Известные имена

Есімдер

Новая немецкая медицина. Советы от немецкая медицина. Клиника немецкой семейной медицины. Почему в израиле хорошая медицина. Главные новости медицины израиля. Медицина в израиле отзывы. Аденома простаты лечение. Быстрое народное лечение аденомы простаты. Аденома простаты и простатит. Легкий способ перестать курить. Как перестать курить уже сегодня. Как перестать хотеть курить. Уход за кожей лица. Качественный уход за кожей летом. Домашний уход за кожей. Боли на ранних сроках беременности. Быстрое лечение на ранних сроках беременности. Ощущения на ранних сроках беременности. Воспаленные гланды лечение. Чем лечить воспаленные гланды дома. Воспаленные гланды симптомы. Прыщи на лице как избавиться. Как навсегда избавиться от прыщей с лица. Прыщи на подбородке как избавиться.

Толғанбаев Ә.

Толғанбаев Ә. Әйтікеш Толғанбаев (1924-1995 жж.)

Әйтікеш Толғанбаев 1924 жылы Семей облысы Шыңғыстау ауданы Қарауыл селосында дүниеге келген. Арғы тегі Ырғызбайдан тарайды. Өскенбай, Мырзатай, Өсер, Жортар бірге туысады. Өскенбайдан – Құнанбай, одан – Абай, ал Мырзатайдан Жұман-Толғанбай- Әйтікеш туады. Әйтікеш жас күнінен музыкаға әуес болып өседі. Анасы Бибісара Өтелбаева Жігітек руының қызы - өте тамаша даусы бар әнші болған екен. Әсіресе, Абай әндерін нақышына келтіре орындайтын. Немере ағасы Шәкәрім тауда жалғыз тұрғанмен Әйтікештің әкесіне жиі келіп әңгіме-дүкен құрып қайтады екен.
Әйтікештің бауырлары шетінен музыкалық аспаптарда шебер ойнаған. Алғаш ауылға радио торабын тарқанда бала Әйтікештің қуанышында шек болған жоқ. Радиодан берілетін Совет скрипка мектебінің шебері М.Полякиннің концертін есі кете тыңдайтын. Он жасында басқа аспаптарды еркін меңгерген Әйтікешке скрипканың сиқырлы үні ерекше әсер етті. Сөйтіп, скрипкашы болуға бел шешеді. Бірақ алдымен скрипка аспабын тауып алу керек еді. Шалғайдағы ауылда ол қайдан болсын!

Көп ұзамай бала арманы орындалды. Ағасы Балтақай Семей дүкенінен жалғыз ғана скрипканы көріп, 91 рубльге сатып алады. 1936 жылы Семейде көркемөнерпаздар байқауының олимпиадасы өткізіледі. Оған облыстағы барлық балалар ұжымдары қатысады. Жюри құрамында қазақ өнерінің майталмандары композитор Л. Хамиди, жазушы І. Жансүгіров, т.б. болған-ды. Осы олимпиада жас өнерпаздың болашағын айқындап бергендей болды. Нотаның не екенін білмейтін, табиғи дарын иесі Әйтікеш бірінші орынды жеңіп алады. Әйтікештің суретімен қоса, І.Жансүгіровтың ақ жол тілеген мақаласы облыстық газетте жарияланды.

Л. Хамиди баланың астанадағы арнайы музыкалық мектепте білім алуы керектігін айтып, оны А. Жұбановқа жібереді.
1936 ж. Алматыдағы музыкалық –драмалық техникумға оқуға түседі. Музыкалық ортаға тап болған Әйтікеш өзіне көптеген жаңалықтар ашып музыка, скрипка әлеміне бойлай түседі. 1941 жылы училищенің есеп беру концертінде жеке № 22 Виотти-ді орындайды. Ұстазы И.А. Лесман шәкіртінің әлемдік атқа ие болатынына сенімді еді...
Өмірдің есігін енді ашып, өнерін ұштап, білімін жетілдіріп, музыка әлемінің көгінен көрініп, халқыма танылам деп жүрген жас жігіттің арманын сұм соғыс тас-талқан етті.

