Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Жанболатов М.

Жанболатов Муратбек – скульптор, член Союза художников Казахстана, заслуженный работник культуры.

Жанболатов Мұратбек (1948-2006) – мүсінші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

1948 жылы 20 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Абай орта мектебін бітіргеннен кейін Н. В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет-бейнелеу училищесіне оқуға түседі(қазіргі Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі). Диплом алғаннан кейін Мұратбек Жанболатов Семей қаласындағыАбай атындағы Қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа қабылданады.

Кәсіби мүсінші болу үшін ол В. Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік академиялық өнер институтына оқуға түседі.

Ол институтта көрнекті орыс суретшілерінің дәрістерін тыңдап, ХVI - ХІХ ғасырлардағы шеберлердің шынайы туындыларын қамтитын Батыс Еуропа өнерінің коллекцияларымен танысады. Онда төрт ірі мектеп енген: итальян, голланд, фламанд және француз.

Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Н. Морозовтың шақыруымен Мұратбек Жанболатов Семей қаласына шақырылады. Осылайша, Мұратбек Жанболатов Отанына оралған соң, шығармашылық қызметін жалғастырады.

Мүсіншінің алғашқы жұмысы – Қарауыл ауылындағы «Үндестік» деген атпен қоладан құйылған Гете, Лермонтов, Абай барельефтері бар монументалды тақта.

Семей облысының мәдениет мекемелеріндегі, оқу орындарындағы ондаған сурет, портреттер мен мүсіндердің авторы.

Жанболатов Мұратбек Лермонтовтың, Абайдың мүсіндік ескерткіштерін, Бөрілідегі М. Әуезовтің әдеби композицияларын, белгілі қаржыгер Рымбек Байсейітовтің ескерткішін, Шәкәрім атындағы университеттің бас ғимаратының алдындағы Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішін, Семей қаласындағы ауған жауынгерлеріне ескерткіш, Баженово ауылындағы Кеңес Одағының Батыры Айткеш Ибраевтың мүсінін жасаған.

Абай Құнанбайұлының, Мұхтар Әуезовтің мерейтойлық іс-шараларын ресімдеуге белсене қатысты.

Мұратбек Жанболатовтың соңғы жұмысы – қара жылтыраған граниттен (габбро) жасалған Қ.  Рысқұлбековтің «Халық қаһарманы» мүсіні.

Суретшілер одағының басқарма мүшесі Мұрабек Жанболатовтың жұмыстары тек республикалық көрмелерде ғана емес, сонымен қатар Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының қорында да сақтаулы.

«Қолданбалы өнер» номинациясы бойынша мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімі сыйлығының лауреаты, арнайы дипломмен марапатталған (2003).

Қазақстан Суретшілер Одағының Семей бөлімшесінің төрағасы болған.

2006 жылы 16 қарашада Семей қаласында қайтыс болған.

«Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының Семей қалалық ұйымы» қоғамдық бірлестігінде Мұратбек Жанболатовты еске алуға арналған мемориалдық тақта орнатылған.

  

М. Жанболатов туралы әдебиет

Литература о Жанболатове М.

 

Бәшей, К. Тобықты — Шыңғыстау шежіресі [Мәтін] / К. Башей // Ертіс өңірі. — 2005. — 27 қаңтар. — Б. 16.

Қамбаров, Ж. Қара тастан үндестік іздеген [Мәтін] / Ж. Қамбаров // Семей таңы. — 2003. — 14 ақпан. — Б. 13.

Мұратбек Жанболатұлы [Мәтін] // Семей таңы. — 2006. — 23 қараша. — Б. 9.

Назирова, Е. Увековеченный в камне [Текст] : в г. Семей установлена мемориальная доска в память о местном скульпторе М. Жанболатове / Е. Назирова // Наше дело. — 2010. — 25 нояб. — С. 7.

Нұғманбекова, Р. Мүсіншінің сырлы әлемі  [Мәтін] / Р. Нұғманбекова // Дидар. — 2003. — 1 мамыр. — Б. 4.

Нұрбаев, С. Мүсінші Мұратбек мұрасы біздерге мирас болмақ [Мәтін] / С. Нұрбаев // Семей таңы . — 2010. — 17 қараша. – Б. 9.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. — Астана : Фолиант, 2011. — Б. 220.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Жанболатов Мұратбек: б. 342.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Жанболатов Муратбек [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10805&lang=ru (13.02.2018)