Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Годовский Е. Н.

Годовский Ефим Наумович - суретші, педагог.Годовский Ефим Наумович (1907-1975) - суретші, педагог, Ұлы Отан соғысының қатысушы.

Годовский Ефим Наумович Житомир қаласында (Украина) дүниеге келген. 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1922 жылдан Киев қаласындағы Жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп, осы жерде бейнелеу студиясынан білім алады. 1925 жылы Мәскеу қаласынан Жоғары көркем-техникалық шеберлікті тәмамдап, суретші мамандығын алып шығады. «Бүкілодақтық суретшілер» ұйымында қызмет атқарып, шарт бойынша жұмыс істей жүріп қалаларға көп барған. 1940-1941 жж. Ржевскі драмалық театрында бас суретші болып еңбек етті. 1941 ж. Пенза қаласына қоныс аударып, әскери-техникалық училищені тәмамдайды. 1942 ж. қалалық әскери бөлімшеге шақырылып, майданға аттанады. 238-атқыштар дивизиясының құрамында болады. 1944 жылы қаңтарда қатты жараланып, нәтижесінде екі аяғынан да айырылады. 1945 ж. еңбекке жарамсыз деп танылады. 1947 ж. Өскемен қаласына келіп, Жамбыл атындағы ШҚ облыстық драма театрында бас суретші болып қызмет істейді. Бас суретші ретінде оның қатысуымен «Старые друзья», «За тех, кто в море», «Русский вопрос» спектакльдары қойылды.

20 жылдан астам уақыт (50-70 жж.) қалалық Пионерлер үйі жанындағы сурет өнері үйірмесіне жетекшілік етеді. Дарынды педагог Е.Н.Годовский бірнеше суретшілерге тәлімгерлік еткен: Қазақстан мен КСРО СО мүшесі - А.Щур, Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – С.Шупляк, Л.Зайцев, В. Дранишников, Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – А.Климов, Т.Орлова, Ғ.Құмарғазы, Риддер қаласында – Т.Леонова, Мәскеу қаласында – О.Кузнецова мен РФ халық суретшісі, сурет өнерінің академигі – В.Псарев. Қарағанды қаласында Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – М.Жүнісов, Өскемен қаласында Қазақстан мен КСРО СО мүшесі – Г.Мерқасымов.

Е.Годовский жай сурет салып қана қоймай, адам болмысын тамаша көрсете білген. Оның ерен еңбегінің нәтижесінде бүгінгі күні Шығыс Қазақстанда оны зор ілтипатпен еске алатын дарынды да кәсіпқой-суретшілер жетерлік.

 

 

 

Е. Н. Годовский туралы әдебиет

Литература о Е. Н. Годовском

 

Кумаргазы, Г. Одухотворяющий родник культуры [Текст] / Г. Кумаргазы // Рудный Алтай. - 2008. - 3 июня. - С. 6.

Шварева, Е.  Учитель и ученики [Текст] / Е. Шварева // Мир искусства. - 2007. - 27 марта. - С. 4.

Школа жизни Ефима Годовского [Текст] : [альбом] . - Усть-Каменогорск : Шығыс полиграф, Б. г. - 42 с.

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Три легендарных страницы [Электронный ресурс] // Культура Восточного Казахстана : сайт. - Режим доступа : http://kulturavko.kz/page2.files/page14.html (Дата обращения: 06.02.2018)