Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Өмірзақова Ә. Е.

аминаӘмина Өмірзақова (08.03.1919 - 28.09.2006) Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр әртісі.


1919 жылы 8 наурызда Шығыс Қазақстан   облысы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған Әмина ағасымен бірге бауырларын өсіріп жеткізеді. 30-шы жылдары ашаршылықты бастан кешеді. Ол туралы бір сұхбатында былай деп еске алады: «Әкеміздің орнын жоқтатпаған ағайым тері зауытында жұмыс істеді. Кейін комсомол активисі ретінде Алматыға кәсіподақ жұмысына ауысып, бүкіл отбасын өзімен бірге Алматыға ала кетті. Қалтасына сап әкелген бір уыс дән бізді ашаршылықтан құтқарды». Әмина 15 жасында құрбыларымен бірге Ленинградқа барып, театр институтының актерлік факультетіне оқуға түседі. Курсқа қабылдау жасаған белгілі әртіс Василий Меркурьев тәмпіш танау қызды көріп: «Бұл не балабақша? Тез арада үйіне, анасына қайтарыңдар!» - дейді. Бірақ әзірлеген нөмірін көргеннен кейін Меркурьев иығынан құшақтап: «Бұл қыз актриса болады!» - дейді.

Ленинградта оқыған төрт жылы өміріндегі ең бақытты жылдар еді. Әмина студенттік жылдары «Ленфильмде» киноға түсе бастады. 1938 жылдың күзінде жаңадан құрылған Шымкент облыстық драма театрына бір топ жас әртістер жіберіледі. Әмина Өмірзақова Ф.Шиллердің «Коварство и любовь», Ғ. Мүсіреповтың «Қозы-Көрпеш–Баян Сұлу», К.Гольдонидің «Слуга двух господ» спектакльдерінде басты рөлді ойнайды. Кейін Алматыдағы Қазақ драма театрына шақырылады. Дегенмен, Әмина Өмірзақованың өмір жолы мен тағдыры ауыр болды. Ағасы репрессияға ұшырап, өмірінде қиын кезеңдер басталды.

Соғыс қарсаңында жас актриса театрдан қуылды, таныстары теріс айналды, афишадан есімі жойылды. Соғыс басталды. Алматыға «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудиялары көшіп келді. Сонымен, бірлескен киностудия құрылып, мұнда еліміздегі көркем және деректі кинофильмдердің 80% түсірілді. Әмина Өмірзақова монтаждаушы мамандығын игерді. Түні бойы көз ілмей салқын бөлмеде таспаларды кесу, желімдеумен айналысты. Әмина шеберханада «Абай әндері» фильміне басты рөлге орындаушы іздеп жүрген белгілі режиссер Григорий Рошальдің көзіне түсті. Ол Әминаны киноға түсіп көруге шақырды. Үміткерлер көп болып, Әмина тізімде онүшінші орында болды. «Мен мынандай тәмпіш танаумен, әдемі актрисалар Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Табаловалар тұрғанда өте алмаспын», – деп ойлайтын. Тіпті сценарист Мұхтар Әуезов «Тәмпіш Ажар? Ол бұл рөлге жарамсыз» - дейтін. Сонда Рошаль «Біздің гримшілер кез келген гримді жасай алады. Ал сіздер бұл қыздың көзіне қараңыздар! Онда қаншама мәнер, тереңдік пен әдемілік тұнып тұр» – деп байыппен жауап берген. Сонымен көркемдік кеңес Әминаны басты рөлге тағайындайды. Кейін Әмина былай деп еске алады: «Маған мұрынды арнайы гумус деген заттан жасады. Ал, сөйлеу камера түсірген кезде ғана рұқсат етілді. Басқа уақытта мен үндемей отыратынмын, сондай-ақ, мұрынға сызат түсірмеу үшін күні бойы ас ішпейтінмін». Шындығында да, «Абай әндері» фильмінде ойнаған алғашқы рөлі үлкен табыспен өтті. Енді режиссерлер Әминаны киноға түсуге жиі шақыратын болды. Әминаның тағдырына әйгілі Наталья Ильинична Сацпен кездесуі ерекше әсерін тигізді.

Н.Сац Алматыда тұңғыш Балалар мен жасөспірімдер театрын ашты. Әмина Өмірзақова театрдың жетекші актрисасы болды. Оның осы театрда ойнаған рөлдері халық көңілінен шықты: Уильям Шекспир "Два веронца" спектакліндегі Джулия, «Ыбырай Алтынсарин» спектаклінде Шаули, Расул Гамзатовтың "Тау қызы" спектаклінде Ашур т.б. Әрбір кейіпкері – жаңа бейне, жаңа тағдыр, көрерменнің талантты актрисамен жаңа кездесуі. Александр Карповтың «Ана туралы аңыз» фильмінің түсірілуі ұлттық кино тарихынан ерекше орын алады. Фильмде жалғыз ұлын майданға аттандырған ананың трагедияға толы тағдыры көрсетілген. Бұл фильм ағылшын тіліне аударылып, әлемнің көптеген елдерінде көрсетілді. Сыншылар бұл фильмді ана туралы түсірілген ең үздік фильм деп бағалады және Әмина Өмірзақованың ерекше талантына тәнті болады. Әмина ойнаған кинофильмдер: «Тақиялы періште», "В одном районе", "Бойся, враг, девятого сына", "Шанхай".

Мемлекет Ә.Өмірзақованың Қазақстанның театр және киноөнеріне сіңірген еңбегін жоғары бағалады. 1965 жылы Республикаға еңбек сіңірген әртіс, 1966 жылы – КСРО халық әртісі атағына ие болды. Қазақ ССР-інің К.Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлығы және «Тарлан» сыйлығының иегері. Өмірзақовтар отбасында үш бала дүниеге келді. 38 жасында жесір қалған Әмина тіршіліктің барлық қиындығын жеңіп, екі ұл бір қыз өсіріп, жеткізді. Үлкен ұлы Талас анасының жолын жалғап, актер мамандығын таңдады. Ол режиссер Юрий Карасиктің «Дикая собака Динго или Повесть о первой любви» фильмінде Филька рөлін ойнады.

Талас есейген шағында ВГИК режиссерлік факультетін бітіріп, 1992 жылы «Әмина» фильмін түсірді. Халық әртісі Әмина Өмірзақова халықтың есінде тартымды, ақкөңіл, жайдары қалпымен мәңгі қалды.

 

Ә. Өмірзакова туралы әдебиеттер – Литература о А. Умурзаковой

Кітаптар-книги:

 

Қазақстан[Мәтін] : ұлттық энциклопедия. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2005.- Өмірзақова Әмина Ерғожақызы: б. 250-251.

Қазақ мәдениеті [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы : «Аруна Ltd», 2010. – Өмірзақова Әмина Ерғожақызы : б. 502-503.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Өмірзақова Әмина Ерғожақызы: б. 606.

Сығай, Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Сығай Ә. - Алматы : Жалын, 1998. - 512 б. Қазақтың кино жұлдыздары [Мәтін]. - Алматы : Аруна, 2002. - 10 б.

Құсанбек, Б. Ғұмыр-дария [Мәтін] / Б. Құсанбек. - Алматы : Өлке, 2008. - 160 б

Сығай, Ә. Сахна әлемі [Мәтін]. Т. 2 / бас ред. Т. Ахметжан . - Алматы : Ан Арыс, 2009. - 336 б.

Өмірзақова Әмина [Мәтін] : фотоальбом. - Алматы : Өнер, 2013. - 240 б.

***

Мэтры казахского кино [Текст]. - Алматы : Аруна Ltd, 2002. - 12 с.

Мацкевич, О. Самые светлые ночи [Текст] / Мацкевич О. - Алматы : Жибек жолы, 2003. - 217 с. 

 

Мақалалар –статьи:

 

Қаған, Қ. Әмина [Мәтін] : [Әмина Өмірзақованың 80жасқа толуына байланысты] / Қаған Қ. // Жас алаш. - 1999. - 10наурыз.-.

Мекішев, Б. Әмина апай.... [Мәтін] : [Қазақ киносының актрисасы Ә.Өмірзақова туралы ] / Мекішев Б. // Жас алаш. - 1999. - 13қараша.- Б.3

Өмірзақова, Ә. Адамға өз ортасының құрметіне бөленгеннен артық бақыт жоқ [Мәтін] / Өмірзақова Ә. // Егемен Қазақстан. - 1999. - 19қараша.- Б.5

Рахманова, Н. Жұлдыздар шашуы. [Мәтін] : [Қазақстанның халық әртісі Ә.Өмірзақова 80 жаста] / Рахманова, Н. // Қазақ әдебиеті. - 1999. - 19 қараша.- Б.7,10.

Өмірзақова, Ә. Адамгершілік - бәрінен биік мұрат [Мәтін] / Өмірзақова Ә. // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2002. - 7 наурыз.- Б.2

Өмірзақова, Ә. "Көшпенділерге" шақырылғам жоқ ..."Тақиялы періште"- де хабарласпай кетті [Мәтін] / Өмірзақова Ә. // Жас алаш. - 2003. - 13 қыркүйек.- Б.7

Әбдікәрімов, С. Әмина [Текст] : Артист Әмина Ерғозақызы Өмірзақова туралы / Әбдікәрімов С. // Жұлдыз . - 2004. - № 9. - С. 164-169 б.

Өмірзақов, Т. Анам бүкіл қазақ халқының анасы бола білді [Текст] / Өмірзақов Т. // Жұлдыздар отбасы . - 2008. - № 22. - Б. 11-13

Мұхтарханқызы, З. Әмина [Мәтін] / З. Мұхтарханқызы // Дидар. - 2009. - 29 сәуір.- Б.6.

Әбілғазинова, Г. Т. 8 наурыз - Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың туғанына 90 жыл (1919-2006) [Мәтін] / Г. Т. Әбілғазинова // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2009. - N 3.- Б.10.

Исламбаева, З. Аты аңызға айналған актриса [Мәтін] / З. Исламбаева // Керуен. - 2009. - №4.- Б.171-179

Төлеуғалиұлы, С. Сахнаның сайыпқыраны, экранның алыбы, таңғажайып өнер иесі еді [Мәтін] / С. Төлеуғалиұлы // Дидар. - 2009. - 9 шілде.- Б.5.

Төкенұлы, Серік. Өнер әлеміндегі Әмина Семейдің қызы [Мәтін] / С. Төкенұлы // Семей таңы. - 2009. - 30 сәуір.- Б.9.

Қуанышева, Ж. Әмина апайдан шыдамды болуды үйрендім [Текст] / Ұ. Қолдауова. Сөмкесінде кәмпит, мейізі толып жүретін [Текст] / Ұ Қолдауова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - С. 37 б.

Төлегенова, Б. Өзі де, мінезі де сондай сүйкімді болатын [Текст] / Б Төлегенова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - Б. 23 .

Құланбаев, М. Тәлпіш мұрын жеңешем [Текст] / М. Құланбаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 18-20

Қажығалиева, К. Жер бетінде Әмина апайға жететін адам жоқ [Текст] / К Қажығалиева. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 36-38.

Әбілдина, Ғ. Әмина апайда арман жоқ [Текст] / Әбілдина Ғ. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б 31.

Әбдікәрімов, С. Әмина апамыздың өмірі ерлік істерге толы [Текст] / С Әбдікәрімов. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 5-9..

Әбдінәлиева, Ғ. Өмірден балаша қуанып жүретін қалпында өтті [Текст] / Ғ. Әбдінәлиева. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 47.

Әшімов, А. Әмина мен Шәкен мәңгілікке қоштасыпты [Текст] / А. Әшімов. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 25

Әшірбекова, Р. Әмина апайдың күлкісін ешкім сала алмайды [Текст] / Р. Әшірбекова // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 32.

Балғабаев ,С. Театрдағы жетістіктері киноға алып келді [Текст] / С. Балғабаев. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 40.

Чатаева, А. Көріпкел кемпір туралы фильмімде ойнағысы келетін [Текст] / Чатаева А. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б 28-29.

Дусматова, Г. Қарапайым халықтың ортасынан шыққан адам [Текст] / Г. Дусматова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 41.

Райымбеков, Ә. Қиналған кездерімде Әмина апай есіме түседі [Текст] / Ә. Райымбеков // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 21-22.

Кәденова, Л. Әңгімесін "Я тебя люблюдан" бастайтын [Текст] / Л Кәденова. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 34-35..

Кенжетаев, К. Ананың рөлін шебер сомдаған бірден бір тұлға [Текст] / К. Кенжетаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 11.

Мышбаева, Н. Ауырған екі аяғын кестіріп тастаған еді... [Текст] / Н. Мышбаева // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 40.

Теменов, Т. Жанашырым әрі ұстазым еді... [Текст] / Теменов Т. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 48.

Жәкібаев, Қ. Әмина апайды ешкім қайталай алмайды [Текст] / Қ. Жәкібаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 15

Жолжақсынов, Д. Әмина апайдың театрдағы баласы болдым [Текст] / Д. Жолжақсынов // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 24-25.

Жармұхамедов, С. "Қазақты құртып жүрген - сен" деп ұрысқан еді... [Текст] / С. Жармұхамедов // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 45..

Исламбаева, З. Кейіпкердің болмысын ашуда шынайылық пен табиғилықты көздеді [Текст] / Исламбаева, З. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 42-43.

Иса, И. Театрдағы рөлдері лайықты бағаланбады [Текст] / И Иса. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б.. 41.

Исабеков, Д. Қазақ киносында Әминадай бағы ашылған актриса жоқ [Текст] / Д. Исабеков // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 26.

Ықтымбаев, Н. Күлген кезде көмейінен жүрегі көрінетін [Текст] / Н Ықтымбаев. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - Б. 46.

Шәріп, Б. Жарқыраған көздеріне қарап қателесу мүмкін емес болатын [Текст] / Шәріп Б. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 35.

Шәріпова З. Қазір Әмина апайдай талант жоқ [Текст] / З. Шәріпова  // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 17.

Аманшаев Е. Адамгершілік иманға негізделген қазақы мінезді дәріптеп өтті [Текст] / Е. Аманшаев // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 30-31.

Сіргебаева Ш. Пұшық дегенде шамданып едім [Текст] / Сіргебаева Ш. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. - Б. 48.

Сығай Ә. Мақпал Жүнісованың күлкісі Әмина апайдың жастық шағын елестетеді [Текст] / Сығай Ә. // Аңыз адам . - 2012. - № 5. – Б. 44..

Қазақ киносының Анасы! [Мәтін] // Өскемен. - 2013. - 21 ақпан.- Б.9.

Есенов Нұрлан Көзінен мейірім төгілген [Мәтін] : Әмина Өмірзақова сомдаған аналар галереясы / Есенов Нұрлан // Түркістан . - 2015.- 14 мамыр (№ 19). – Б. 11ю

Рахымбекқызы, Тоғжан. Қарауылдың ерке қызына туған елі ерекше ілтипат көрсетті. [Мәтін] : [Қарауылда кино өнерінің майталманы Ә. Өмірзақоваға ескерткіш ашылды. ] / Т. Рахымбекқызы // Дидар. - 2016. - 3 қыркүйек.- Б.19.

"Тақиялы періштенің" анасына ескерткіш қойылды. [мәтін] // Семей таңы. - 2016. - 2 қыркүйек.- Б.1

 Омаш, Ақмарал. Қазақ киносының анасы [Мәтін] : [Актриса Ә. Өмірзақованың мүсіні туған жер төрінде.] / А. Омаш // Ертіс өңірі . - 2016. - 24 тамыз.- Б.8.

Юнеско көлемінде тойланады [Мәтін] : [Кино және театр өнерінің саңлағы Ә. Өмірзақованың ғасырлық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады] // Ертіс өңірі. - 2018. - 28 қараша.- Б.15.

Аққайыр, Ж. Әлемі әдемі Әмина [Мәтін] : Әмина Өмірзақова -қазақ киносының тұңғыш қарлығаштарының бірі. Актрисаның биыл ғасыр тойы. Атаулы жыл ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Роза Әшірбекованың сұхбаты / Ж. Аққайыр // Айқын. - 2019. - 4 қаңтар.- Б.1,7

 ***

Умурзакова А. Великая правда жизни: ["Материнское поле" на сцене Каз.акад.театра драмы] // Казахст. правда.- 1966.- 13 февр

Мацкевич Э. Так велит сердце: [О творчестве нар.арт.Каз.ССР А.Умурзаковой] // Казахст. правда.- 1983.- 24 авг

Умурзакова А. Кино - моя профессия: [Нар.арт.Каз.ССР рассказывает о своем творчестве в кино / Записал В.Кувшинников] // Новый фильм.- 1989.- N 3.- С.5

Умурзакова А. В ее глазах душа казахского народа: [Беседа с изв. каз. актрисой о творчестве / Беседу вела Л. Сералина] // Культура.- 1992.- N 5.- 1-15 марта. - С. 8

Умурзакова А. Все зависит от характера: [Интервью с изв. актрисой о ее творчестве / Записала Г.Шимырбаева] // Казахст. правда.- 1996.- 23 окт.

Амина Умурзакова - фрагменты прошлого: [Нар. арт., лауреат Гос. премии респ. о творчестве, о себе и о времени / Записала Л.Енисеева] // Аргументы и факты. Казахстан.- 1998.-N 29.-Июль.-С.4

Бычук Н. Вчера, сегодня и всегда- Амина Умурзакова: 60 лет актриса театра и кино самозабвенно служит искусству // Казахст. правда.- 1999.- 20 нояб.

Умурзакова А. Мечтаю сняться в казахской "мыльной опере": [80 лет - изв. актрисе, арт. каз. ТЮЗа А.Умурзаковой. Интервью / Записала Г.Шимырбаева] // Казахст. правда.- 1999.- 6 марта

Умурзакова А. "Ак жол"- светлого Вам пути": [Нар. арт. РК о себе / Записала И.Зотова] // Веч. Алматы.- 2000.- 30 сент.

Умурзакова А. Вечно юная душа: Беседа Умурзакова А. Не родись красивой, а родись курносой: Беседа с нар. арт. респ., легендой каз. кино о ее творчестве / Записала Г.Шимырбаева // Казахст. правда.- 2002.- 8 марта.- С.8

Умурзакова А. Жаль, что не сыграла стерву: [Беседа с изв. киноактрисой о творчестве, жизни / Беседовала Г.Танкаева] // Время.- 2002.- 17 янв.- С.10

Умурзакова А. "Мать - моя самая главная роль": Беседа с изв. актрисой, нар. арт. РК / Записала С.Назарова // Рандеву.- 2003.- N 1.- С.62-71

Умурзакова А. Просто легенда - Амина Умурзакова: Беседа с изв. актрисой о себе, работе / Беседовал С.Юлдашев // Труд.- 2004.- 11 марта.- С.14  

Умурзакова А.Е. "Меня с первой буквы - "Аз" ...: Беседа с народной артисткой СССР / Беседу вел Н.Смаилов // Столич. жизнь.- 2005. - 3 марта (N 9). - С. 21

Умурзакова А.Е. Меркурьев вытер мне слезы: Интервью с нар. арт. РК / Интервью вел Н.Смаилов // Литер.- 2005. - 20 янв. - С. 5

Умурзакова А.Е. Самая главная роль: Интервью с Нар. актрисой КазССР театра и кино / Интервью вела О.Бондаренко // Веч. Алматы.- 2005. - 10 сент. - С. 8

Галкина Г."А ты пострадай, пострадай!": 87 лет Нар. арт. РК А. Ергожаевне Умурзаковой // Новое поколение.- 2006. - 3 марта (N 9). - С. 12

Нурсеитова Т. Кто любит дорогу, тот находит клад: О нар. арт. РК А.Умурзаковой // На страже.- 2006. - 9 марта (N 10). - С. 9

Умурзакова Амина Еркожаевна [Текст]: Нар. арт. РК. Некролог // Казахст. правда.- 2006. - 28 сент. - С.11

Шимырбаева Г. Просто - Амина Умурзакова [Текст] / Г. Шимырбаева // Казахстанская правда. - 2009. - 11 марта. - С. 7.

 

 Интернет сілтемелер – Интернет ссылки 

 

 Умурзакова Амина Ергожаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс: сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/ (04.12.2018)

Умурзакова Амина Ергожаевна [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс: сайт. – Режим доступа :https://brod.kz/persons/amina_umurzakova/ (04.12.2018)

Умурзакова Амина Ергожаевна [Электронный ресурс] : [фильмы] // Официальный интернет-ресурс: сайт. – Режим доступа:https://www.kinopoisk.ru/name/303899/ (04.12.2018)