Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Медведев Л. Г.

Медведев Леонид Григорьевич – кескіндемеші, Ресей Суретшілер Одағының мүшесі, Ресей білім академиясының толық мүшесі, доцент, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РФ өнеріне еңбек сіңірген қайраткер.Медведев Леонид Григорьевич (1948 ж.) – кескіндемеші, Ресей Суретшілер Одағының мүшесі, Ресей білім академиясының толық мүшесі, доцент, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, РФ өнеріне еңбек сіңірген қайраткер.

1948 жылы 21 маусымда Талдықорған облысы Аман-Бухтер ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітіреді. Кейін Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтына (қазір Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық университеті) жұмысқа жіберіледі. Қазақстанның жас суретшілерінің көрмесіне қатысқан (1970).

Республикалық және өңірлік көркемсурет көрмелеріне қатысқан (1977).

1987 жылы КСРО Суретшілер Одағы мүшелігіне қабылданады.   Жоғары білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін «За отличные успехи в работе» төсбелгісімен марапатталды.

1993 жылдан бері РФ Омск қаласында жұмыс істейді.

1977-1993 жж. — Өнер институтының директоры және Омск мемлекеттік педагогикалық университеті кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі күні өнер факультетінің деканы болып жұмыс істейді.

1994 жылы Омск МПУ жанынан «13.00.02 - теория и методика обучения и воспитания изобразительному искусству» мамандығы бойынша аспирантура ашты.

1998 жылы кандидаттық диссертация қорғау жөніндегі арнайы Кеңестің төрағасы болып тағайындалды (мамандық «13.00.02 - теория и методика обучения и воспитания (изобразительное искусство)»).

Оның жетекшілігімен 25 кандидаттық диссертация қорғалды, 1 ғылым докторы әзірленді. 50 аса шәкірті мен аспиранты РФ Суретшілер және дизайнерлер Одағының мүшесі, 30 аса шәкірті – Бүкілресейлік және өңірлік конкурстардың лауреаты, түрлі дипломдар иегері болды.

Медведевтің басшылығымен төрт жаңа мамандыққа лицензия алу үшін бағдарламалық құжаттар әзірленді (Дизайн, Интерьер өнері, Сәндік-қолданбалы өнер, Монументалды-декоративтік өнер (бейнелеу өнері).

2005 жылдан бері көркемсурет мектебі, колледж оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінен үздіксіз көркемсурет және эстетикалық тәрбие берудің эксперимент алаңына жетекшілік жасайды.

Мәскеу педагогикалық университеті жанындағы бейнелеу өнері бойынша УМО мүшесі.

РФ ВАК «Вестник Чувашского государственного педагогического университета им. И. Я. Яковлева. Серия: гуманитарные и педагогические науки» ғылыми журналының редколлегия мүшесі.

1995 жылдан Омск мемлекеттік педагогикалық университеттің жоғары оқу орындарының бейнелеу өнері бойынша ғылыми-методикалық жинағының жауапты редакторы.

Л.Г.Медведевтің бастамасымен Омскіде көркемсурет-кәсіптік колледжі ашылды.

Ғылыми зерттеулер бағыты: Сібір аймағында көркемсурет педагогикасы бойынша ғылыми-әдістемелік мектеп қалыптастыру; көркемсурет мектебі, колледж оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттерінен үздіксіз көркемсурет және эстетикалық тәрбие берудің эксперименттік алаңын құру;  

Көркемсурет факультеттерінде оқитын студенттерге арналған оқу құралдары «Живопись. Гармония чувства, мысли, цвета», монография (СПб, 2009 г.), «Академический рисунок в процессе художественного образования», монография (Омск, 2008 г.), «Формирование графического художественного образа на занятиях по рисунку» (Москва, 1986 г.), «Графический художественный образ и его выражение в академическом рисунке» (Москва, 1986 г.), «Критерии оценки художественного образа как фактор развития творческих способностей студентов» (Алма-Ата, 1990 г.) кітаптарының авторы.

Білім беру, ғылыми және әкімшілік жұмыстарды шығармашылық қызметпен үйлестіре жүргізеді.

Әртүрлі жанрда жұмыс істейді: пейзаж, портрет, тақырыптық картина.

Көптеген халықаралық, республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық беделді көркемсурет көрмелерінің лауреаты, дипломанты болды.

Омск облыстық Врубель атындағы бейнелеу өнері музейінде, Курган, Новосибирск, Магнитогорск, Нижневартовск, Семей, Алматы т.б. қалаларында жеке көрмелерін ұйымдастырды.

Оның бейнелеу өнері шығармалары Ресей, Қазақстан, соның ішінде, Омск бейнелеу өнері музейлерінде сақтаулы.

2007 жылы «РФ өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» құрметті атағы берілді.

 

 

 

 

Л. Г. Медведевтің еңбектері

Труды Медведева Л. Г.

 

 

Медведев, Л. Г. Графический художественный образ и его выражение в академическом рисунке» [Текст] : (учебное пособие для студентов) / Л. Г. Медведев. - М. : МГПИ им. В.И. Ленина, 1986.

Медведев, Л. Г. Формирование графического художественного образа на занятиях по рисунку [Текст] / Л. Г. Медведев. - М. : Просвещение, 1986. - 159 с.

Медведев, Л. Г. Критерии оценки художественного образа как фактор развития творческих способностей студентов[Текст] / Л. Г. Медведев. - Алма-Ата, 1990.

Медведев, Л. Г. Академический рисунок в процессе художественного образования[Текст] : (монография) / Л. Г. Медведев.– Омск : Наука, 2008.

Медведев, Л. Г. Живопись. Гармония чувства, мысли, цвета[Текст] : (монография) / Л. Г. Медведев. -Санкт-Петербург : Мультипринт Северо-Запад, 2009.

Медведев, Л. Г. Дидактика детского художественного творчества[Текст] / Л. Г. Медведев. Омск :Наука, 2010.

Медведев, Л. Г. Эстетическое воспитание в процессе художественного образовании [Текст] / Л. Г. Медведев. - Омск :Наука, 2015.

 

 

 

Л. Г. Медведев туралы әдебиеттер

Литература о Медведеве Л. Г.

 

 

Восточно-Казахстанский областной музей изобразительных искусств имени семьи Невзоровых в городе Семипалатинске [Текст] : путеводитель.– Семипалатинск: Изд-во Тенгри, 2003. - 203 с.

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

 

Медведев Леонид Григорьевич [Электронный ресурс]: биография // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа :http://semeylib.kz/?page_id=10823&lang=ru (25.04.2018)

Медведев Леонид Григорьевич [Электронный ресурс]: биография // Международная ассоциация деятелей художественного образования : сайт. – Режим доступа : http://madho.ru/10-personalii/136-medvedev-leonid-georgievich (25.04.2018)

Медведев Леонид Григорьевич [Электронный ресурс]: биография // Централизованная библиотечная система города Семей : сайт. – Режим доступа : http://www.cbssemey.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=1312&Itemid=1&lang=ru (25.04.2018)