Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Тұрғанбаев Е. С.

Тұрғанбаев Ержан Сабырбекович – кескіндемеші, график, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.

Тұрғанбаев Ержан Сабырбекұлы (1971 ж.) – кескіндемеші, график жасаушы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі. 

1971 жылы 4-сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы (қазір Күршім ауданы), Боран ауылында дүниеге келген. 1978-1988 жж. Боран ауылдық Ленин атындағы орта мектепті тәмамдайды. 1989-1994 жж. Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының (қазір Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университеті) көркемсурет-графика факультетінде оқиды. Оқуды бітірген соң Қ. Нұрғалиев атындағы Боран орта мектебінде сурет пәнінен сабақ береді. 

2000-2001 жж. Шығыс Гуманитарлық институтында оқу мастері және сурет пәнінен оқытушы болып жұмыс істеді. 2006-2008 жж. - «Спец.рисунок и художественная графика» пәні бойынша «УК колледж профессиональной подготовки и сервиса» мекемесінде оқытушы болды. 2017-2020 жж. Облыстық драма театрында суретші-безендіруші болып еңбек еткен.

Сүйікті жанрлары – пейзаж, портрет.

Көптеген аудандық, облыстық, республикалық конкурстар мен халықаралық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. 2006 жылы Өскемен қаласында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада жеке көрмесінұйымдастырды. 2007 жылы –  Өскемен қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің көрме залында «Земли родной просторы» атты жеке көрмесі өтті. 2016 жылы Шығыс Қазақстан өнер музейінде «Параллели» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Облыстық «Менің Қазақстаным» (2012) бейнелеу өнері көрме-конкурсының Гран-при жүлдегері. Шығыс Қазақстан өнер музейі ұйымдастырған көрмелер мен пленэрлерге тұрақты қатысады.

Қазір Өскемен қаласында тұрады.

Е. С. Тұрғанбаев туралы әдебиет

Литература о Е. С. Турганбаеве

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – Тұрғанбаев Ержан Сабырбекұлы: б. 757.

Құрмантайұлы, М. Үміт артар жастың бірі [Мәтін] : [Новосібір мемлекттік университетінің түлегі,жерлесіміз,жас ғалым Е. Тұрғанбаев жайлы] / М. Құрмантайұлы // Дидар. - 1994. - 22 қараша.

Қайнарұлы, М. Бесінші сыныптан бері қылқаламды серік етіп келеді [Мәтін] : [суретші Е. Тұрғанбаев туралы] / М. Қайнарұлы // Дидар. - 2015. - 15 мамыр. - Б. 12.

Қасымов, А. Тұрғанбаевтың "Параллельдерін" тамашалаңыз [Мәтін] : [өнер мұражайында суретші Е. Тұрғанбаевтың жеке көрмесі өтуде] / А. Қасымов // Дидар. - 2016. - 6 қыркүйек. - Б. 6.

***

Жиенбекова, Ж. М. "Атамекен - кең далам - Земли родной просторы" [Текст] / Ж. М. Жиенбекова // Вестник культуры. - 2007. - № 12. - С. 25.

Сушко, П. Стойкое ощущение Родины [Текст] : [о художнике, портретисте, мастере натюрморта Е. С. Турганбаеве] / П. Сушко // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - 2010. - № 1. - С. 39-40.

Шматова, Я. Л. Художник-гуманист [Текст] : [о художнике Е. Турганбаеве из с. Буран Маркакольского района] / Я. Л. Шматова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - 2010. - № 9. - С. 31.

Гаврилова, А. Зрелая кисть мастера [Текст] : в ВК музее искусств прошла церемония торжественного подведения итогов областной выставки-конкурса изобразительного искусства "Менің Қазақстаным". Обладателем Гран-при стал член Союза художников РК Е. Турганбаев / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2013. - 16 февраля. - С. 8.

Мартынова, Л. "Параллели" художника [Текст] / Л. Мартынова // 7 дней. - 2016. - 1 сентября. - С. 7.

Мартынова, Л. А параллельный мир струится рядом... [Текст] / Л. Мартынова // 7 дней. - 2016. - 24 ноября. - С. 7.