Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Сағымбаева Б.

Сағымбаева Б. Баян Сағымбаева (1950ж.) Әнші

Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Бүкілодақтық жастар сыйлығының лауреаты әнші Баян Сағымбаева 1951 жылы 14 наурызда Семей облысы, Абай ауданында туған. 16 жасында М. Әуезовтың «Қаракөзінде» Қаракөз рөлін ойнап танымал болды. Келесі жылы одақтық байқауға қатысып Б. Майлиннің «Жалбыр» пьесасында Қадишаның ролін сомдады. Осы жолы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты жоғарғы атағын иемденді. Сексенінші жылдар басында Алматыға «Қазақконцертке» алты жыл еңбек етіп, Өзбекстан, Түркмен, Башқұрт, Удмурт, Қарақалпақ елдерінде гастрольдік сапарларда болды.
Қазір Семей қаласындағы М. Төлебаев атындағы саз колледжінде ұстаздық етеді.
Семей облыстық атқару комитетінің, ВЛКСМ Орталық комитетінің , Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамоталарын алған. Есімі Абай ауданының «Құрмет» тақтасында жазылған