Известные имена

Есімдер

Облицовка потолка панелями. Качественная облицовка потолка. Облицовка потолка гипсокартоном. Натяжные потолки цены. Лучшие натяжные потолки фото и цены. Натяжные потолки цена за метр. Автономное отопление квартиры. Быстрая установка автономного отопления. Автономное отопление цена. Как сделать мотоблок своими руками. Качественный ремонт мотоблоков своими руками. Мотоблок своими руками фото. Нанесение декоративной штукатурки короед. Как наносить короед декоративная штукатурка. Декоративная штукатурка своими руками короед. Укладка паркета цена. Быстрая укладка паркета своими руками. Укладка паркета на стяжку. Кровать своими руками чертежи. Сделать шкаф кровать своими руками. Деревянная кровать своими руками. Опалубка для монолитного перекрытия. Качественная опалубка для монолитного строительства. Купить опалубку для монолитного строительства.

Тұрдығұлов Ж.

Тұрдығұлов Жолаушы – суретші, ұлттық музыкалық аспаптар шебері, Қазақстан мәдениетінің қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі.Тұрдығұлов Жолаушы (1950 ж.) – суретші, ұлттық музыкалық аспаптар шебері, Қазақстан мәдениетінің қайраткері, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан қолөнершілер Одағының мүшесі.

1950 жылы 15 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында (қазір Күршім ауданы) дүниеге келген. 1977 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазір Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі) театрдың суретші-қоюшысы мамандығы бойынша үздік аяқтады. 1992 жылы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университетінің көркем графика факультетін бітірген.

1977-1985 жж. Марқакөл ауданының (қазір Күршім ауданы) халық театрында суретші-қоюшы болды. 1985-1992 жж. Алматы қаласында «Казреставрация» бірлестігінде суретші-реставратор болып жұмыс істеді. 1993 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Педагогикалық университетінің көркем графика факультетінде еңбек етті.

Ж.Тұрдығұлов 2000 домбыра, 100 қобыз және 20 жетіген аспабы, сондай-ақ, басқа да, ұлттық музыкалық аспаптар жасады.

КСРО Мәдениет министрлігі және Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының грамоталарымен марапатталды.

«Үкілі домбыра» (1996) үшінші республикалық конкурстың бас жүлдесінің иегері, «Алтын домбыра» (1996) арнайы жүлдесінің иегері, варганд музыкасының үшінші халықаралық конгресінің лауреаты (1998, Австрия, Мольн), «Алтын қобыз» арнайы жүлдесінің иегері, қылқобыз жасаушы шеберлер арасында өткен «Дана қобыз» республикалық конкурсы бас жүлдесінің иегері (2006), «Әлем жауһарлары» халықаралық ғылыми-шығармашылық фестиваль лауреаты (2009, Түркіменстан, Ашхабат).

 

Ж. Тұрдыгұлов туралы әдебиеттер

Литература о Ж. Турдыгулове

 

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1. - Астана : Фолиант, 2011. – Тұрдығұлов Жолаушы : б. 278.

Ахметжан, Т. Шебер де,әнші де,күйші де-өзі [Мәтін] : [домбыра жасаудың белгілі шебері Ж. Тұрдығұлов туралы] / Т. Ахметжан // Түркістан. - 1998. - 18-24 наурыз.

Тұрдығұлов, Ж. Қолөнер де құпия [Мәтін] : [белгілі қолөнер шебері,"Үкілі дамбыра" байқауының жеңімпазы Жолаушы Тұрдығұловпен сұхбат... / Ж. Тұрдығұлов, сұхб. Б. Төлепберген] // Ана тілі. - 1998. - 9 сәуір. - Б. 15.

Салықбаев, С. Жолаушы [Мәтін] : [марқаның төл тумасы Жолаушы Тұрдығұловтың шығармашылық кеші туралы ] / С. Салықбаев // Дидар. - 2000. – 12 қыркүйек.

Сахариев, Е. Жолаушы Тұрдығұловқа [Мәтін] : өлең / Е. Сахариев // Қазақстан - ZAMAN. - 2007. - 15 қараша (N 46). – Б. 10.

Тасболатова, К. Домбыраның хас шебері [Мәтін] / К. Тасболатова // Түркістан. - 2007. - 23 ақпан.- Б. 12.

Рабилова, З. Ж. Жолаушы [Мәтін] = Zholaushy / З. Ж. Рабилова. - Алматы : Атамұра, 2010. - 256 б.

Рәбілова, З. Сирек кәсіп иесі [Мәтін] / З. Рәбілова // Дарабоз . - 2010. - № 4. - Б. 57-61.

***

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Тұрдығұлов Жолаушы. - Б. 758.

Маципуло, А. У нас пополнение! [Текст] : в областном музее искусств появились уникальные экспонаты / А. Маципуло // Устинка плюс. - 2012. - 15 марта. - С. 10.

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

"Қылқалам" бағдарламасы. Жолаушы Тұрдығұлов [Электрондық ресурс] // youtube.com  : сайт. – Пайдалану орны : https://www.youtube.com/watch?v=Cdo67rLqpTQ (18.05.2020)