Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Абрамов Н. А.

Николай Алексеевич Абрамов (1812 -1870 жж.), өлке зерттеуші

Абрамов Николай Алексеевич 1812 жылы Тобыл губерниясы Қорған қаласында дүниеге келген. Әкесі әрі дін қызметшісі, әрі татар тілі мұғалімі болған. Болашақ тарихшы Қорған халық училищесінде, Тобыл семинариясында оқыған. Оны тәмамдаған соң өзі татар тілін оқыта бастайды. 1834 жылдан Тобыл қаласының оқу орындарында, кейін Семей қаласында жұмыс істеді. Павлодар, Өскемен, Семей, Алматы (Верный), Қапал, т.б. қалалар, бекіністер, станциялардың салыну тарихы, олардағы халық саны, кәсібі, оқу орындары, орыс-қазақ қатынастары, Ресей қол астына қарауы туралы бірнеше ғылыми мақалалар жазды. Омбы–Семей жолы бойындағы, Қапал мен Қаратал өңіріндегі, Жетісудегі обалар мен бірнеше архитектуралық ескерткіштерге сипаттама берді. Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарына талдау жасап, ол туралы халық аңызын жариялады. Абрамов 1842 жылы Сібірге жер аударылып барған Ғұбайдолла Уәлихановпен кездесіп, ол жайында көлемді очерк жазды. Абрамов жинаған археологиялық және жазба мұралардың ішінде «Жеті шатырды» (Семей) қазғанда табылған түрлі түсті бояумен таңбаланған көне түріктің бас сүйегі, қарлұқ қағаны Арсланның 1212 жылы аты жазылған алтын сақина (Қапалдан табылған), тастағы ту ұстаған түрік әйелінің суреті және басқа да көне жазба ескерткіштері бар.

Әдебиет:

Султанов О. Неутомимый летописец - наш земляк: [О географе, краеведе,исследователе Семипалат.региона .А.Абрамове]// Иртыш.- 1998.-30 июля.-С.3