Ел қатарлы Ә.Толғанбаев елін жаудан қорғау үшінқан майданға аттанады. Моздок түбінде жараланып, жау қоршауында қалып, тұтқынға түседі...
Бақытына қарай немістер оның музыкант екенін біліп, офицерлердің көңілін көтеріп, музыкада ойнап беруді шақырады. Лагердің коменданты үлкен талант иесіне бас иіп, оның тірі қалуына жағдай жасап, Германияға жібереді. Скрипка өнерін ежелден қадірлей білген немістер Бах-тың, Моцарттың, Гайднның, Бетховеннің шығармаларын тыңдап оның орындаушылық шеберлігіне таң қалып, тәнті болысады. Майдан далаларында кескілескен ұрыс жүріп жатқанда, ол жау қолында тұтқын бола жүріп, жауын өнер құдіретіне табындырып, скрипканың қасиетті үнімен елінің тұтастығы мен бірлігін, өз ұлтын, халқын, туған жерін шексіз сүюдің қандай болатынын қазақтың халық әні арқылы жеткізіп, дұшпанның мысын басады.

Иә, туа біткен талант иесі, қазақтың скрипка өнерінің негізін салушы, тұңғыш кәсіпқой музыкант Ә. Толғанбаев тағдыр тәлкегімен Батыс Европаны аралып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізеді. 1946 жылы еліне оралып, өнер жолында халқына еңбек етпекші болған өнерпазға “Отанын сатқан ” деген айып тағылып, 1947 жылы 25 жылға Магаданға айдалады. Жазықсыз жаламен жапа шегіп, тағдыр тәлкегін басынан өткерді. Тірлігінде тозақ отына күйіп, көрмегенді көрсе де, ар-намыс үшін күресе білді. Адамшылық, кісілік қасиеттердің қандай болу керектігін танытты. Оның өмір жолы –ерлік пен қайсарлықтың, , адалдық пен азаматтықтың, өмірге құштарлықтың үлгісі.

Ұлы Отан соғысының ардагері, бұрынғы әскери тұтқын, бұрынғы ГУЛАГ тұтқыны, Қазақстан Республикасы кәсіпқой скрипка мектебінің негізін салушы, Алматы мемлекеттік конверваториясының бұрынғы доценті Ә. Толғанбаевтың өмір жолы осындай. “Жақсының аты өлмейді” деп халқымыз айтқандай, туған елі, кіндік қаны тамған Шыңғыстау өңірі, Абай елі туған азаматын қастерлеп, өз аманатымен әке-шешесінің қасына жерлеп, мазар тұрғызған екен. Абай ауданының орталығында ұйымдастырылған “Ғасыр адамдары” атты ескерткішке мүсінін салып, аты-жөні жазылған.

Шығармалары:

Толғанбаев А. Қатал тағдыр тәлкегі / Орысшадан аударған М.Балтақайұлы; Әдеби жазып өңдегендер:И.М.Савина, С.А.Толғанбаева.- Алматы: Ана тілі, 2001.- 133
Толғанбаев А. Қатал тағдыр тәлкегі [Мәтін] / А.Толғанбаев// Ертіс өңірі.- 2007. - 9 мамыр. - Б. 14; 16 мамыр. - Б. 14; 23 мамыр. - Б.14; 30 мамыр. - Б.14; 6 маусым.- Б.14; 13 маусым.- Б.14.

Ол туралы:

Адырбекұлы К. Айткеш [Мәтін] / К. Адырбекұлы//Түркістан һttp://www.turkestan.kz.- 2007. - 6 қыркүйек. - Б. 6.
Асылжан П. Шыңғыстаудың бір ардағы// Семей таңы.- 2004. - 22 қазан. - Б. 15
Жәкеева Г.С. Бағалы ердің бағасына жетейік// Ертіс өңірі.- 2003. - 14 ақпан. - Б. 28
Сәрсенбай Қ. Қазақтың Паганині:[Скрипкашы Әйткеш Толғанбаев хақындағы толғаныс]// Егемен Қазақстан.- 1994.-20тамыз
1937-2007 тауқымет пен тағзым [Мәтін].- Алматы: РИИЦ-Азия, 2007.- 296 б.: суретті