Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Кашляк В.Н.

Кашляк В. Кашляк Виктор Николаевич (1951ж.), өлке танушы.

Виктор Николаевич Кашляк 1951 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласында туған.Білімі -жоғары.

Жас кезінен бастап, Ертіс өңірінің Семей тарихымен әуестенген. Мәскеу, Омск, Алматы, Семей қалаларының мұрағаттарында зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 70-тен астам тарихи тақырыптағы мақалалар жазды.

Ол мақалалары Қазақстан Республикасы ғылыми мерзімді басылымдар бетінде жарық көрді.

2003 жылы Омск, Тюмень, Тобольск мұрағаттарындағы "Семей қаласындағы діни құрылыстарының тарихы" тақырыбындағы құжаттармен жұмыс істеді. Қала тарихы туралы ауқымды материалдар жинақтаған.

Алғашқы мақаласы 1965 жылы 21 февральдағы жергілікті "Иртыш" газетінде "Өлкетану материалдарын жинақтайық" деген атпен жарық көрген. XVIII-XIX ғасырлар аралығын қызыға зерттеген.

1998 жылы И.Г.Андреевтің "Қырғыз -қайсақтардың Орта жүз жазбалары" (Алматы, Ғылым; 1998ж.) атты кітабын құрастыруға қатысқан.

1999 жылы автордың "Семей көшелерінің шежіресі" атты кітабы шықты.

1999 жылы Семей қаласындағы "А.фон Гумбольдтың Ресейдегі жүріп өткен жолдары" атты экспедицияның жол көрсетушісі болды. Осы тақырып бойынша дайындаған мақаласы Қазақстан Республикасы ғылыми жинақтардың бірінде жарық көрді. .

2001 жылы фотосуретші В.Павлунин және дизайнер И.Рябухинмен бірлесе отырып, "Семей" атты мерекелік открыткалар жинағын шығарды, сол жылы "Семейдегі Воскресенск Соборы" атты буклет баспадан шықты.

2002 жылы қала тарихына арналған "Семей. Үш ғасыр тарихы" атты өзінің мақалалар жинағын басып шығарды.

Қазіргі уақытта автордың "Семей храмдары: өткені мен бүгіні" атты 612 беттен тұратын кітабы баспаға дайындалуда.