменогорск [Текст] : очерки истории развития региональной литературы / Деев В. // Вестник культуры. - 2007. - №2. -  С. 26-28

Лухтанов А. Гавань путешественника [Текст] / Лухтанов А. // Семь дней. - 2003. -  9 мая. -  С. 8

Щербаков Б. Земля очарования [Текст] : [О первых исследователях Восточного Казахстана] / Щербаков Б. // Деловой Усть-Каменогорск http://www.aaa.kz. - 2002. - №1. -  С. 32-33

Черных С. Вершина исследователя [Текст] : [Об исследователе Алтая А.Седельникове] / Черных С. // Семь дней. - 2000. - 7 июля, 28 июля, 4 авг. -  С. 6

Черных С. Тропами Рудного Алтая [Текст] / С. Черных // Рудный Алтай. - 1973. - 24 мая.

http://biografia.kz/famous/1435