Известные имена

Есімдер

Ремонт ноутбука своими руками. Быстрый и гарантийный ремонт ноутбуков. Срочный ремонт ноутбуков. Ремонт компьютеров на дому. Быстрый ремонт компьютеров своими руками. Настройка и ремонт компьютеров. Java уроки для начинающих. Лучшие java уроки. Учим язык Java с нуля. Обзор смартфонов samsung. Качественный обзор смартфонов samsung galaxy. Обзор смартфона samsung galaxy s4. Фото картинки приколы. Самые новые картинки приколы. Лучшие приколы картинки. Скачать аддоны для wow. Самые новые аддоны для wow скачать. Скачать аддоны для wow быстро и без реги. Видео уроки python. Лучшие python уроки. Учим язык python с нуля. Скачать шаблоны для Joomla. Самые новые joomla шаблоны. Бесплатные шаблоны для Joomla.

Абишев О.

Абишев Ораз

Әбішев Ораз (1916-2013) - қазақтың деректі киносының негізін қалаушы, кинорежиссер, Қазақ ССР Халық әртісі

1916 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысыАбай ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.

1938 ж. Алматы қазақ музыкалық театрының (қазіргі Абай атындағы Қазақ опера және балет театры) жанындағы студияны бітірген. 1938-39 жылдарда театр құрамында әнші, 1939 жылдан бастап деректі кино түсірумен айналысқан. «Дина Нұрпейісова» (1947), «Шалғай жайылымдарда» (1950), «Абай» (1953), «Біздің қалада»(1956) т.б. фильмдер түсірген.

Өмірін кино өнерінің дүниеге келу және даму тарихымен байланыстырған Ораз Әбішев 70-ке жуық деректі фильм мен 300-ден астам киножурнал шығарған. 1936 жылы ол «Ер Тарғында»Сыпыра жырауды, «Айман-Шолпан» операсында Өзбектің, «Қыз Жібек» операсында Сансызбайдың рөлдерін сомдаған.

Ораз Әбішевтің бір топ деректі фильмдері еңбек адамдарына арналған. Ыбырай Жақаев, Дина Нұрпейісова,  Талғат Бигелдинов, Тәттімбет, Құрманғазы, Мұқан Төлебаев және т.б. тұлғалардан тұтас галерея жасаған.

«Арман аралы», «Кеншілер әулеті», «Мұқан Төлебаев», «Желден жүйрік» деректі фильмдері үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1974) алған. «Экран шебері» атағын алған. Қазақ КСР-нің Еңбегі сіңген өнер қайраткері құрметті атағы (1960) берілді. 1957 жылдан КСРО Кинемотографистер Одағының мүшесі.

О. Әбішев екі мәрте «Құрмет белгісі» (1959), «Еңбек Қызыл Ту» (1986), КСРО-ның «Қазан төңкерісі» Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан»(2005) ордендерімен, көптеген медальдармен, Құрмет грамоталармен марапатталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1979). Қазақстанның Халық әртісі (1966), Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960), Қазақстанның Мәдениет Қайраткері, Қазақстанның Мәдениет саласының үздігі. Елбасының мәдениет саласындағы Мемлекеттік және Президенттік степендияларының иегері. Алматы қаласындағы бұрынғы Бейбітшілік көшесіне О. Әбішев аты берілді.

2013 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Әбішев Ораз туралы әдебиет

Литература о О. Абишеве

Ораз Әбішев [Мәтін] : қазанама. // Егемен Қазақстан. – 0. – 2013.- 15 наурыз.- Б. 7.
Шығыс Қазақстан облысы Энциклопедия./Бас ред. Б.Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2014.- 848 б.: Әбішев О. Б.210.