Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Сержпинский В.В.

Сержпинский Владимир Валерьянович (1919-1945)  - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Владимир Сержпинский 1919 жылы Дондағы Ростов қаласында  дүниеге келген. Семей облысыньщ Үржар ауданында тұрған.

1941 жылдың казан айында Ү ржар аудандык әскерикомиссариатынан  Қызыл Армия қатарына шақырылған. 1944жылы кезекті жарақатынан жазылып шыққаннан кейін92-ші гвардиялык атқыштар дивизиясының 90-шы дербес барлау ротасына түседі. 1944 жылдың үшінші шілдесіне қараган түнде Полоцк (Витебск облысы, Белоруссия) қаласының түбінде гвардия сержанты Сержпинский өз бөлімшесімен бір топ мотоциклші-автоматшыларды өлтіріп, біреуін тұтқынға алған.

1944 жылы 23  шілдеде  ІІІ-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№102216).

1944 жылдың бесінші тамызында Бикшиан елді мекенінде (Литва) Сержпинский жаудың атыс нүктесіне барлау жасағанда он бес гитлершіні өлтіріп, үшеуін тұтқынға алған.

1944 жылдың 5 тамызында Бикшиан елді мекенінде (Литва, Биржай қаласының батыс жағы, 2,5 км) гвардия сержанты Сержпинский жаудың орналасқан бекіністерін барлап, 3 немісті тұтқынға алып, 15 фашисті жер жастандырды. 

1944    жылы  11 қыркүйек ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№7509).

1944 жылдың 31 тамызында Цбелены (Биржай қаласынан 20 шақырым солт.батысқа, Литва) елді мекенінің маңында гвардия сержанты Сержпинский бір топ барлаушылармен жау тылындағы селоға басып кірді. Топтың жылдамдығы соншалықты немістер ес жиып, оқ атып үлгермеді. Осы ұрыста 30 фашистің көзі жойылып, 3 пулемет ошағының үнін өшірді. Бір унтер-офицер тұтқынға алынды. Топтан шығын шыққан жоқ. Барлаушылар взводын епті басқарып, батылдық көрсеткені үшін ленин орденімен марапаттауға ұсынылды. Бірақ дивизия командирі марапаттың статусын І-дәрежелі Даңқ орденіне ауыстырды. Орден келгенше ұрыс жалғаса берді. Жоғары марапат туралы взвод командирі сержант Сержпинский ештеңе білмеген қалпы 1945 жылдың 18 қаңтары күні ерлікпен қаза тапты. Клайпеда (Литва) қаласындағы әскери зиратқа жерленген.

1945 жылы 24 наурыз күні І-дәрежелі Даңқ орденімен (қаза тапқан соң)  марапатталды.

Әдебиеттер:

  • Андреев Г. И., Вакуров И. Д. Солдатская слава.-  М., 1971.
  • Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — Алма-Ата, 1974.
  • Дубров Б.И. Солдатская слава. - Киев, 1987.-  С. 324.
  • Кавалеры ордена Славы трёх степеней : Биографический словарь. - М., 2000.
  • Они прославили Родину Кн. 3.-  Ростов-на-Дону, 1975.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015

Интернет-ресурстар: