Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Горельников Я.В.

Горельников Я. В. Яков Вениаминович Горельников 1947, актер, Ф.М.Достоевский атындағы театрдың директоры

Горельников Яков Вениаминович 1947 жылы 8 қарашада Семей қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы театрмен байланысты. 12 жасынан бастап мектепте көріністерге қатысып, сахнада өлең оқыған. Ол педагог режиссер - Игорь Константинович Вишневскийден тәлім алған. Яков Вениаминович Новосібірдегі театр училищесі мен жергілікті институттың тарихи-педагогикалық факультетін сырттай тәмамдайды.

Ол Ф.М.Достоевский атындағы Семей облыстық орыс драма театрында әртіс болып қызмет атқарады. Алғашқы спектакльден-ақ оның актерлік шеберлігі байқалады. Қырықтан астам рөлде ойнап, театрдың жетекші әртісі бола жүріп, көрермен көңілінен шыққан. Ол Ф.М.Достоевскийдің «Униженные и оскорбленные», В.Шекспирдің «Оттело», О.Бодыковтың «Каракумская трагедия», Э.Володарскийдің «Самая счастливая», С.Кузнецовтың «Московские каникулы», Н.Думбадзенің «Обвинительное заключение» спектакльдерінде ойнаған.

1975 жылдан бастап режиссерлік қызмет атқарады. Оның қатысуымен: Р.Абдуллиннің «Тринадцатый председатель», В.Ткаченконың «Мишкины слезы», Г.Симонованың «Гуси» спектакльдері қойылып, ал П.Шармандидің «Три волшебных конверта» спектакльімен Халықаралық фестиваль Лауреаты атанады. Режиссерлік жұмыс арқылы ұйымдастыру, ойлап табу, қиялдау қасиеттері оянады.
1982 жылы театр ұжымының ұсынуымен Я.В.Горельников театр директоры болып тағайындалады. Жас директордың еңбексүйгіштігі, табандылығы мен білімділігінің нәтижесінде көрермендер залы еш толастаған емес. Ол тек Семей қаласы емес, сонымен бірге Волгоград қаласы, Кишинев, Мәскеу, Новокузнецкі, Алматы, Қарағанды қалалары көрермендерінің де көңілінен шыға білген.

Молдавияға жасаған үздік гастрөлі үшін театр ұжымы Молдавия Үкіметінің Құрметті грамотасымен марапатталады.
Бүгінгі күні театр венгр драматургиясының Халықаралық фестиваль Лауреаты, Жезқазған, Павлодар, Қостанай қалаларында өткен Республикалық фестивальдар Лауреаты.
Мәдениет пен өнер саласына қосқан үлесі үшін облыс пен қала әкімінің, ҚР Мәдениет министрлігінің Грамоталарымен, «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», «ҚР Конституциясына 10 жыл» мерейтой медальдарымен марапатталған.

Рухани-адамгершілікке баулып, Қазақстанның театр өнерінің дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Семей қаласының Абай атындағы қазақ музыка-драмалық театры мен Ф.М.Достоевский атындағы орыс драма театрына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген.

Әдебиет:

Герасименко Я. Родом из Ирландии // Наше дело.- 2009. - 2 июля.- С. 7.
Гуляева Е. Лучшие из лучших // Спектр.- 2011. - 5 января. - С. 3.
Нуруллин Э. Лучшие из лучших // Вести Семей.- 2011. - 5 января.- С.1-2.

Материалды Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ұсынған (Семей қаласы)