Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Долбилкин Н. П.

Долбилкин Николай Павлович – суретші, график, КСРО суретшілер одағының мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.Долбилкин Николай Павлович (1923-2010) – суретші, график, КСРО суретшілер одағының мүшесі, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1923 жылы Шығыс Қазақстан облысы Риддер поселкесінде (қазір қала) дүниеге келген. Бейнелеу өнері бойынша алғашқы дәрісті изостудияда алды. 1941 жылы наурызда жас суретшінің алғашқы жеке көрмесі ұйымдастырылды. Орта мектептен кейін кеніште жұмыс істеді.

Ұлы Отан соғысы жылдары ерікті түрде майданға аттанды. Украина, Бессарабия, Румыния, Болгария, Венгрия, Чехословакия жерін жаудан азат ету шайқастарына қатысты. Соғысты Прага қаласында аяқтады. 6-шы танк армиясы құрамында Қытайда жапон-квантун тобын жоюға қатысты.

Жауынгерлік ерлігі үшін 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, «Ерлігі үшін» , «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Будапешті алғаны үшін», «Праганы азат еткені үшін» т.б. медальдармен марапатталды.

1949-1952 жж. Мәскеу қолданбалы және декоративті өнер институтында монументалды-декоративті бейнелеу өнері факультетінде оқып, оқуын 1955 жылы В.И.Мухин атындағы Ленинград Жоғары көркемөнер-өнеркәсіп училищеде оқып білім алды.

1961 жылы КСРО Суретшілер Одағына қабылданды.

Комсомольск-на-Амуре және Хабаровскіде тұрып, жұмыс істеді.

Суретші туған жерінде көлемі 240 м2 құрайтын ірі «Ландшафты Алтая» мозаикасын жасады, ол Риддер қаласының тау-кен комбинаты профилакториясына ерекше рең беріп тұр.

1955 жылдан бүкілодақтық, республикалық, аймақтық, өлкелік көрмелерге қатысты. Дербес көрмелері Комсомольск-на-Амуре (1959, 1970), Новосибирск (1975), Лениногорск (1980, қазір Риддер), Өскемен (1986, 2003), Хабаровск (1967, 1969, 1973, 1975, 2005) қалаларында ұйымдастырылды.

Жұмыстары Қиыршығыс көркемөнер музейі (Хабаровск), Н. И. Гродеков атындағы Хабаровск өлкетану музейі, Бейнелеу өнері музейі (Комсомольск-на-Амуре), А.М.Федотов атындағы картина галереясы (хабаровск), Хабаровск қалалық музейі қорында сақтаулы.

Суретшінің есімі) әлемдік бейнелеу өнері энциклопедиялық сөздігі «Аllgemaines Kunsler Lexikon» (Мюнхен, 2000 , сондай-ақ, «Лучшие люди России» (2004) энциклопедиясына енген.

2010 жылы қайтыс болды.

 

 

 

Деректер

Источники

 

 

Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] // Восточно-Казахстанский музей искусств : сайт. – Режим доступа : http://www.vkmi.kz/index.php/ru/?option=com_tz_portfolio&view=article&layout=edit&id=325 (13.02.2018)

Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] // Центральная городская библиотека имени Н. Островского г. Комсомольска-на-Амуре : сайт. – Режим доступа : http://www.kmslib.ru/dolbilkin-nikolay-pavlovich-zasluzhennyy-hudozhnik-rossii (13.02.2018)

Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] // Память народа 1941-1945 : сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/heroes/podvig-chelovek_nagrazhdenie35976172/ (13.02.2018)

Луцкая, Т. Долбилкин Николай Павлович [Электронный ресурс] / Т. Луцкая // Библиотека им. Оралхана Бокея : сайт. – Режим доступа : http://kitaphana.kz/ru/iskustvo/4300-dolbilkin.html (13.02.2018)