Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Имаханов Б.

ИмахановИмаханов Бекен (1936) - актер, Қазақстанның Халық артисі

Бекен Имаханов  1936 жылы 20 қарашада Семей облысы, Абай ауданында туған.

Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) актерлік факультетін бітірген (1959). 1959 жылдан Семей облыстық музыка драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Тұңғыш ойнаған рөлі – Ғ.Мүсіреповтың “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” спектакліндегі Қодар. Имаханов сахнада Ақан, Бекежан (Мүсіреповтың “Ақан сері – Ақтоқтысы” мен “Қыз Жібегінде”), Абай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің осы аттас трагедиясында), Қобыланды, Кебек (Әуезовтің “Қара қыпшақ Қобыландысы” мен “Еңлік – Кебегінде”), Бауыржан Момышұлы (А.А. Бектің “Волоколам тас жолы” повесі бойынша қойылған спектакльде), Дуанбасы (Н.В. Гогольдің “Ревизорында”), Танат (М.Сәрсекеевтің “Жарылысында”), Құрманғазы (М.Ибраевтың “Кісен ашқанында”), Құрбан (Қ.Мұхамеджановтың “Жат еліндесінде”), т.б. басты тұлғаларды өзіндік өрнекпен мүсіндеді. Актер 1971– 72 жылғы театр маусымында Қазақ драма театрына арнайы шақырылып, бірнеше спектакльге (Д.Файзидің “Башмағымында” Тыңшы рөлі, т.б.) қатысып ойнады. Имаханов “Шәкерімнің соңғы күзі” атты толық метражды түрлі-түсті фильмде Шәкерім бейнесін жасады.

Имаханов Бекен туралы:

Исламбаева З. Семей сахнасының саңлағы [Мәтін] : [халық әртісі Б.Имаханов туралы] / З. Исламбаева // Мәдениет. - Алматы, 2009. - N 4.- Б.8-11.

Әлімбек Қ. 50 жыл сахна төрінде [Мәтін] / Қ. Әлімбек // Ертіс өңірі. - 2009. - 16 желтоқсан.- Б.17.

Имаханов, Бекен. Сахнадағы дүниелердің барлығы өмірден алынады [Мәтін] / Б. Имаханов  ; сұхбат. М. Иманғали  // Дидар. - 2010. - 8 ақпан.- Б.5.

Қамбаров Ж. Жаңа ғасыр өнерін жүдетпесе екен. [Мәтін] : [ҚР Халық әртісі Б.Имаханов туралы] / Қамбаров Ж. // Үш анық. - 1999. - №18).- Б.

Тоқпатаев У. Сахнада өткен саналы ғұмыр [Мәтін] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2003. -  11 қараша.- Б.4