Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Байжанбаев Ә.

Байжанбаев Ә. Байжанбаев Әнуарбек-диктор, Қазақстанның халық әртісі (1923-1989)

Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев (26.3.1923, Семей — 27.10.1989, Алматы) — диктор, Қазақстанның халық әртісі (1973). Ол 1923 жылы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әкесі Нығметжан қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының досы болған.
Әнуарбек Байжанбаев жастайынан қызмет етіп, баспаларда газет таратқан. 1942 жылы Алматыдағы Журналистика институтын тәмамдамастан, майданға аттанады.
1943 жылы соғыста жараланып, Алматыға қайта оралады. Алғаш эфирге шағын хабарландыру оқып шыққаннан (24.6. 1943) бастап өмірінің соңына дейін Қазақ радиосында, теледидарында (1958—1962) диктор, аға диктор болып қызмет атқарған. Радиода қызмет атқарып жүріп, ҚазМУ-дың Журналистика факультетін тәмамдайды.
1-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған (1991).
Қазақ радиосының «Алтын қорында» оның 400-ден астам жазбасы бар. Оның ішінде Жеңісті хабрлау туралы мәлімет – баға жетпес асыл мұра. Әнуарбек Байжанбаевтың әсерлі сөз саптауы бөріктілер дауысының эталонына айналды. Әйгілі Левитанға еліктемесе де, шеберлікке деген құрмет пен сүйіспеншілік оы бәрібір «Қазақтың Левитаны» атандырды.

Байжанбаев Әнуарбек туралы:

Ақтаев, С. Дауылпаз дауыс [Мәтін] : деректі повесть-диалог / С. Ақтаев. - Алматы : Өнер, 1989. - 160 б. - (Өнердегі өнегелі өмірлер). - 0.45 т.
Сағындық Ұ. "... оқыған диктор Әнуарбек Байжанбаев" [Мәтін] / Сағындық Ұ. // Ана тілі. - 2006. - №40.- Б.13.
Пармашқызы Ұ. Қазақ аспанын қайталанбас даусымен тербеткен Байжанбаев еді [Мәтін] / Пармашқызы Ұ. // Қазақ әдебиеті. - 2003. - 28 наурыз.- Б.4
Қалмырза О. "Алматыдан сөйлеп тұрмыз!" [Мәтін] : [Аңызға айналған диктор Әнуарбек Байжанбаев жайында.] / Қалмырза О. // Заман Қазақстан. - 1998. - 13 қараша.- Б.4