Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Бекбердинова Г. М.

Бекбердинова Гүлнар – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.Бекбердинова Гүлнар (1964 ж.) – суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі.

1964 жылы 20 қазанда Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Ивановка селосында (қазір Көкжайық) дүниеге келген. Семей қ. педагогикалық институттың көркем-графика факультетін бітірген. 1987-1994 жж. мектепте бейнелеу өнері мен суреттен сабақ беріп, суретші-көркемдеуші болып жұмыс істеді.  

1995 жылы Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының ғылыми қызметкері болып 17 жыл жұмыс істеді.

Қазіргі күні Шығыс Қазақстан облыстық архитектура-этнография және табиғи-ландшафттық қорық-мұражайының «Жібек жолы» бөлімінің меңгерушісі.

Қазақ тарихы, мәдениеті, заманауи өнер тақырыбы бойынша 60 аса шығарманың авторы. Автор бұл туындыларында туған жер табиғаты мен адамдарына деген махаббатын, өлке тарихын көркем портреттер арқылы суреттеген.  

2015 жылы Шығыс Қазақстан Өнер мұражайында «Туған жер» атты дербес көрме, 2017 жылы Өскемен қаласындағы Орталық қалалық кітапхананың қонақжайында көрме ұйымдастырды.

Облыстық «Менің Қазақстаным» (2012) атты бейнелеу өнері конкурсына қатысқан.

2014 ж. «Абайды танып, біл!» конкурсының қорытындысы бойынша арнайы жүлде иегері.

 

 

 

 

Г. М. Бекбердинованың жарияланымдары

Публикации Бекбердиновой Г. М.

 

Бекбердинова, Г. М. Музейный комплекс «Жібек жолы» [Текст] / Г. М. Бебердинова // Иком Казахстан. Наследие музеев Казахстана. - № 4. – 2016. – С. 58-61. http://www.vkoem.kz/index.php/2010-03-09-08-54-46/85-2010-03-09-10-07-22/2058-bekberdinova-g-m-muzejnyj-kompleks-lzhbek-zholyr

 

 

Г. М. Бекбердинова туралы әдебиеттер

Литература о Бекбердиновой Г. М.

 

Иманғали, М. Туындыларынан туған жердің иісі аңқиды [Мәтін] : [Танымал суретші Гүлнар Бекбердинова туралы] / М. Иманғали // Дидар. - 2015. - 16 қаңтар. - Б. 8.

Тақырыбын тапқан суретші [Мәтін] : [Өскемендегі сәулет-этнографиялық мұражай қорығында суретші Г. Бекбердинованың жеке көрмесі ашылды] // Дидар. - 2015. - 1 сәуір. - Б. 6.

***

Гаврилова, А. Картины родом из детства [Текст] : [о выставке художницы Гульнар Бекбердиновой "Узоры родного края"] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2016. - 26 марта. - С. 4.

Гаврилова, А. Нежные краски родной стороны [Текст] : [о персональной выставке члена Союза художников Казахстана Г. Бекбердиновой] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2015. - 14 марта. - С. 10.

Гаврилова, А. Солнечный свет и аромат [Текст] : [о выставке "Дарите женщинам цветы" в ВК АЛПЛ музей-заповедник] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2016. - 5 марта. - С. 5.

Любящим взглядом. Аул - золотая колыбель народа [Текст] : [о персональной выставке члена Союза художников Казахстана Г. Бекбердиновой ; имеются биограф. данные] // Усть-Каменогорск. - 2015. - 5 марта. - С. 4.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

550-летию становления казахской государственности посвящается... Выставка «С любовью к Родине» [Электронный ресурс] : [о живописце Бекбердиновой Г.] // Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа : http://etnografiavko.kz/etno9_files/page4.html (06.02.2018)