Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Осипов В.А.

Осипов Василий Алексеевич (1923- 2002) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Василий Осипов 1923 жылы  20 қаңтарда Новосибирь облысы Болотинский ауданының Томилово селосында дүниеге келген. Ертіс өзен пароходствасы «Зайсан» пароходында от жағушы болып істеген. Қызыл Армия катарында 1942 жылдан, әуе  аткыштар мектебін бітірген.

136-шы гвардиялык шабуылдаушы авиацияполкінің (1-ші гвардиялык шабуылдаушы авиациялықдивизия, 1-ші әуе армиясы, 3-ші Белоруссия майданы) атқыш-радист гвардия сержанты Осипов экипажкұрамында 68 жауынгерлік ұшу жасады, алты рет әуеұрысына қатысты.

1944 жылы 16 қазанда Ширвиндт (Калининград облысы) елді мекеніндегі артиллериялык шепті шабуылдағанда жаудың жүк тиеген біреше автомашинасын, екіатыс нүктесін жойды.

1944    жылы 21 қарашада Шталлупенен (қазір Калининград облысыньщ Нестеров қаласы) қаласының аумағына бомба тастағанда колоннаны бастап келе жаткан автомашинаны өртеп, қалгандарын тығырыққа тіреді. Әуе айқасында жаудың жойғыш ұшағын атып түсірді.

.1945   жылы  7 ақпан ІІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Гвардия аға сержанты бұдан кейінгі жауынгерлік 23 ұшу сапарында да ерекше көзге түсті.

1945    жылы  5 ақпанда Кройцбург (Калининград облысы) елді мекені маңында жаудыц жаяу әскері мен техникасын жойды.

1945    жылы 20 ақпанда  Грос-Клингбек елді мекені тұсында жауды көп шығынга ұшыратты.

1945    жылы 2 сәуір ІІ-ші дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

Гвардия старшинасы Осипов тағы да жауынгерлік 26 ұшуға қатысты.

1945 жылы 13-24 сәуір аралығында Меденау (Калининград облысы) және Пиллау (Балтийск)калалары маңында жаудың жүк тиеген бірнеше автомашинасы мен екі танкісінің, бес зенит ошағының  күлін көкке үшырды, үш жойғыш ұшактың шабуылына тойтарыс берді.

1946    жылы  15 мамырда І- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1946 жылы әскер қатарынан босады. Тракторшылар курсын бітірді. Қырымның Новоандреевка селосында тұрды. Жданов атындагы кеңшарда механизатор болып жүмыс істеді.

Ленин және бірінші дәрежелі Отан соғысы, Кызыл Жұлдыз ордендерімен, медальдармен марапатталды. 1990 жылы Мәскеуде өткен Жеңіс Парадына қатысты. 2002 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер:

Андреев Г. И., Вакуров И. Д. Солдатская слава.-  М., 1971.

Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — Алма-Ата, 1974.

Кавалеры ордена Славы трёх степеней : Биографический словарь. - М., 2000.

Кулаков А. Отважный разведчик : [о полном Кавалере ордена Славы из с. Межовка Шемонаихинского района П. Н. Худякове]// Ленинское знамя. - 1979. - 8 мая.

Ростовский В. Незабываемое : [о полном Кавалере ордена Славы из Шемонаихинского района П. Н. Худякове] // Ленинское знамя. - 1983. - 9 мая.

Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015

Интернет-ресурстар:

 Интернет-ресурстар: