Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Байырманов Х.

Байырманов Хасен, актер (1905-1986)

Актер, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1905 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында туған. Ауыл мектебінде сауатын ашып, Мәскеудегі Орталық өнер техникумын бітірген.
1930 жылы Қазақ драма театрына қабылданып, М.Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Жапалдың, Ж.Шаниннің «Шахтасы» мен «Торсықбайындағы» жалшының рөлдерін ойнап, актерлік өнерге бейімділік танытады.
1934 жылы ашылған Семей театрында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Мұнда М. Әуезовтің пьесалары бойынша қойылған қойылымдардың бәріне қатысып, Жантық, Қараменде би, Төлеген, Қоңқай, Қарабай және тағы басқа рөлдерде ойнаған.
Халық әндерін орындауда өз ерекшелігімен танылды. Иса Байзақовтың «Желдірмесін» өзгеше айтатын әншілердің бірі болған.
1986 жылы Семей қаласында қайтыс болды.

Байырманов Х. туралы әдебиет

Литература о Байырманове Х.

 

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. II том;