Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Жұбанышев Т. Р.

Жұбанышев Тілеуғазы Рахымұлы – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі.Жұбанышев Тілеуғазы Рахымұлы (1959 г.) – суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі.

1959 жылы 12 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазір М. Әуезов атындағы Педагогикалық колледж) көркем-графика факультетін бітірді.

1993 жылдан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында ИЗО (бейнелеу өнері) кафедрасында аға оқытушы. 2005 жылдан – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі.

«Утешать» (2007), «Пейзаж. Ак Бауыр» (2011), «Портрет. Акын Кокбай» (2012), «Черное, белое, красное» (2006), «Вдохновение» (2012) жұмыстарының авторы.

Көптеген көрмелерге қатысқан, соның ішінде: Семей мемлекеттік педагогикалық институтының көркем графикасының 30-жылдығына арналған мерекелік көрме, «Осенний салон» (Семей қ. Невзоровтар отбасы атындағы музей).

2006 жылы Семей қаласы суретшілерінің Қазақстан Республикасының 15-жылдығына арналған   конкурсында «Живопись» номинациясы бойынша 2-орынды жеңіп алды.

2007 жылы Астанада өткен «АРТ Форум Наурыз-07» республикалық көрмесі, 2009 жылы – Қазақстан Суретшілер Одағы мүшелерінің Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік музейде өткен республикалық көрмесі және тағы басқа көрмелерге қатысты.

2013 жылы Өскеменде, Катонқарағайда Оралхан Бөкеевтің 70-жылдығына арналған облыстық «АРТ пленэрге» қатысты

Суретшінің еңбектері Семейдегі Невзоровтар отбасы атындағы музей, Ф. М. Достоевский атындағы музей және жеке коллекцияларда сақталған.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Жұбанышев Тлеуғазы Рахымұлы [Электрондық ресурс] // Қазақстан Республикасы суретшілер одағы : сайты. – Пайдалану орны : http://artist-union.kz/katalog-xudozhnikov/zhuvanyshev-tleugazy/ (13.02.2018)

Жуванышев Тлеугазы Рахимович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=173 (13.02.2018)