Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Досымжанов Б.

DosimzhanovДосымжанов Байғали (1922-1998) – опера әншісі, режиссер, педагог, Қазақ ССР-нің Халық әртісі (1954), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1920 жылы 20 қаңтарда Семейде жұмыскердің отбасында дүниеге келген. 1927 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін, Барнаулдағы балалар үйінің тәрбиесіне алынды. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, әншілік өнерге бет бұрды. Осылайша, 1936 жылы Алматыдағы музыка училищесіне оқуға түсті.

1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясы жанындағы қазақ студиясында оқыған, 1947 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1941 жылы Қазақ опера және балет театрының, 1942 жылы ішкі істер жауынгерлерінің, кейін (1943) шекарашылар ән-би ансамбльдерінің жеке дауыстағы әншісі болды. 1944 жылдан Қазақ опера және балет театрында Төлеген (Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Біржан (М.Төлебаевтың «Біржан - Сарасында», КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1949), Айдар (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында") т.б. партияларды орындап, ұлттық опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ халық әндері мен халық композиторларының әндерін («Жиырма бес», «Бурылтай», «Ақбақай», «Сырымбет», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Ғайни») насихаттады. Оның әншілік өнері жоғары мәдениетімен, жарқын бояуымен, шынайы терең тебіреністі өзіндік өрнегімен ерекшеленді.

1960 жылдан режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлуы» мен «Алпамысын», Брусиловскийдің «Қыз Жібегін» (Қ. Байсейітовпен бірге), З.Г. Исмагиловтың «Құдаша», Д.Вердидің «Балмаскарад», т.б. спектакльдерді сахналады. 1975-1976 жылдары «Біржан-Сара» мен «Абай» (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, 1978) операларын қайта қойды. 1975 жылдан Алматы консерваториясының опералық даярлық кафедрасының меңгерушісі болды.

1960 жылдан режиссерлік қызметпен айналыса бастады. Жұртшылыққа танымал болған "Қаламқас", "Нұргүл" ансамбльдерінің қамқоршысы болды.Үш мәрте Еңбек Қызыл Ту және «Парасат» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.

1998 жылы 9 шілдеде Алматыда 78 жасында өмірден озды.

 

Б. Досымжанов туралы әдебиет

Литература о Б. Досымжанове

 

Майшекин, М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.

Рсалдин, Ж. Әнші бақыты [Мәтін] : деректі повесть / Ж. Рсалдин. - Алматы: Өнер, 1987. - 144 б.


Кенжетаев, К. Асылдар мен ардақтылар [Мәтін] / К. Кенжетаев - Алматы: Өнер, 2002. - 295 б.

Сығай, Ә. Таңғажайып театр [Мәтін] : эсселер / Ә. Сығай. - Алматы: Ана тілі, 2014. - 480 б.

Латиева, С. Хадиша мен Байғали [Мәтін] : эссе, мақала / С. Латиева. - Алматы: Ана тілі, 2019. - 264 б.

*****

Кенжетаев, К. Высокий дар призвания [Текст] / К. Кенжетаев; пер. с каз. Л. Каирбековой. - Алма-Ата : Өнер, 1990. - 136 с.

 

Б. Досымжанов туралы мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалар

Статьи опубликованные на страницах периодической печати о Б. Досымжанове

 

Қами Б. Қазақтың операсын қаз бастырған: [Қазақ өнерiнiң белгiлi қайраткерi, әншi Б.Досымжанов туралы] // Заман-Қазақстан.- 1995.- 2 маусым.- 7 б., 9 маусым.- Б.7.

Бөкеева, Х. Қазақ өнерінің қос жұлдызы 50 жыл бірге [Мәтін] : [Өнер иелерімен... әңгіме /Әңг.Р.Төленқызы] / Х.Бөкеева, Б. Досымжанов// Ана тілі. - 1998. - №5 наурыз.- Б.5

Тiлендиев Н. "Анам оны "Жiбек ұлым" деушi едi": [Қазақстан Респ. халық арт., опера әншiсi Байғали Досымжанов туралы естелiк] // Жас Алаш.- 1998.- 21 шiлде

Байғали Досымжанұлы Досымжанов: [Қазақстан Респ. халық арт., муз. қайраткерi. Қазанама] // Егемен Қазақстан.- 1998.- 11 шiлде

Кенжетайұлы, К. Дос туралы сыр. [Мәтін] : [Атақты әнші, сахна қайраткері Байғали Досымжанов туралы толғаныс.] / К. Кенжетайұлы// Қазақ әдебиеті. - 1998. - 18 қыркүйек.- Б.15-16.

Балта Ә. Байғали атаның бақ жұлдызы: [Қазақстанның халық арт., опера әншiсi Б.Досымжанов туралы] // Ұлан.- 2001.- 9 қаңтар(N 2).- 3 б.

Сығай Ә. Әнші қайда Байғалидай дара туған [Мәтін] /Ә. Сығай // Егемен Қазақстан. - 2001. - 22 қыркүйек.- Б.6.

Миралинова Б.Байғали бояуындағы "Бiржан-Сара"[Мәтін]: Әншi Б.Досымжановты еске түсiру // Алматы ақшамы.- 2002.- 17 қаңтар.- 3 б.

Досымжанов Байғали (1921-1998) // Алматы ақшамы.- 2004.- 25 желтоқсан.- Б.3.

Асабаев З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз немесе Ришат және Байғали [Мәтін] /З. Асабаев. // Жалын . - 2010. - № 4. - Б.54-60.

Сенбаева А.Таңдайынан бал тамған тенор едi... [Мәтін]: // Алаш айнасы.- 2012. - 15 ақпан (№ 26). - 5 б. Опера әншiсi Б.Досымжанов туралы.

Дарқан дауыс, дарабоз әншi [Мәтін]: / [Әншi Байғали Досымжанов туралы Қазақстанның Халық артисi Б.Жылысбаев пен белгiлi өнертанушы Ә.Сығайдың әңгiмесi.] / әңг. Қ.Аманжол // Егемен Қазақстан.- 2012. - 15 наурыз . – Б. 5.

Ханзада Байғали, Ханшайым Хадиша (Ерлi-зайыпты Байғали Досымжанұлы, Хадиша Бөкейқызы) // Ә.Сығай. Таңғажайып театр: эсселер.- Алматы: Ана тiлi, 2014.- Б.274-284.

*****

Досымжанов Байгали Досымжанович: [Выдающ. муз. деятель, лауреат Гос. премий СССР и РК, нар. арт. РК. Некролог] // Казахст. правда.- 1998.- 11 июля

Усманова, А. Великий тенор казахской сцены [Текст] / А.Усманова  // Казахстанская правда. - 2002. - 17 января. - С. 4.

Досымжанов Байгали (1922-1998): Биографические сведения.- гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; гл. ред. Б.О.Жакып; // Искусство Алматы в персоналиях/ гл. ред. Б.О.Жакып.- Алматы: ТОО "Қазақ энц.", 2009.- С.77