Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Бегалин М. С.

begalinБегалин Мәжіт Сапарғалиұлы (1922 -1978 гг.), өнер қайраткері

Бегалин Мәжіт Сапарғалиұлы – қазақ кинорежиссері, Ұлы Отан соғысына қатысушы, КСРО-ң Еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Мәжіт Бегалин Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы Дегелең ауылында 1922 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.
1948 жылы Жалпыресейлік мемлекеттік кинематография институтының режиссерлік факультетін тәмамдаған. 1950-1978 жж. «Қазақфильм» киностудиясында режиссер болып қызмет атқарған. «Таңсәрідегі оқиға» (1955), «Қайтып оралу» (1959), «Тұлпар ізі» (1964) замандастары жайлы қойылымдардың авторы. Аталған фильмдер ХХ ғасыр соңындағы қазақ еңбекшілері жөнінде. Мәжіт Бегалиннің режиссерлік шеберлігі тарихи-биографиялық жанрдағы: Ш.Уалиханов өмірі туралы «Оның күні келер» (1957); Б.Момышұлы жайлы «Артымызда Мәскеу» (сценарий авторы, 1967) фильмдерінен айқын көрінеді.

Режиссер осы киносымен Орта Азия мен Қазақстан киноөнері сайысынан бас жүлдені жеңіп алған. Ал, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметоваға арналған «Мәншүк туралы баллада» (1969) фильмімен Минскіде өткен Жалпыкеңестік кинофестивальда КСРО Қорғаныс Министрлігінің бас сыйлығын иеленеді. 1974 жылы режиссер Мәжіт Бегалиннің «Жалындағы Орал» фильмі экранға шығады. Мәжіт Сапарғалиұлы Бегалинге шығармашылық қызметі үшін КСРО-ң Еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы беріледі (1966). «Құрмет белгісі» және Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.
Режиссер 1978 жылы 5 мамырда Алматы қаласында жерленген. Оның шығармашылығы жайлы «Мәжіт Бегалин» деректі фильмі түсірілген (1981 ж., кинооператор А.Т.Ашрапов).

Әдебиет:

Мәжит Бегалин [Мәтін] : 1922-1978 : кітап-альбом / құраст. Қ. Бегалин , С. Санбаев. - Алматы : Өнер, 2008. - 159 б.
Кенжетаев К. Кинорежиссер Мәжит Бегалин [Мәтін] : Естелік. / Кенжетаев К. - Алматы : Өнер, 1994. - 112 б.

Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынған (Семей қаласы)