Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Малютин Н. В.

Малютин Николай Васильевич – суретші, кескіндемеші.Малютин Николай Васильевич (1952 ж.) – суретші, кескіндемеші.

1952 ж. 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Қаншыбұлақ ауылында дүниеге келген.

Совет Армиясы қатарында қызмет еткеннен кейін Өскемен қ. өндіріс орындарында суретші болып қызмет етіп, тәжірибелі шебер-кескіндемешілерден дәріс алады.

Ол 1974 ж. Қазақстан және СССР Суретшілер Одағының мүшесі Леонид Агейкинмен танысады. Кейін Агейкиннің кеңесімен Өскемен жол-құрылысы институтына (қазір Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ) сәулет факультетіне оқуға түсіп, сәтті аяқтайды.

Николай Малютин Шығыс Қазақстан Шығармашылық Үйі, облыстық «Самородок» әуесқой суретшілер клубы басқармасы құрамында болды. Шығыс Қазақстан облысы православие шіркеулерін безендірумен айналысып, түрлі көрмелерге қатысқан. Мысалы, оның «Менің Қазақстаным» атты көрмеге ұсынған жұмысы ерекше бағаланды: онда суретші Қазақ елін барлық ұлыстар, діни сенімдер мен мәдениеттерді біріктірген – Шамбала елі – сияқты көрсеткен. Кенеп матаға түрлі діни сенімдердің храмдарын орнатып, ортасына Адамды қойған. Николай Малютинге махаббат тақырыбы ерекше жақын, оның «Любовь к жизни» атты жұмысы «Любовь, согласие и мир» атты көрмеде үздік деп танылды.

Суретшінің сүйікті жанрының бірі – портрет. Николай Васильевич өз таңдауымен, жанына жақын адамдары – туыстары мен таныстарының портретін салды. Малютин салған портреттерінде адамның сыртқы бейнесімен қатар, ішкі жан-дүниесін ашуға ұмтылған. Оның портреттері ерекше мазмұн мен түрге бай мини спектакль іспетті көрініс береді.

Н. В. Малютин жұмыстары жеке және шетелдік коллекцияларда жинақталған: Ресейде, Германияда. Суретшінің шығармашылық жан дүниесі жаңа ізденістер мен жаңа тың тақырыптарға бай.

 

 

 

 

Деректер

Источники

 

Пен, И. Малютин Николай // Қазақстан кескіндемесі [Мәтін]. Т. 2 = Живопись Казахстана = Painting of Kazakhstan : фотоальбом. - Алматы : Тау Кайнар, 2016. - Б. 12-15.

***

Гаврилова, А. Душа художника - в картинах [Текст] : [о персональной выставке художника Н. Малютина в этнографическом музее-заповеднике] / А. Гаврилова // Рудный Алтай. - 2013. - 12 февр. - С. 6.

Карабекова, А. Шестьдесят пятое лето художника Малютина [Электронный ресурс] / А. Карабекова. – Управление культуры, архивов и документации ВКО : сайт. – Режим доступа: http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/news.htm?id=001748 (дата обращения: 2.06.2017)

 

Щеглов, В. Меридианы творчества [Электронный ресурс] / В. Щеглов. - Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник : сайт. – Режим доступа: http://www.etnografiavko.kz/etno8_files/vustavki21.html (дата обращения: 2.06.2017)