Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Дүйсеков Ғ.

Ғали Дүйсеков актер, (1900-1978).

Талантты актер, ақын, әнші, сазгер, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғали Дүйсеков 1900 жылы Семей облысының Жарма ауданында туған. Негізгі ма­ман­дығы – актер. Ол 1934-1938 жылдары Ленин­град­тағы орталық театр училищесін (қазіргі А.Н.Ос­тровский атындағы Санкт-Петербург театр инс­титуты) бітірген. Шымкент облыстық қазақ дра­ма театрының негізін қалаушылардың бірі Ғ.Дүй­секов 30 жыл бойы сахнада актерлік қызмет атқарды.
Әкесі Дүйсек Бейсенов әнші, талай-талай айтыстарға қатысып, өнер сайысына түскен өнерпаз адам болған. Ғалидың музыкалық қабілеті ерте оянып, арабша хат танығаны, 4 жасынан бастап домбыра тартуды әкесінің жолдасы Қонды­байдан үйренгені, алғаш халық ән­дерін, бірте-бірте ұлтымыздың маң­дайына біткен тұ­ғыры биік тума та­лант­тар Бір­жан сал, Ақан сері, Иман­жүсіп, Мәди және басқа да композитор­лардың шы­ғармалары­мен қатар, классикалық дүниелерді де жұртқа жет­кізіп отырғаны, тіпті сырнай, скрипка аспаптарын да жетік меңгерген.
Жыр алыбы Жам­былдан бастап айтулы ақын­дар Ғ.Орманов, С.Жиенбаев, Ш.Смаханұлы, Ә.Ахметов, Д.Қанат­баевтардың өлеңдеріне әуен жазып, сол 31 әннің 10-ын нотаға қазақ музыка өнерінде өзіндік орны бар Б.Ерзакович түсіріпті.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1943). Мұхтар Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған спектакльдерде Кебек пен Абыздың («Еңлік-Кебек»), Есен мен Арыстанның («Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан»), Бежей, Тәкежан, Біржандардың («Абай» бойынша инсценировка) рөлдерін орындау арқылы ол өзінің актерлік шеберлігін танытты. 1967 ж. ұлы Мұхтар Әуезовтің 70 жылдық тойына арнап «Мұхтар ата» (сөзі Ж. Еділбаевтікі) әнін шығарды.