Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Сәкиева К.С.

Сәкиева Күләш Сырымбетқызы (1920-2019) –әнші, актриса,  Қазақстанның Халық әртісі.

Күләш Сырымбетқызы Сәкиева 1920 жылы 15 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында дүниеге келген. Зайсанда бастауыш мектепті бітіргеннен кейін білімді, оқыған ағасы Сапарғалидың ықпалымен Алматы қаласына келіп, рабфакта оқиды. Сол жерде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, ән айтып жүрген ол 1937 жылы Алматы Мемлекеттік театр училищесінің кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың класына оқуға түседі.

1941 жылы осы оқу орнын үздік бітіргеннен кейін Абай атындағы Жамбыл облыстық музыкалық драма театрына орналасқан жас актриса Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» пьесасындағы Луизадан (училище бітірген кездегі дипломдық жұмысы) бастап М.Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясында Еңлік, Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері  Ақтоқты», «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш Баян сүлу» трагедияла рында Ақтоқты, Жібек, Баян, т.б. көптеген кейіпкерлерді сахнаға шығарады.

 Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек етіп жүрген ер азаматтарды  рухани жігерлендіру мақсатында концерттер қойып, спектакльдер көрсетуде театр ұжымымен бірге аянбай еңбек етті. Жамбыл театрында он жылдай өнер көрсеткен актрисаның еңбегі бағаланып, «Қазақстанға еңбегі сіңірген әртіс»( 1947) атағы беріліп,  «Құрмет белгісі» (1945) орденімен марапатталды.
Сахналық тәжірибе жинаған Күләш Сәкиева 1952 жылы 19 қазанда Абай атындағы Семей облыстық қазақ драма театрына ауысады. Ол 1958 жылы Ә.Тәжібаевтың «Майра» драмасында (режиссері Б.Омаров) қазақ халқының жезтаңдай әншісі, композитор Майра әндерін, әсіресе осы Баян және У.Гаджибековтың «Аршын   малалан» музыкалық комедиясындағы Гүлшаһраның бейнелерін нанымды сомдаған.

Ол 1941 жылы М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына арнайы шақырылып, 1949 жылға дейінгі уақыт аралығында Ақтоқты (Г.Мүсірепов «Ақан сері   Ақтоқты»), Қарлыға (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды»), Мария Антоновна (Гоголь «Ревизор»), Мирандалина (К.Гольдони «Қонақ үйдің қожасы»), Настя (М.Горький «Шыңырау түбі»), т.б. кейіпкерлердің көркем бейнесін сахналауда асқан шеберлігін көрсете білді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-сайланымдағы депутаты(1955 – 1959), Қазақстан Компартиясының ХІІІ съезіне делегат (1971) болып қатысқан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен 3 мәрте марапатталған (1944, 1955, 1980 жылдар);"Қазақ КСР халық артисі" құрметті атағымен қосыла екінші мәрте "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды(1958). КСРОның "Еңбек ардагері" (1982), "Лениннің туғанына 100 жыл" (1970), "ҰОС сығысына 30,50,60,65 жыл", "КСРОның Тың жерлері игергені үшін", "ҰОС ерлегі үшін" және т.б көптеген медалдармен марапатталған.Семей қаласының , Зайсан ауданының Құрметті азаматы 2005 жылы Елбасының жарлығымен қазақ театр өнеріне сіңірген еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты - «Парасат» орденімен марапатталды.

Қазақстанның Халық әртіс Асқар Тоқпановтан сахна шеберлігін үйреніп, өнер жолына түскен, дала сахнасынан сыр ұққан, кәсіби сахнада  шынығып,  өнер тарланына айналған  Күләш Сәкиева тоқсан жасқа дейін сахнадан түскен жоқ.       Отбасында ана бақытын көріп, өнер шыңынан көтерілген ел еркесі Қазақстанның Халық әртісі, үш орденді Күләш Сырымбетқызы 2019 жылы 4 ақпан күні дүниеден өтті.

Сәкиева К. туралы әдебиеттер

Жеңсеханов , М. Шежірелі Зайсан [Электрондық ресурс] : [Зайсан өңірінен шыққан батырлар мен балуандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, өнер иелері мен ақын -жазушылар туралы сөз қозғалады. ] / М. Жеңсеханов . - Семей : Азербаева К., 2004. - 158 б.

Майшекин, М. Көркемөнер шеберлері [Мәтін] / М. Майшекин - Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1959. - 138 б.

***

Мұхамедова , Р. Жүздеген тағдыр бейнесі [Мәтін] : [актриса К. Сәкиева туралы] / Р. Мұхамедова // Ертіс өңірі. - 2010. - 3 наурыз. – Б. 12.

Мақанқызы , К. Сан қырлы саңлақ [Мәтін] / К. Мақанқызы // Ертіс өңірі. - 2010. - 29 қыркүйек. - Б. 1, 10.

Райыс, К. Өмірін театрға арнаған жан [Мәтін] : [Халық әртісі Күләш Сәкиева туралы.] / К. Райыс // Ертіс өңірі . - 2015. - 4 наурыз. - Б. 8.

Сағимұрат, Е. Мұхтар Әуезов бағалаған актриса [Мәтін] / Е. Сағимұрат // Семей таңы. - 2010. - 30 қыркүйек. - Б. 2.

Сейсембаева, Ш. Күләш Сәкиева жеке заттарын мұражайға тапсырды [Мәтін] / Ш. Сейсембаева // Дидар. - 2013. - 13 наурыз. - б. 6.

Сейсенұлы, Д. Актриса [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 2 наурыз. - Б. 3.

Сыдықов, Е. Өнердің хас шебері [Мәтін] / Е. Б. Сыдықов // Семей таңы. - 2010. - 23 қыркүйек. - Б. 2.

Часных , Л. Тоқсанды толтырған Күләш апа күнде шығады сахнаға [Мәтін] / Л. Часных // Дидар. - 25 қыркүйек. - Б. 1-2.